Мазмұны
Кіріспе 3-6
I тарау. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы өтетін тауарлар
мен көлік құралдардың мәртебесін анықтаудағы құқықтық реттеу .....7
1. 1. Негізгі сыртқы сауда операцияларында тауарлар мен көлік құралдарын
өткізуді құқықтық реттеу .....7
1.2. Кеден органдарының кеден ісіндегі заңды тұлғалар мен жеке
түлғалардың мүддесіне байланысты белгілі қызмет көрсету тәртібі.......24
1.3. Өзге елдерде өңделуіне байланысты шекара арқылы тасымалданатын
тауарларға қатысты құқықтық реттеу ...34
1.4. Сыртқы экономикалық операцияларды тоқтатқанда колданылатын
кедендік реттеудің үйымдастырылу тәртібі ..41
II. тарау. ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу процесіндегі кедендік рәсімдеу мен бақылау міндеттері....................52
2. 1. Кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізудегі
кедендік рәсімдеу мен бақылауды тағайындау ережелері........................52
2. 2. Кеден шекарасы аркылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудегі
кедендік рәсімдеу мен бақылауды ұйымдастыру тәртібі…....................57
ІІІ тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізудің құқықтық механизмі және оның ережелері 63
3.1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан тауарлар мен көлік
құралдарын өткізудің жалпы жағдайы және оның негізгі
қағидалары 63
3.2.Тауарлар мен көлік кұралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына өткізу кезінде алдын ала операцияларды ұйымдастыру
тәртібі .74
Қорытынды ..86
Пайдаланған әдебиеттер ..89
КІРІСПЕ
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа қүкықтықи инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келді. Қазақстан өзінің 2030 стратегиясын әлем қауымдастығында өз орнын алу мақсатында мемлекеттің күшті және әлсіз жақтарын сонымен қатар проблемаларын жасырмастан ашық жария етті. Оларды шешу үшін үзақ мерзімді басымдықтар анықталған, оның ішінде гүлденіп даму, кауіпсіздік және Қазақстан Республикасы Президентінің жолдамасында айтылғандай, барша қоғамның жағдайын жақсарту да бар, ал демократиялық бастамалар мемлекет мақсатына сай позитивті түрде даму жолында. Жаңа нарықтық қоғамда Қазақстан экономикасы ашык, ал мемлекеттік шекара «мөлдір» болды. Яғни, басқа елдермен арада ешқандай тосқауыл болған жоқ еді. Қазақстан өзге елдермен - 12760 шақырым, Қытаймен - 1560 шақырым жері шекаралас. Бүрын бүл экономикалык қауіпсіздікті сақтауда үлкен келелі мәселенің бірі болды. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және шекарада бақылауды күшейту мақсатында 1991 жылы 12 желтоқсанда Елбасы «Қазақстанда кеден органын кайта құру туралы» бүйрыққа қол қойды. Қазақстан тәуелсіздік алуына байланысты бүрынғы Кеңестік басқару тізгінінен босады. Енді ол өз саясатын жаңаша жаңғырту керек еді. Он бес одақтас елдерден бөліну деген сөз олармен байланысты үзу керек дегенді білдірмейді. Тек солардың ішінен өзіміздің ішкі экономикалык ахуалымзға тиімді байланысты таңдау тұр. Президентіміздің «Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды үйымдастыру туралы» Жарлыгыпда және Қазақстан Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Шекарасында кедендік бақылауды күшейту туралы» қаулысына сәйкес өз алдына төмендегідей міндеттерді койды:
- кедсн кызметі алдында түрган тапсырмаларды шешуге қабілетті кеден құрылымдарын құру;
экономикалык негізді қалыптастыра отырып, Қазакстан Республикасы
қауіпсіздігі мен халқының мүддесін қорғау;
мемлекеттік бюджетті әртүрлі салықтар мен алымдар жинау аркылы
толықтыру;
тауарлар мен көлік қүралдарын Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізуде кедендік бақылауды жүзеге асыру;
кедендік банктік-валюталық бақылауға қатысу;
Қазакстан Республикасы сыртқы саудасының статистикалык санағын қалыптастыру;
- кеден кызметін камтамасыз ететін қүкықтық база күру.
Соңғы бес жыл ішінде кеден заңдылығына өзгерістер енгізуге мүмкіндік туды. Соның ішінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1-мамырда кабылданған Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі және «Кедендік тариф туралы» Заңының кеден ісінде маңызы зор. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік қүралдарын өткізу, әкелу мен әкету қүқығын бекіту келесі басты кағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау; кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдарына билік ету; шартты түрде шығарылған тауарлар мсн көлік күралдарын пайдалану жоне баскару. Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлар және транспорттық кұралдарын откһудіц негізгі кагидаларын қарастыру ксрек; Сонымен қаіар тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен уақытының практикалык маңызы зор, мүнда өткізу орны кеден органымен белгіленеді, ал уакыты олардың жұмыс уакытымсн анықталады.Ал баска жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасы 2003 ж. 1 мамырда қабылданған Кеден Кодексінің 8-бабы әрбір тұлғаға тауарлар мен көлік құралдарын еркін кіргізуге және шығаруға бірдей қүқық береді. Егер заңда тікелей көрсетілмесе,ешкімді де Қазақстан Республикасы аймағына тауарлары мен көлік құралдарын еркін кіргізу немесе шығару құқығының айыруға немесе оны шектеуге болмайды .
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты тауарлар мен көлік құралдарды Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізүдің қүқықтық реттелуі мен оның механизмін неғүрлым жан-жақты және толык түрде зерттеу болып табылады. Бүл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау кажет.
Біріншіден, тауарлар мен көлік қүралдардың кеден шекарасы арқылы өткізудің жалпы жағдайы мен негізгі қағидаларын анықтап және кедендік аумағына өткізу кезінде алдын ала операциялардың үйымдастыру тәртібін баяндау. Екіншіден, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік қүралдардың мәртебесін анықтаудағы қүқықтық реттелу мәселесін талдау және оның қолданылуын зерттеу.
Үшіншіден, ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік қүралдар өткізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумен мен бақылаудың міндеттілігін аныктау.
Жұмыста қойылған мақсаттар мен міндеттер диплом жүмысының күрылымын ішыктайды. О.І кіріспеден, скі болімнен жеті тараудан жоне корытындыдан гүрады. Кіріспеде жүмыстың өзектілігі негізделіп. мақсаты және міндеттері днықталып, бөлімнің кысқаша мазмүнына сипаттама берілген. Бірінші тарауда Тауарлар мен көлік құралдарын Қазахстан Республикасы кеден пекарасы аркылы өткізүдің қүқықтык механизмі және оныц қағидалары толықтай баяндалған .
Екінші тарауда Қазахстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік күралдардың мәртебесін анықтаудағы кұқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Үшінші тарауда ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік қүралдар өткізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумен мен бақылаудың міндеттілігі
көрсетілген.
Баяндау және талдау әдістерін қолдана келе Қазақстан ғалымдардың енбектерінің теориялық пікірлерін салыстыра отырып ҚР Конституциясы Кеден кодексі және т.б. заңдар дипломдық жұмысымның методологиялық негізі болып табылады.
I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН АНЫҚТАУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1. 1. Негізгі сыртқы сауда операцияларында тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді құқықтық реттеу.
Кеден заңнамасының нормаларын қомақты бөлшегінің қолданылуы тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекарасы арқылы өтуіне , яғни кедендік реттеу шеңберінде жасалатынг маңызды заңды әрекеттермен байланысты. Олардың қозғалыс процессі кеден режимдері деп аталатын бекітілген ережелерге сәйкес жүруі мүмкін.
Кеден режимі Қазақстан Республикасы КК 15-тарауға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы кедендік мақсаттар үшін өтетін тауарлар мен көлік құралдарының мәртебесін айқындайтын ережелердің жиынтығынан тұрады. Бұл ережелер тауарларды рәсімдеу , кеден төлемдерін алу және жеңілдіктер ұсыну, жек және заңды тұлғалардың олардың игілігіндегі Қазақстан Республикасы аумағына транзитпен әкелінген және одан тыс жерлерге шығарылған тауарлар мен көлік құүралдары жөніндегі құқтарының шектерін анықтау ретінде , өзге де бірқатар мәселелерге қатысты болады. Қазақстан Республикасында қолданыста 17 кедендік режим бар : оның 15-і Қазақстан Республикасының КК бекітілген , ал екеуі Қазақстан Республикасы КК Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы МКК жаңа кеден режимдерін құруға құқық беретін 116 бабы бойынша қабылданған.
Қазақстан Республикасы КК реттелетін кеден режимдерінің тізімі 23 бапта көрсетілген . Оларға: еркін айналысқа әкету, реимпорт, транзит, кеден қоймасы, бажсыз сатылым дүкені , кеден аумағында өңдеу , кеден бақылауына алып өңдеу, уақытша әкелу, әкету, еркін кеден белдеуі , еғнркін қойма, кеден аумағынан тыс жерде өңдеу, экспорт, реэкспорт, тауарларды жойып жіберу, мемлекет пайдасы үшін бас тарту.
Қазақстан Республикасы КК басқа кеден режимдерін реттеумен байланысты мәселелер қосымша, соның ішінде ведмостволық актілермен реттеледі . Қазақстан Республикасының КК неғұрлым жалпы және қағыдалы ережелерді айқындайтын. Нақты режимдерді қолданудың толық негізінен Қазақөстанның МКК нормативтік актілерінде сақталады, олар Қазақстан Республикасы КК және оның қосымшасы негіңзінде әзірленеді. Тауарларды реимпорттау , мемлекет пайдасы үшін бас тарту, бажсыз сауда дүкені, тауарларды жою, кеден қоймалары кеден режимдер реттейтін ережелер бекітілді және қолданысқа енген. Қалған режимдерге қатысты мәселелер Қазақстан Республикасы МКК жеке бұйрықтарымен, нұсқаулары мен және түсіндірулерімен реттелген, сондықтан оларды қолдануда белгілі қиындықтар пайда болып отыр.
Қолданыстағы кедендік режимдерді белгілеріне қарай жіктеуге болады:
Бірінші топқа қазақстандық ұйымдардың тауарларды өзге елдерге сатуымен және қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктері үшін тауарларды сатып алуға байланысты сыртқы сауда операцияларының негізгі көлемін орындаған кезде қолданатын режимдерді жатқызуға болады. Олар: тауарларды еркін айналысқа әкету, реимпорт, экспорт, реэкспорт, экспорт, реэкспорт, уақытша әкелу. Бұл топта еркін экономикалық белдеу және еркін қойма режимдері ерекше орын алады.
Екінші топ тауарларды шекара арқылы өткізген уақытта кеден органдарына сәйкесті ұйымдардың мүддесіне орай жасалатын нақты операцияларын , белгілі қызмет көрсетулерін сүйемелдейтін кедендік режимдер жатады . Олар: кеден қоймасы, бажсыз сатылым дүкені.
Үшінші топ өзге елдерде өңделуіне байланысты шекара арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік режимдерді біріктіреді. Оғанкеден аумағында өңдеу , кеден бақылауына алып өңдеу, кеден аумағынан тыс жерде өңдеу режимдері кіреді.
Төртінші топты шетелдерде орналасқан қазақстандық ұйымдарды қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді , сонымен қатар ТМД мемлекеттеріне қазақстанның мүддесі үшін жүргізілетін ғылыми өндірістік және өзге де қызметке арналған тауарларды жеткізуді көздейтін режимді құрайды. Олар: шетелдерде орналасқан Қазақстан Республикасы өкілдері үшін тауарларды және жекелеген тауарларды мемлекеттерге – бұрынғы КСРО республикаларына әкету.
КК өңдеу режимдерін регламенттейтін ережелері қазіргі заңнама новеллаларының бірі болып табылса керек. Олардан кеден жүйесі туралы бұрынғы көзқарастар орнына кедендік құқтың мазмұнын ашатын жаңа бап, жаңа тұрғы анық байқалады . Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тыс жерлерге әкету шартымен әкелінгені үшін кеден төлемдері мен салықтары сомаларынқайтару арқылы өңдеу үшін пайдаланады. Бұл кедендік режим өңдеудің белсенді типіне жатады , ол шетелдік тауарларды ұлттық кедендік аумаққа оларды өңдеу мақсатында уақытша жіберуді көздейді.
Тауарларды кеден органына өңдеу режимі шетел тауарлар төленген кеден баждары мен салықтар сомаларын көрсетілген режим аяқталысымен және өңдеу өнімдерін экспорт режиміне сәйкес шығарған бройда қайтаруды көздейді. Одан басқа, кеден аумағында өңдеу режимін регламенттеу режим бенефициарына шетел тауарларын немесе олардың өңделген өнімдерін қайта әкету міндетін тікелей жүктемейді . Сонымен салық жеңілдіктерін алу мүмкіндігі режим регламентінің сақталу және қайта әкету кепілдігін құрады. КК ережелері өңдеу режимдерін регламенттеудің құқтық негізін айқындайды. Бұл ережелерді бөлшектеу және нақтылау МКК дербес түрде немесе өзге мемлекет органдарымен келісе отырып қабылдайтын нормативтік актілері негізінде жүзеге асады.
Бесінші топты тауарларды қазақстандық нарыққа өткізу мүмкін емес болуына байланысты сыртқы экономикалық операцияларды тоқтатқанда қолданатын режимдер құрайды. Оған тауарларды жойып жіберу және мемлекет пайдасы үшін бас тарту кеден режимдері жатады . Кеден режимдерін осылайша топтарға жіктеу шартты болып табылады , алайда аталған топтардың әрқайсысы тауарлар қозғалысмын реттеуде, оларға экономикалық саясат талаптарын , кеден төлемдерін төлеу шарттарын қолдануда өзіндік ерекшеліктерге ие. Нақты режимдер туралы айтқанда жалпы ережелердің бір қатарын қарастыруға болады. Кеден режимін таңдауда немесе оның екіншісіне ауыстыру да ҚР 116 бабына сәйкес тауарды оның сипатына, санына, шыққан еліне немесе арналған мақсатына қарамастан ауыстырушы тұлға жүзеге асырады. Ережеге сәйкеспейтін тұстары ҚР КК немесе ҚР заңнамасының өзге де актілерімен қарастырылады. Белгілі жағдайда нақты режимді қолдану және қолданбау туралы шешімді кеден органы қабылдайды. Тауарларды кейбір кеден режимдеріне орналастыру үшін кеден органдарының немесе ведмоствалардың лицензияларын алу қажет. Еркін кеден белдеуі режимі тек Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен енгізіледі. Берілетін лицензиялардың кеден органдары немесе құзырлы органдар шешіміне сәйкес күшінің жойылуы, қайтарылып алынуы немесе әрекет етуі тоқталуы мүмкін. Әр режимнің кеден төлемдерін қолдануда белгілі ерекшеліктері бар. Кейбір режимдерге; мысалы тауарлардың кеден баждарынан және өзге төлемдерден жартылай немесе толық босатылуы, оларға экономикалық саясат шараларын қолданылмауы тән. Бұл шараларға Қазақстанға ҚР –сы мүддесіне орай белгілі тауарларды әкелуге және әкетуге қойылатын шектеулер жатады. Олар квоттау, лицензиялау, ең жоғарғы және ең төменгі бағаларды бекіту, сонымен қатар Қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылықпен өзара әрекетін реттеу шаралары кіреді. Тауарлардың жекелеген режимдерде болу мерзімдері шектелген. Бұл транзит, реимпорт, кеден қоймасы, кеден аумағында өңдеу, реэкспорт, тауарларды уақытша әкелу және әкету және т.б. кеден режимдеріне қатысты. Тауарларды орналастырушы тұлғалар мүдделеріне нұқсан келтірілген жағдайда кеден органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен әрекетсіздіктері туралы шағымдануға жатады. Кеден ережелерін бұзушылықтар үшін, нақты кеден режимдеріне сәйкес тауарларды қозғауды реттеу нормаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы КК тарауында қарастырылғандай кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады. Кеден режимдерін реттейтін ережелер барлық кеден органдары, тауар тасымалдаушы ұйымдар мен тұлғалар үшін міндетті Жекелеген кеден режимдерін реттеу ерекшеліктері осы тараудың келесі параграфтарына қарастырылады. Кеден кодексінде қарастырылған режим бойынша барлық тұлғалардың бірдей негізде тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету құқығы бар, соның ішінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында. Ешкімде осы кодексте және ҚР – сының өзге де заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа уақытта тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету құқығынан айырылмайды және ол шектелмейді.
Кейбір жекелеген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және әкетуге мемлекеттік қауіпсіздік, Қоғамдық режимді, халықтың өмірін, денсацлығын моральдық-имандылық мүдделерін қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ҚР және шетел халықтарының көркем, тарихи және архиологиялық байлығын қорғау, жеке меншік құқығын және өзге де мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде және халықаралық келісімдері негізінде тыйым салынады.
Көрсетілген тауарлар мен көлік құралдары сәйкесті түрде шұғыл арада Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге әкетуге немесе бұл тауарлар мен көлік құралдарын конфискациялау қарастырылмаса ҚР-сына қайтаруға жатады. Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкету шығындары тауарларды тасымалдаушы тұлғаның жеке есебінен болады. Тауарлар мен көлік құралдарын шұғыл әкету немесе қайтару мүмкіндігі болмаса, олар ҚР кеден органдарының иелігіндегі уақытша сақтау қоймаларына жіберіледі. Мұндай тауарлар мен көлік құралдарын көрсетілген қоймада сақтаудың шекті мерзімі үш тәулікті құрайды.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуге экономикалық саясат, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауы, Қазақстан Республикасы егемендігінің экономикалық негіздерін қорғау, ішкі тұтынушылық нарықты қорғау, шетел мемлекеттері мен олардың одақтарының дискриминациялық, қазақстандық тұлғалардың мүдделеріне нұсқан келтіретін акцияларына жауап шаралары ретінде және өзге де жеткілікті дәрежеде маңызды мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және ҚР-сының халықаралық келісімдері негізінде шектеулер қойылады.
Көрсетілген шектеулерге жолығатын тауарлар мен көлік құралдарын әкентуді Қазақстан Республикасы кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және халықаралық келісімдері бекіткен талаптар сақталған жағдайда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасының осы баптың бірінші бөлімінде көрсетілген шектеулерді белгілейтін актілері олардың қолданысқа енуіне он күн қалғанда жариялауға жатады.Тауарларды қозғаушы тұлғаның немесе тасымалдаушының көрсетілген шектеулерді енгізуге байланысты пайда болған шығындарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қалпына келтірмейді. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізу олардың кедендік режимдеріне сәйкес осы Кодексте қарастырылған режимде жүргізіледі. Кедендік реттеу мақсатында тауарлар мен көлік құралдары кеден режимдерінің келесі түрлері белгіленді:
Еркін айналысқа әкету; реимпорт, транзит, кеден қоймасы, бажсыз сатылым дүкені, кеден аумағында өңдеу, кеден бақылауына алып өңдеу, уақытша әкелу , еркіни кеден белдеуі , еркін қойма, кеден аумағынан тыс жерде өңдеу, экспорт, реэкспорт, тауарларды жойып жіберу, мемлекет пайдасы үшін бас тарту, және басқа да кедендік режимдер.
Егер кеден кодексінде кеден режимдерін қолданудың жеке мәселелерін реттейтін ережелер қарастырылмаған жағдайларда , ҚР Үкіметі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитеті өз құзыры шегінде Қазақстан республикасының сәйкестік жанамалық актілері қабылданғанша кеден режимдерін құқтық реттеу ерекшеліктерін айқындауға, сонымен қатар осы кодексте қаралмаған кеден режимдерін белгілеуге құқылы.
Егер осы кеден кодексінде және ҚР-сының кеден ісі жөніндегі заңнамалық актілерінде басқаша қаралмаған болса онда тұлға кез – келген уақытта кеден режимін таңдауға және оны тауарлар мен көлік құралдарының сипатына, санына , шыққан еліне неменсе арналған мақсатына қарамастан өзгертуге құқылы. Тауарлар мен көлік құралдары осы кодексте қаралған режимде кедендіки рәсімдеуге және кедендік бақылауға жатады. ҚР кедендік шекарасының тауарлар мен көлік құралдарының кесіп өтуіне ҚР кеден органдары айқындаған жерлерде және олардың жұмыс жасайтын уақытында рұқсат етіледі. Тауарлар мен көлік құралдары ҚР кеден шекарасының өзге жерлерде және ҚР кеден органдары жұмыс жасамайтын уақытта тек Қазақстан Республикасы кеден органының келісімі арқылы кесіп өте алады. Қазақстан Республикасы кедендік шекарасынан өткен тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану олардың кедендік режимдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Кеден төлемдері бойынша жеңілдіктері бар шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын тек осылай жеңілдіктердің ұсынылумен байланысты пайдаланады. Көрсетілген тауарлар мен көлік құралдарының өзге мақсаттарда пайдалануы ҚР кеден органының кеден төлемдерін төлеу және осы кодекспен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған талаптарды орындау шарты мен болады. Кеден төлемдері бойынша жеңілдіктері бар шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану осы баптың бірінші бөлімінде қарастырылған режимде рұқсат етіледі. КК 116 бабы барлық тұлғалардың бірдей негізде тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету құқығын, соның ішінде экономикалық қызметі жүзеге асыру барысында, бекітеді. Тауарлар мен көлік құралдарын әкелумен әкету ҚР – сының әр адамға Қазақстаннан тыс жерлерге еркін шығу және Қазақстанға кедергісіз қайта оралу сонымен қатар өз қабілеттерімен мүлігін кәсіпкерләік қызмет үшін еркін пайдалану құқығын бекіткен Конституциясының нормаларына сәйкес келеді. Одан басқа тауарларды әкелу мен әкету құқығы халықаралық құқтық жалпыға бірдей танылған бірқатар нормалар мен тығыз байланысты: Адам құқтарының жалпы декларациясының 13 және 17 баптары; азаматтық және саяси құқтар туралы халықаралық 12 бабында және басқалары. Бұл құқтың қамтамасыз етілуін халықаралық гуманитарлық контрактілерді дамытуда маңызы зор. 1975 жылы 1 тамызда Хельсинки қаласында Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі мәжілістің қорытынды актісінде қол қойған мемлекеттер жанұялық байланыстар, жеке және кәсіби себептермен сапарлар, жастар арасындағы кездесулер негізінде, жеке және ұжымдық негіздегі туристік сапарлар негізінде гуманитарлық контрактілер мен тұрақты кездесулердің техникалық жағына үлкен көңіл қойылатын да сондықтан. Түсіндіріліп отырған баптың 2 бөлімінде ешкімнің КК және өзге заңнамалық актілерде қарастырылған жағдайларда басқа уақытта тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстаннан әкету немесе әкелу құқығынан айырылмайтыны және ол құққа шектеу қойылмайтыны белгіленген. кеден органының лауазымды тұлғалары заңға сүйенбестен өз бетімен адамдардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе одан әкету құқығынан айыра алмайды. Заңнамалық акт тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкету құқтарын жүзеге асыруға қатысты белгілі шектеулер қоя алады. Ереже бойынша мұндай шектеулер қоғамдық режим мен оның рухани дәстүрлерін қорғауға бағытталады. Азаматтың тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкету қүұқтарын жүзеге асыруы өзге тұлғалардың құқтары мен бостандықтарын бұзуына жол берілмейді. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстаннан әкету немесе әкелу құқықтық негіздерінің тізбесі ашық болып табылады: ол Қазақстан Республикасының қазақстандық заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінде белгіленген өзге де мүдделеріне орай басқа негіздемелер мен толықтырылуы мүмкін.
Әкелуге тыйым салынған тауарларға : әскери үлгідегі кез-келген қару және оның оқ-дәрілері: есірткілер және опий мен гашиш шегу үшін бейімделген заттар ; елдің саяси, экономикалық мүдделеріне қауіп келтіретін, халықтың денсаулығына зиянын тигізетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тйым салынған заттар жатады. жалпы тізімнің ережелері сәйкесті ведмостволық актілерімен нақтылануы мүмкін. Қазақстан Республикасына есірткілі заттар әкелу қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіндегі арнайы есірткіні бақылау органының ерекше рұқсаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін әкетуге тиым салынған заттарға және өзге де бейне бағдарламалар жазылған таспалар; киіктер, маралдар, бұғылардың мүйіздері, терілері; қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкетуге тыйым салынған заттар жатады.
Кейбір жағдайларда аталған заттар Қазақстан патент органдары берген арнайы рұқсат бойынша шығарылуы мүмкін. Қазақстанның шекарасы арқылы өткізудің ерекше режиміне еркін жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 ақпанындағы №179 жарлығымен тыйым салынған өнімдер мен өндіріс қалдықтарының жекелеген түрлері алынады. Бұл тізімге : қымбат аз кездесетін металдар, олардан жасалған бұйымдар; қымбат тастар және олардан жасалған заттар; стратегиялық материалдар; қару-жарақтар, оқ-дәрілер, атылғыш заттар, рентген құрал-жабдығы, дәрілік шөптер, бұғы шаруашылығынан алынатын дәрілік шикізат кіреді.
Қазақстан Республикасының «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Заңында экспорт пен импортқа мүддені қорғау мақсатында тыйым салудың жалпы режимі белгіленген. Бұл түсінікке: қоғамдық режим мен құқық режимін сақтау; адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау; мәдени құндылықтарды заңсыз әкелу мен әкету және заңсыз әкелінген, шығарылған заттарға жеке меншік құқығын беруден қорғау; орны толмайтын табиғат ресурстарын ысырап қылудың алдын алу, егер оған байланысты шаралар сәйкесті ішкі өндіріс пен тұтынудың шектеулермен бір мезгілде жүргізілсе; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау; Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерінің орындалуы.
Аталған заң қазақстандық аумаққа:Қазақстан Республикасында бекітілген техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлықжәне экологиялық талаптарға сәйкеспейтін; Қазақстан Республикасының «Өнімдер мен қызмет көрсетулерді сертификаттау туралы» Заңындағы және өзге қазақстандық нормативтік актілердегі жағдайларға сәйкес сертификаты, белгіленуі және белгісі сәйкес келмейтін;
қауіпті тұтыну тауарлары ретінде пайдалануға тыйым салынған;
тұтынушылар үшін қауіп төндіретін ақаулары бар тауарларды әкелуге тыйым салады
Жоғарыда аталған тауарлар Қазақстан Республикасының «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 20 бабына сәйкес қайта шығарылуы немесе Қазақстан Республикасының Сауда -өнеркәсіптік палатасының тәуелсіз эксперттері құрған акт негізінде жойылады.
Ұлттық мүдені қорғау мақсатында экспортқа және /немесе импортқа тыйым салу сәйкесті заңды қабылдау мен рәсімделеді, заң жарияланған кейін 30 күн ішінде күшіне енеді.
Әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарлар, егер оларды конфискациялау қарастырылмаған болса, сәйкесті түрде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шұғыл түрде әкетуге немесе Қазақстан Республикасының аумағына шұғыл түрде әкелуге жатады.Әкелу және әкету шығындарынтауарларды қозғаушы тұлғаға немесе тасымалдаушыға жүктеледі.Тауарларды әкету немесе қайтару мүмкін болмаған жағдайда олар қазақстандық кеден органдары иелігінде уақытша сақтау қоймаларына тапсырылады. Мұндай тауарларды сақтаудың шекті мерзімі үш тәулікті құрайды.
КК 116 бабында тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу мен Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынуымен қатар түрлі шектеулер қарастырылады: жекелеген тауарлар сатуда шектеулер (тауарлық шектеулер) жекелеген елдер мен елдер топтары арасындағы саудада шектеулер (географиялық шектеулер), белгілі мерзім ішінде қолданылатын шектеулер (уақыт бойынша шектеулер).
Шектеулер қазақстандық актілерде, сонымен қатар халықаралық құқық көздерінде: халықаралық келісімдерде, халықаралық ұйымдар шешімдерде (халықаралық санкциялар режимі туралы және т.б.) қойыла алады. соңғылар туралы (және олардағы әкелу мен әкетуге қойылатын шектеулер туралы» МКК аумақтык кеден органдарына түсінік хаттар нұсқаулар салу арқылы жеткізіп отырады. Шектеулер туралы қазақстандық актілер олардың күшіне енетін уақытынан он күн бұрын жарияланады.
КК әкелу мен әкету шектеулері туралы шешім қабылдау үшін маңызды негіздемелерді тізбелейді; экономикалық саясат түсінігі ҚР- сының халықаралық міндеттерін орындауы; Қазақстан егемендігінің экономикалық негізін қорғау;ішкі тұтыну нарығын қорғау; дискриминациялық және шетел мемлекеттерімен олардың одақтарының Қазақстандық тұлғалардың мүдделеріне нұсқан келтіретін акцияларына қарсы шара.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақстында халықаралық құқпен танылған экономикалық санкцияларды енгізуге құқылы, әскери- техникалық саладағы ынтымақтастықты реттейді, сәйкесті тыйым салулар мен шектеулерді енгізе отырып, қымбат металдар, қымбат тастар және жарылғыш заттар экспортының ретін анықтайды, Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау үшін уақытша шаралар қабылдайды, қолданыстағы заңдарға сәйкес экспорт пен импорттың сандық шектеулерін енгізеді. Қазақстан Республикасының, оның субьектілерінің, қазақстандық тұлғалардың экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік сыртқы саясат міндеттерін тікелей жүзеге асыруды, сонымен қатар сыртқы сауда қызметін реттеуге байланысты шараларды әзірлеуді және жүргізуді Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі сандық шектеулер мен рұқсат ету режимі енгізілген импорт және экспорт операцияларын жүзеге асыру үшін лицензия беретін мемлекеттік билік органы болып табылады.
Экспорттық сандық шектеулердің Қазақстан Республикасы Үкіметі ерекше жағдайларда енгізеді.
Сандық шектеулер қандай да бір тауар саны жағынан өте көп мөлшерде, зиян келтіретіндей жағдайларда немесе Қазақстан Республикасы аумағында осындай тауарлар өндіретіндер үшін зиян келтіру қаупін төндіретін болса қорғаныс шарасы ретінде қолданылуы мүмкін. Қару жарақтар, әскери техника және екі мақсатта қолданатын тауарлар импорты мен экспортын жүзеге асырғанда Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау үшін экспорттық бақылау жүйесі жұмыс жасайды. Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен қызмет көрсетудің атаулығы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша берілетін жарлықтарымен бекітілген тізбелер мен тізімдерде көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Президентінің мұндай жарлықтары ресми жарияланған күннен бастап үш айдан ерте емес мерзімде күшіне енеді.
Тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қозғауы сұратылған кеден режиміне сәйкес жүреді. Сыртқы экономикалық қатынастарды дамытуға мемлекеттік ықпал етуді жүзеге асыруға көмектесетін кедендік реттеу аспаптарының кешенді пайдалануын қамтамасыз ететін арнайы шаралар жүйесі мен әдістер жиынтығы дегенді білдіреді.
Қазақстандық кеден ісі заңдылығында бұл түсінік «ҚР шекарасы арқылы кедендік мақсаттар үшін қозғалатын тауарлар мен көлік құралдарының мәртебесін анықтайтын ережелер жиынтығы» дегенді білдіреді.
Кеден режимі Қазақстандық кеден ісі заңдылығының негізгі санаттарыныңи бірі болып отыр. Оның көмегімен: Тауардың оның арналған мақсатына байланысты шекарадан өтудің нақты реті: Оның орналасу шарттары және кеден аумағында пайдалануына жол беру: Кеден режимі бенефициарының құқтар мен міндеттері: Кейбір жағдайларда берілген тауарлаға , оны кеден шекарасынан өткізуші тұлғаның құқтық мәртебесіне қойылатын талаптар.
КК 116 бабы кеден режимдерінің жалпы тізбесіне тұрады; еркін айналысқа әкету; реимпорт; транзит; кеден қоймасы, бажсыз сатылым дүкені, кеден аумағында өңдеу, кеден бақылауына алып өңдеу, уақытша әкелу , еркін кеден белдеуі, еркін қойма, кеден аумағынан тыс жерде өңдеу, экспорт, реэкспорт, тауарларды жойып жіберу, мемлекет пайдасы үшін бас тарту, және басқа да кедендік режимдер. Кеден режимдерінің шаруашылық қызметіндегі жалпы процесіндегі ролі мен орнына байланысты оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне кеден құралдары мен реттеу әдістерінің ешқандай шектеулерсіз қолданылуы тән. Экономикалық тұрғыдан алғанда бұл топтың кеден режимдері дербес және аяқталған коммерциялық операциялар ретінде көрінеді.
Екінші топты реттеудің кедендік-құқтық аспаптарының икемді қолданылуымен ерекшеленетін экономикалық кеден режимдері құрайды. Екінші топтың кеден режимдері белгілі экономикалық пайдаларды ұсына отырып, тауарлардың тек қатаң белгіленген мақсаттарға қолданылуына жол береді. Мұндай кеден режимдерді қолдану үшін рұқсат операцияларды жүргізуге жеткілікті экономикалық негіздеме болғанда ғана беріледі. Сонымен экономикалық кеден режимдерін ұсыну мақсаты және жеке сипаты болады.
Кедендік режимдерді пайдаланудың құқтық механизімі кеден әкімшілігіне бірқатар құзыр береді. Бұл алдымен кеден органының сыртқы экономикалық қызметі мемлекеттік реттеудің жалпы тұжырымдамасын ескере отырып, операцияға жол берудің экономикалық бағалануына орай нақты тауарды белгілі кеден режиміне орналастыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдауымен, яғни әр нақты жағдайда берілген режимді пайдалануға рұқсат беруімен немесе оған қарсылық білдіруімен көрінеді. Экономикалық кеден режимдері олардың бенефициары ретінде алдын ала анықталған экономикалық пайдалар мен кеден баждары мен салықтар төлеуден босату нысанындағы басымдықтарын, экономикалық саясат шараларының қолданылмауын ұсынады.
Экономикалық кеден режимдерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: сауда, өнеркәсіп және халықаралық тасымалдау мүдделеріне тікелей жауап беретін режимдер. Кеден режимдерін жіктеудің ұсынылған нұсқандарын олардың кедендік реттеудегі ролін анықтау және оларддың құқтық регламентелуінің түрлі аспектілерін толық зерттеу, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың ерекшеліктері, тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту уақыты мен орны кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану үшін практикалық мазмұны бар.
Кеден режимдерін қолдану ретіне қатысты заңнаманың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның бірі ретінде жекелеген кеден режимдеріне толыққанды жұмыс жасауға мүмкіндік бермейтін көптеген проблеммалардың болуы. реимпорт; транзит; кеден қоймасы, бажсыз сатылым дүкені, мемлекет пайдасы үшін бас тарту режимдері кешенді құқтық реттеумен қамтылған. Аталған құқтық режимдердің практикада қолданылуы МКК бұйрықтары мен бекітілген арнайы ережелермен реттеледі. Нақты кеден режимдері туралы ереже КК сәйкесті баптары негізінде әзірленеді және ереже бойынша практикада тауарлар мен көлік құралдарын белгілі кеден режиміне орналастыруға қатысты пайда болатын барлық негізгі сұрақтарды қамтиды. Осындай жағдайдың өзінде де кеден органы мен декларанттың арасында қарым қатынастардың құқықпен реттелмеген саласы сақталып қалады. Ондай кезде кеден басшылары өз бетімен мүмкіндігінше шешім қабылдайды. Еркін айналыс тауарын әкету дегеніміз- ҚР аумағына енгізілген тауарлар үнемі осы аумақта оларды осы аумақтан әкету міндетінсіз қалады. Еркін айналыс тауарларын әкету : тауарларға қатысты кедендік баждардың, саолықтарын төлеуін жәнекедендік төлемдерді енгізуді; экономикалық саясаттың және өзге де шектеулер жөніндегі шаралардың сақталуын қамтиды. Еркін айналыс тауарларын әкетуге арналған кедендік режимді регламенттеу КК екі бабында белгіленген. КК ережелерінің өзге тауарларды еркін айналысқа әкетуге қатысты құқтық нормалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ҚР президентінің Жарлықтарында, ҚР Үкіметінің қаулыларында , нормативтік актілерде көрсетілген. Режимнің мазмұны КК 119-бабында ашылады. Осы ережелерге сәйкес еркін айналыс тауарларын әкету- бұл Қазақстан Республикасының аумағына енгізілген тауарлар үнемі осы аумақта оларды осы аумақтан әкету міндетінсіз қалатын кедендік режим. Қазақстанның кедендік аумағынан еркін айналысқа шығарылған шетелдік тауарлар Қазақстандық тауарлар ретінде қарастырылатынын атап өту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |