ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 18-тарау Үздіксіз революция Индустриялық революция энергияны айырбастау мен тауарлар шығарудың тың мүмкіндіктерін ашып, адамдардың қоршаған ортаға тәуелділігін азайтты. Адамдар орманды шауып, батпақты құрғатып, өзендерді бөгетпен байлап, жазық жерлерге су шығарып, ондаған мың шақырым рельс тесел, зәулім ғимараттардан мегаполистер салды. Күллі дүние Homo sapiens мұқтажына бейімделді де, көптеген түрдің үйреншікті мекендеу орны жойылып, жануарлар мен өсімдіктердің бір- талайы жойылып кетті. Бір кездері көкпеңбек әрі жап-жасыл болған ғаламшарымыз енді сұрғылт бетон мен өңсіз пластиктен түрғызған сауда кешеніне айналып барады. Бүгінде жер бетін 7 миллиардқа жуық sapiens мекендейді. Олар- дың бәрін бір жерге жиып алып таразыға тартса, жиынтық салмағы 300 миллион тоннадан асып кетеді. Ал тап сол таразыға бүкіл үй жа- нуарларын - сиыр, шошқа, қой мен ешкі, сондай-ақ құстарды салса, олардыңсалмағы шамамен 700 миллион тоннаға жетер еді. Тірі қалған барлық жабайы аңның - жайра мен пингвиннен бастап піл мен китке дейінгі жануарлардың жалпы салмағы да 100 миллион тоннадан кем емес. Балалар кітабының суреттерінде жене теледидардағы жарна- малық түсірілімдерде жираф, қасқыр жене шимпанзелер жиі көрінеді, бірақ мына дүниеде олар өте аз. Қазір 1,5 миллиард сиырға - 80 мың жирафтан, 400 миллион итке - 200 мыц қасқырдан, ал миллиардтаған адам баласына шаққанда 250 мың шимпанзеден келеді. Адамзат шы- нында да ғаламшарды билеп-төстеп алды1. Экологиялық құлдырау табиғи ресурстардың азаю қаупінен түбе- гейлі ерекшеленеді. Өткен тарауда адамға қолжетімді ресурстардың