Мазмұны Кіріспе 3-6


Кеден органдарының кеден ісіндегі заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүддесіне байланысты белгілі қызмет көрсету тәртібі



бет2/5
Дата03.04.2020
өлшемі83,75 Kb.
#61490
1   2   3   4   5
Байланысты:
каз.там.


1. 2 Кеден органдарының кеден ісіндегі заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүддесіне байланысты белгілі қызмет көрсету тәртібі
Тауарларды шекара арқылы өткізген уақытта кеден органдарының сәйкесті ұйымдардың мүддесіне орай жасалатын нақты операцияларын, белгілі қызмет көрсетулерін сүйемелдейтін кедендік режимдер жатады. Олар: кеден қоймасы, бажсыз сатылым дүкені. Кеден қоймасы дегеніміз әкелінген тауарлардың кедендік бақылауға алынып , кеден төлемдерінсіз және оларға сақталу мерзімінде экономикалық саясат шараларын қолданбастан сақталатын кеден режимі, ал экспорт кеден режиміне сәйкес тыс жерлерге әкетуге белгіленген тауарлар кедендік бақылауға алынып осы Кодексте қарастырылған жеңілдіктермен сақталады. Кеден қоймасы режиміне Қазақстан Республикасы аумағына енгізу және Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге тыйым салынған, сонымен қатар тізімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетімен анықталатын тауарлардан өзге кез-келген тауарлар орналастырылады. Өзге тауарларға зиян келтіре алатын немесе ерекше жағдайларды талап ететін тауарлар әдейі бейімделген орындарда сақталуы тиіс. Тауарлар кеден қоймасы режиміне үш жыл мерзімге дейін сақтала алады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті тауарлардың кейбір санаттары үшін көрсетілген мерзімді шектеуі мүмкін, ал Қазақстан Республикасының өзге де кеден органдары жеке тұлғалар үшін шектейді.

Тауар бекітілген мерзім өткен кезде кеден режиміне орналастыруға ұсынылуы немесе иесі Қазақстан Республикасының кеден органы болып табылатын уақытша сақтау қоймасына орналастырылуы тиіс. Кеден қоймасы режиміне орналастырылған тауарларға қатысты : бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарларды сатуға және тасымалдауға – мысалы, партиялардың бөлінуі, жіберілімдерді қалыптастыру, сорттау, орау, қайта орау, белгілеу, тиеу, түсіру, қайта тиеу және өзге де операциялар- әзірлеу операциялары жүргізіледі.

Көрсетілген операциялардың нақтыланған тізімі олардың жасалуы режимін ҚР-сының мемлекеттік кеден комитеті айқындайды.

Кеден қоймасы режиміне орналастырылған және экспорт кеден режиміне сәйкес әкетуге арналған тауарлар егер олар шығарылғанда кеден баждарынан, салықтарынан босату немесе төленген сомаларды қайтару қарастырған болса, онда олар кеден баждарынан,и салықтарынан босатылады немесе төленгшен сомалары қайтарылады. Тауарлар кеден баждарынан, салықтарынан босатылғанда немесе төленген сомалары қайтарылғанда кеден қоймасы режиміне орналастырылған күннен бастап үш айдың ішінде шығарылуы тиіс.

Белгіленген мерзімде тауарлар нақты шығарыла алмаса, онда кеден баждары, салықтарды және олардың ҚР-сы орталық банкі бекітетін ставкалары бойынша осы банкі ұсынатын кредиттіңпайыздары төленеді.

Тауарларды сақтауды қамтамасыз ету арнайы бөлінген және жабдықталған орынды пайдалану арқылы жүзеге асырады.

Кеден қоймасы ашық, яғни кез келген тұлғаның пайдалануына жол берілген түрде және жабық яғни белгілі тұлғалардың тауарлардың сақтауға арналған түрде болуы мүмкін. Жабық кеден қоймалары ашық қоймалардың үйлеспейтіндігін дәлелдейтін негіз жеткілікті болған жағдайда ғана құрылады. Қазақстан Республикасының кеден органдары немесе қазақстандық тұлғалар кеден қоймаларының иелері бола алады. ҚР-сының кеден органдары мен құрылатын кеден қоймалары ашық типтегі кеден қоймалары болып табылады. Кеден қоймасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің лицензиясы негізінде ғана құрыла алады. Егер кеден қоймасының құрылтайшысы болып Қазақстан Республикасының кеден органы табылса онда лицензия талап етілмейді. Кеден қоймасының құру лицензиясын беру режимін, оның әрекет ету мерзімін Қазақстан Республикасының мемлекетік кеден комитеті анықтайды.

Кеден қоймасын құру лицензиясы берілгені үшін ҚР Жоғары соты айқындайтын мөлшерде төлем алынады. Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден қоймасын құру лицензиясын күшін жоя немесе әрекет етуін тоқтата алады. Егер лицензиясы арызданушыға белгіленген режим негізінде беріле алмаса немесе оның берілуі туралы шешім қабылдауға маңызды әсер еткен толық емес мәліметтер негізінде берілген болса, күшін жояды. Лицензиясының күшін жойғаны туралы шешім лицензиясы берілген күннен бастап күшіне енеді. Егер кеден қоймасының иесі осы тарауда көрсетілген талаптарды сақтамаса, онда лицензия қайтарылып алынады. Лицензияны қайтарып алу туралы шешім шыққан күннен бастап қайтарылады.

Кеден қоймасының иесі өз құқтарын асыра пайдаланғаны туралы жеткілікті мәліметтер болса, онда лицензиясының әрекет етуі үш ай мерзімге дейін тоқтатылуы мүмкін. Лицензиясының күші жойылған немесе қайтарылған жағдайда оның берілгені үшін төленген төлем қайтарылмайды. Кеден қоймасына арналған орын кедендік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті деңгейде жабдықталған болу шарт, егер қажет болған жағдайда қос запор құрылғысымен жаблдықталуы керек, оның біреуі Қазақстан Республикасы кеден органының қарауында болады. Кеден қоймасының иесі : сақтауда тұрған тауарларды кедендік бақылаудан басқа қоймадан алынуы мүмкіндігін жоюға; кеден бақылауын жүзеге асыруды қиындатпауға ; кеден қоймасының құру лицензиясының шарттарын орындауға және Қазақстан Республикасы Кеден органдарының талаптарын орындауға, Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазым иелеріне кеден қоймаларында сақтауда тұрған тауарларға жол беруді, бұл тұлғаларға кедендік бақылау мен кеден рәсімдеуін жүзеге асыру мақсатында орындарды құрал жабдықтармен байланыс құралдрын ақысыз ұсынуға; сақтаудағы тауарлардың есебін жүргізуге және Қазақстан Республикасы кеден органдарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті анықтаған режимде осы тауарлар туралы есеп беруге міндетті.

Кеден баждарын, салықтарын және өзге кеден төлмдерін төлеуге осы баптың екіші және үшінші бөлімдерімен қарастырылған жағдайлардан басқа уақытта кеден қоймасының иесі жауап береді. Егер кеден қоймасы Қазақстан Республикасының кеден органымен құрылған болса онда тауарларды кеден қоймасына сақтауға орналастырылған тұлға кеден төлемдерін төленуіне жауап береді. Қазақстан Республикасы кеден органының келісімі негізінде кеден төлемдерінің төленуіне жауапкершілікті тауарларды ашық типтегі кеден қоймасына орналастырған тұлғаға жүктеуге болады. Кеден қоймасы лицензия мерзімін бітуіне немесе Қазақстан Республикасының кеден органдары лицензияны қайтарып алуына байланысты тараған жағдайда уақытша сақтау қоймасына айналады. Тауарларды уақытша сақтау қоймасына сақтау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия күшін жоятын болса, қоймадағы тауарлар оларды қоймаға орналастырылған уақыттан бастап кедендік рәсімдеуге жатады. Тауарлардың таратылатын қоймаларға сақталған уақытына қойма иесінен Қазақстан Республикасы кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймалары үшін бекітілген мөлшерленде кеден төлемдері алынады.

Лицензия қайтарылып алынса, кеден қоймасындағы лицензиясы қайтарып алу жөніндегі шешім шыққан күннен бастап кедендік рәсімдеуге жатады. Тауарларды таратылатын қлймада сақтағаны үшін қойма иесінен Қазақстан Республикасы кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймалары үшін бекітілген мөлшерлерде кеден төлемдері алынады. Лицензиясының әрекет етуі тоқтатылған жағдайда тауарлар қоймаға жіберілмейді. Тауарлардың қоймадан шығарылуы осы кодекспен қарастырылған режимде жүргізіледі.

Кеден қоймасы деп әкелінген тауарларджың кедендік бақылауға алынып, кеден төлемдерінің және оларға сақталу мерзімінде экономикалық саясат шараларын қолданбастан сақталатын кеден режимі. Экспортқа әкетуге белгіленген тауарлар кедендік бақылауға алынып осы кодексте қарастырылған жеңілдіктермен мысалы, кеден баждарының салықтарынан босату немесе төленген сомаларының қайтарылуы сақталады. Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасы осы сұрақ бойынша халықаралық құқтық стандарттарға жалпы алынғанда сәйкес келеді.

Кеден қоймасы түсінігі сыртқы сауда және қаржы заңнамасындағы бұрыннан да пайдаланады. Мемлекет қай кезде де кеден қоймаларын құруға ұмтылды, өйткені кеден қоймалары сауданы дамыту үшін мемлекет аумағында тауарлар қорларын қалыптастырды. Тауарлардың сақталу мен ұсталуы шығын әкелмейді және әлеуметтік, экономикалық және саяси қиындықтар болғанда олардың маңызы өте жоғары болатын. Кеден қоймалары тек кеден ісінде ғана пайдаланып қоймайды. Ұқсас режимдер ішкі салықтар салуға жатаатын жарнама тауарларға қатысты қолданылады. Кедендік қоймаларының режимдік әрекеті әкімшілік функцияға негізделеді, оған сәйкес кеден қоймаларына орналастырылған шетелдік тауарлар ұлттық аумақтан тыс жерде орналасады деп есептеледі.

Кеден қоймасы режимі түсініктерін ажырата білу қажет. Кеден қоймасы дегеніміз белгілі режимге орналасатын тауарларды белгілі режимді қоймаландыру дегенді білдіреді. Бұл режим бәрінен бұрын кедендік қоймаландыру болып табылады. Алайда кейбір жағдайларда мұндай қоймаларды өзге кедендік режимдегі тауарларда сақтала алады. Кедендік қоймаландырудың экономикалық пайдалары кеден қоймасының кәсіпкерлік пен сыртқы сауда үшін маңыздығы бәрінен бұрын осы ережеге орналастырылған тауар, біріншіден жалпы кедендік және салықтық реттеуге түсетіннен, екінші жағынан, арнайы кедендік рәсімдер көмегімен кеден баждарын төлеу мүмкіндігін ұсынатын немесе тек нақты мәліметтер дерегімен ғана реттеудің тарифтік емес шараларына жолығатынымен анықталады. Сыртқы сауда тәжірибесінде тауарлар импортты кезінде әкелінетін тауарларды қалай бөлісетіні белгісіз болады. Тауарларды кеден қоймасына орналастыру сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыруды жеңілдетеді өйткені бұл комерсантқа шетел тауарын шекарадан тыс жерге қайта жіберу мен ұлттық нарықтыққа өткізу арасында таңдау жасауға смүмкіндік береді. Кеден қоймасы режимін пайдалану сыртқы нарықтағы ұсыныс неғұрлым пайдалы болғанда ірі сатып алуларды жүзеге асыруды, ал ішкі нарықтағы сұраным неғұрлым тиімді болғанда сатуға мумкіндік береді. Бұл пайдалар тауардың меншік иесіне тауар туралы соңғы шешім алуға жеткілікті мерзім беруіне қарай жүзеге асырылады.

Бәсекелестік талас шиеленіскен жағдайда кеден қоймалары алмастыру, сатылымнан кейінгі кепілімдік қызмет көрсету режимінде түскен тауарларды сатып алушыларға ұсыну үшін маңызды мәнге ие болады.

Кеден қоймасы режимнің импортерлер үшін де , экспортерлер үшін де өзіндік артықшылықтары бар. экспортау кезінде тауар иесі тауарларды елдің әкетуімен байланысты кедендік рәсімдерден өту, одан соң ішкі нарық қажеттіліктеріне орай және автокөлік болуына байланысты тауарды әкету мәселесін өзбетімен шешу мүмкіндігін алады. Импорттау кезінде кедендік қоймаландыру ережелері комерсанттың тауардың ірі партиясын әкеле отырып , тиісті кеден төлемдерінің баролық сомасын төлеуден құтылуына мүмкіндік береді. Ірі партиялар әкелудің тиімділігі : Әкелінген кеден қоймасы режиміне орналастырылған тауарлар үшін тиімсіз жағдайларды болдырмайды . Өйткені қай кездері кеден баждары мен төлемдерін төлеуге баратын қомақты ақша сомалары «тоңазытылып» қалуы мүмкін.

Қойманы кім құратынына байланысты жеке және жалпы кеден қоймалары ажыратылады. Кеден қоймасын аймақтық кеден басқармасы өз белдеуінде қойма мақсатына арналған орындар орналасқан кеден органдарының ұсыныстары бойынша ашады. Егер қойма құрушы кеден органы орталықтарына бағынышты болса онда сәйкесті шешімді ММК алады. Жалпы кеден қоймасы өз белдеуінде қойма мақсатына арналған орындар орналасқан кеден органдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жеке кеден қоймаларының жекеменшік атаулары бар, бірақ заңды тұлға мәртебесі жоқ кәсіпорындар мен ұйымдар. Қазақстан аумағы заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар құра алады. Кеден қоймалары клиентура шеңберіне қарай ашық және жабық болып екіге жіктеледі. Ашық типтегі қоймаларды кез келген тұлғаның пайдалануына рұқсат етіледі. Кеден органы құратын барлық кеден қоймалары ашық болып табылады. Жабық типтегі қоймалар тек белгілі тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған болады. Мұндай қоймалар:

А) өздерінің кәсіптік қызметіне арналған тауарларды сақтауға маманданған тұлғалармен;

Б) Егер қойма иесі бір мезгілде тасымалдаушы болып табылса, онда өз тауарларын, сонымен қатар әкелінетін тауарларды сақтау үшін;

В) Қойма құрылған кезде оның иесі анықтаған үшінші тұлғалардың тауарларын сақтау үшін құрыла алады.

Қойма иесі жабық типтегі қойма құру қажеттілігін негіздеуі қажет. Кедендік органның келісім алған жағдайда қойма иесі кедендік қоймаландыру режимінде сақталатын тауарлардың тізімін анықтайды . Жеке тұлғаның кеден қоймасын құру үшін МКК өз белдеуінде кеден қоймасы орналасқан кеден органы арнайы лицензия рұқсат қағазы қажет. Лицензия кедендік қоймаландыру режиміне сәйкес тауарларды сақтауға бір немесе бірнеше арнайы бөлінген және жабдықталған орындарға олар бір кеден органының қызмет белдеуінде орналасқан болса ғана беріледі. Лицензияның қызмет мерзімі қойма иесінің және кеден органының келісімі бойынша үш немесе алты жылды құрайды. Қойма орындарының иесі лицензия алу үшін: кеден қоймасының түрі, оның заңды және нақты мекен жайы , жеке есепшоттары туралы мәлімдемелер, орналасқан жері, кеден қоймаларына арналған орындарының жалпы ауданы мен орындардың материалдық техникалық жабдықталуы күзетпен қамтамасыз етілуі, сақтауға болжанған тауарлардың тізімі, лицензия беру үшін шешім алу үшін пайдалануы мүмкін өзге де ақпарат көрсетілген арыз беруі; арызға қоса берілген құжаттарды : қойма орындарының тіркелген құжаттарының көшірмелері; орындардың жоспарлары мен сызбалары; орынды иемдейтіндігі туралы растайтын құжаттар; сонымен қатар қоймаға рұқсат құқығы бар қызметкерлерінің тізімін жіберу; елу мың АҚШ долларына пара-пар сомадағы кеден төлемдерін төлеу жөніндегі банк кепілдігін ұсынуы керек.

Кеден органы берілген арызды отыз күн ішінде қарайды. Егер кеден органы қосымша құжаттар мен берілген ақпаратты растау туралы ақпарат тлап етілсе, онда арызды қарау мерзімі ұзартыла алады, бірақ бұл мерзім екі айдан аспауы керек. Кеден органы лицензия беруден бас тартқан жағдайда арыз берушіге жазбаша түрде хабарлап , бас тарту себебін түсіндіреді, соның ішінде; орындардың жабдықталуы кеден қоймаларына қойылатын техникалық талап тарға сәйкеспеуі; кеден органы үшін объективті себептерге орай қоймада сақталу үшін болжанған тауарларды бақылау мүмкіндіктерінің болмауы; бас тарту үшін өзге де негіздемелер.

Берілген арыз қанағаттандырылған жағдайда орындардың иесі лицензия берілгені үшін төлем төлейді. Оның мөлшері қойманың жалпы ауданына байланысты белгіленеді және егер үш жыл мерзімге лицензия берілген жағдайда; алты жыл мерзімге лицензия берілетін болса, төлемнің көрсетілген мөлшері сәйкесті түрде екі еселенеді. Егер лицензия арызданушыға бекітілген режим негізінде беріле алмаса немесе оның берілуі туралы шешімге үлкен әсерін тигізетіндей толық емес және қате мағлұматтар берілген болса күшін жояды.

Егер қойма иесі кеден заңнамасын бұзушылықтарға жол берсе, онда лицензия қайтарылып алынады . Лицензия қайтарып алу кеден органы бастығының бұйрығымен де кеден ережелерін бұзу туралы іс қозғау туралы қаулымен де рәсімделуі мүмкін. Лицензияның күшін жою не оның қызметін тоқтату кеден органы бастығының бұйрығымен рәсімделеді, бұйрықта мұндай шешім алынуының себебі міндетті түрде көрсетілуі қажетЛицензияны жоққа әкету немесе оның қызметін тоқтатудан соң кеден қоймасы таратылады.

Кеден қоймасы таратылған уақыттан бастап ол уақытша сақтау қоймасына айналады. Тауарлардың жаңапартиясын мұндай қоймаға орналастыруға жол берілмейді.Қоймада таратылған уақытта сақталып тұрған тауарлар кеден рәсімдерінен оицензияның күші жойылғанда – тауардаың қоймаға орналасу күнінен бастап қайта өткізуге жатады. Кеден қоймасының аумағы кедендік бақылау белдеуі болып табылады, режим бұзылған жағдайда қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес шара қолданады.

1. 3 Өзге елдерде өңделуіне байланысты шекара арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты құқықтық реттеу
Өзге елдерде өңделуіне байланысты шекара арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік режимдерді біріктіреді. Оған кеден аумағында өңдеу , кеден бақылауына алып өңдеу режимдері кіреді.

Отандық және шетелдік тұлғалардың өндірістік мүмкіндіктері кеден заңы рұқсат ететін тауарлады қайта өңдеу операцияларымен айтарлықтай толықтырады. Оған мыналар жатады; сәйкестендіре өңдеудің басты шарты болған жағдайда; өңдеу өнімдерін әкелінген тауарларға сәйкестендіру мүмкіндігін беретін шетел тауарларының өз белгілерін өңделген өнімдерінде сақтап қалатындай, бірақ өзіндік ерекшелігін жоғалтпайтын тауарларды қайта өңдеуді қарастырады; әкелінген тауарлардың басты белгілерін сақтай отырып құрастыру жинақтау лайықтауды қоса алғандағы тауарды қайта жасау, өнімдерді өңдеу өндірісін жеңілдетуге көзделген, өңдеу процесінде толық немесе жартылай қолданатын кейбір тауарларды пайдалану. Заң төлемдерден босататын жағдайларды да қарастырады. Қажетті өңдеуден өткен тауарлардың еркін айналымға шығаруға болатындығын мәлімдеген жағдайда әкелінетін тауарларға қойылатын кеден төлемі жүзеге асырылуы мүмкін, немесе тауар иесі бұл төлемнен ішінара босатылуы мүмкін.

Заңда әкетілген тауар кеден төлемінен толық босатылған жағдайда оны қалпына келтіру тегін жүргізіледі және толемнен жартылай босатылса ақыға жөнелтілетіні айтылып кеткен. Тауарларды уақытша әкелу не әкету режимі кеден аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарлады кеден бажынан, салығынан толық немесе ішінара босата отырып және экономикалық саясат шараларын қолданбай оларды пайдалану үшін арналған.

Үкіметтің шешімі бойынша жүзеге асатын кеден төлемінен ішінара немесе толық босату жағдайы біршама қиындық туғызады 2000 жылғы 22 шілдеде қабылданған №827 Үкімет қаулысына ережесі бекітілген мемлекет шекарасынан тыс шикізатты өңдеу деп аталатын операцияларды өткізген уақытта көптеген заң бұзушылықтар кездеседі . Тауарларды кеден аумағында өңдеу дегеніміз шетелдік тауарлардың белгіленген тәртіпке Қазақстан Республикасында экономикалық саясат шараларын қолданусыз және экспорт кеден режиміне сәйкес өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тыс жерлерге әкету шарты мен кеден төлемдері салықтары сомаларын қайтару үшін пайдалану режимі.

Халықаралық айырбас мәні болып табылатын кей кездері немесе сыртқы сауда операциясы аяқталған соң белгілі өңдеуді жөнелтуді талап етеді. Мұндай өндірістік не өнеркәсіптік сипаттағы операциялар көбінесе бірқатар себептерге орай бір мемлекеттік кеден аумағында жүргізіле алуы мүмкін.

КК қарастырылған тауарларды өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу ретін сыртқы экономикалық қызметтің кедендік құқтық реттеу жүйесінің дербес элементі ретінде қарастыруға болады . Бұл тауарларды өңдеу мақсаты мен оларды одан әрі пайдалану мақсатына сүйене отырып өңдеу арнайы кедендік режимдерді белгілеу нәтижесінде қолымыз жетті. КК кедендік режимнің үш түрін белгілейді: кеден аумағында тауарларды өңдеу; тауарларды кеден бақылауына алып өңдеу; тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерден алып өңдеу. Сонымен аталған режимдердің біреуі бойынша қазақстандық тауарлардың Қазақстан кедендік аумағынан тыс өңдеу мақсатында пайдалану, ал қалған екеуі шетелдік тауарларды Қазақстан кеден аумағында өңдеу мүмкіндігін көздейді. Бірқатар шет елдердің заңнамасында соның ішінде Европалық Одақтың , халықаралық кеден келісімдерінде өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу орны мен өңделмекші тауарларды шыққан еліне байланысты өңдеу екі түрге бөлінеді- Белсенді және енжар.Бірінші ұлттық кеден аумақта шетелдік тауарлардың қолданылуын, ал екіншісі ұлттық тауарлардың мемлекеттік кеден аумағынан тыс жерлерде өңделуін қамтиды.

Өңдеу кеден органдарының берілген тізбесіне сүйене отырып бірінші типке тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде өңдеу режимін жатқызамыз. КК бекітілген режимдер регламенттелуінің басты элементі олардың бенефициарына қойылатын талаптар . Бұл жағдайда осы режимдерді қолдану аясы ерекшеліктерін ескере отырып норматифтік құқтық базаның қолданыстағы ережелерін назарға ала отырып, түсініктің шартты екенін атап кеткен жөн Бұл түсінік өңдеуге мүдделі тұлғалар, өңдеу үшін әкелінетін тауарлардың немесе олардың өнімдерінің иелері және т. б. білдіреді. Өңдеу режимін бенефициары мәртебесін алу үшін қойылатын талаптар бойынша бенефициар біріншіден Қазақстандық тұлға, Екіншіден; белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасының кедендік аумағында тіркелген болуы керек. КК шешімін көрсетілген актілердің орындалуы барысында табатын сұрақтардың тұтастай блогін белгілейд: таууарларды кедендік аумақта өңдеу лицензиясын беру; әкелген шетелдік тауарларды өңдеуден кейін оның нәтижесінде алынған өнімдердің ұқсастығы талап етілмейтін жағдайлар; кеден орындарының тауарларды өңдеу жөнінде бекеттің мерзімдерін анықтаудың реті; Қазақстандық заңнаманың сақтауын қамтамасыз ету мақсатында КК көрсетілгендердің өзге де талаптар экономика министрлігімен келісе отырып жекелеген тауарларды өңдеу операцияларына қойылатын шектеулерді белсенді өңдеу шеңберінде өңдеу операцияларын жүргізу шарттарын Қазақстандық тауарларды пайдалану мен мүмкіндігі мен ртін қоса алғанда анықтайды.

Кеден органы тауарларды өндеу лицензиясының күшін жойған немесе қайтарып алады. Егер лицензия оны беру туралы шешім қабылдауға маңызды әсер еткен толық емес және қате мәліметтер негізінде берілген болса оның күші жойылады. Күші жойыладылған лицензия ең басынан әрекетсіз деп танылады егер. Лицензия иесі лицензия регламентін сақтамаса немесе лицензия онда әрі Қазақстан Республикасының экономикалық саясатына сәйкеспесе кеден органы лицензияны қайтарып ала алады. КК кеден аумағына өңдеу режимін пайдалануды регламенттейтін ережелерде оның шеңберінде жүргізілетін операцияларға өңдеу үшін әкелінген тауарлардың мәртебесін өзгертуге тікелей қатысты арнайы талаптар жоқтың қасы . Кодекс тек тауарларды өңдеудің мерзімдерін анықтаудың жалпы ретін бекітеді. Кеден аумағында өңдеу режимі аяқталғанда компенсациялық тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданылмайды және олар әкетудің кедендік баждары мен салықтарынан босатылады.

Егер өңдеу үшін әкелінген тауарлар немесе компенсациялық тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан еркін айналысқа шығарылса, онда оларға кеден баждары, салықтары салынады.

Тауарларды кедендік бақылауға алып өңдеу дегеніміз шетелдік тауарлардың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында экономикалық саясат шараларын қолданусыз кедендік бақылауға алынып , әрі қарай еркін айналысқа әкету үшін немесе өңдеу өнімдерін өзге кедендік тәртіпке орналастыру үшін режимі.

КК барлық өзге режимдерге қарағанда, тауарларды кедендік бақылауға алып өңдеу режиміне қатысты режимнің мазмұнын бермейді, оның орнына 164 бапта оның мақсатын көрсетеді. Осы баптың ережелеріне сәйкес шетелдік тауарлар белгіленген тәртіпте кедендік бақылауға алынып, оларға Қазақстан Республикасында экономикалық саясат шараларын қолданусыз пайдалану үшін қолданылады. Кедендік аумақта және кедендік бақылауға алып өңдеу режимі белсенді өңдеу типіне жатады, яғни шетел тауарлары өңдеу мақсатында ұлттық кеден аумағына уақытша жіберіледі.

Кедендік бакылауга алып өңдеу режимін қолданудың негізіне босату кағидасы жатады, яғни шетел тауарларын әкелгенде кеден салықтары да, баждары да төленбейді. Кедендік аумакта өңдеу режимі шетел тауарларын әкелгендегі кеден баждарын, салыктарын көрсетілген режимнің әректені аяқталып, өңдеу өнімдері экспорт режиміне сәйкес шағрылғанда қайтарылуын карастырады.

Кедендік бақылауға алып өңдеу режимі шеңберінде шетел тауарларын берілген режимге орналастырумен қатар салықтық жеңілдіктер бір мезгілде ұсынылады. Бұндай жеңілдік үшін төлемақы кеден оргадарының режим бенефициарының заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету мақсатында тауарларды тексеруді, есепке алуды жүзеге асыру, тауарларды ұқсастыру құралдарын пайдалану, инвенитаризация жүргізу, өңдеу жөніндегі операциялар мен олардың жүргізілуі тәртібінің нақты шарттарын анықтау болып табылады.

Аталған режимді регламентттейтін күкықтық актілердің ішінде1 КК басқа, Тауарларды кедендік бақылауға алып өңдеу режимін пайдалану аясы, яғни оның шеңберінде жүргізілетін операциялар, аталған режимге орналастыруы мүмкін тауарлар жоғарыда қарастырылып кеткен кедендік аумақта өңдеу режиміне өте ұқсас. Одан өзге, осы екі кедендік режимнің қолданылу тетігінің қүқықтык негізі ортак. Бүл көбінесе регламенттеуге қарасты: тауарларды көрсетілген режимде өңдеуге лицензия алу шарттары; берілген лицензияның күшін жоюдың немесе қызметін тоқтатудың шарттары; кедендік рәсімдеуді жүргізу жәнс рсжим үсынылғанда және аяқталғандағы кедендік бақылаудың жүзеге асыру тәртібінің ортақтығы; режим бенефициарына қойылатын талаптар; осы режимдерге орналастырылған тауарларды пайдалану шарттары; тауарларды оңдеу мерзімдерінің және оларды үзартудың тәртібі; компенсациялық тауарлар шығуы мөлшерін анықтау тәртібі; көрсетілген режимдерге орналастырылған шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда жауапкершіліктен босату шарттары. КК кедендік бақылауға алып өңдеу режимі аясына қатысты арнайы шектеулер беріледі. КК 165 бабына сәйкес біріншіден, аталған режимді «экономикалык аясат шараларын және тауардың шыккан елін анықтау ережелерін сақтаудан» бас тарту мақсатында қолдануға тыйым салады, екіншіден, «Өңдеу кеден режимдерін қолдану туралы» нұсқаумен тауарларды кедендік бақылауға алып өңдеу режиміне орналастырудың қосымша шарттары енгізілді. Осы нұсқаудың бөлімдеріне орай қөаралып отырған режим кеден органы бастығының жазбаша шешімі бойынша келесідей шарттар сақталғанда үсыныла алады: тауарлардлы Қазақстан Республикасына тікелей өңдеу операциясын жүзеге асырушы кәсіпорын әкеледі; тауарларды әкелетін кәсіпорын заңды тұлға мәртебесіне ие. өңдеу опреациялары кәсіпорынның карапайым технологиялық процесіне сәйкес жүргізіледі; кәсіпорын кеден органына тауарларды өңдеуге әкелу және өңдеу өнімдерін әкету кестесін тиісінше әкелу және әкету даталарын, тауарлардың сандары мен олардың күндарын көрсете отырып, үсынады; кәсіпорын кедендік бақылауға алып өңдеу кедендік тәртібіне орналастыратын тауарлардың есебін жүргізеді және осы таурлар туралы есепті мерзімді түрде, алайда айына бір реттен жиі емес, өңдеу лицензиясын берген кеден органына осы кеден органы бекіткен нысанда және мерзімде үсынады. Есепке алу және есеп беру қүжаттарында есеп берілген датадағы кеден бакылауына алып өңдеу кедендік режиміне орналастырылатын тауарлардың атауы, олардыц саны, оцдеу операциялары, тауарларды оңдеу кезецдері, оцдеу өнімдерінің атауы мси саны және кеден органына кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажсггі озгс мәліметтер болуы қажет; кеден органыныц лауазым иелері кедендік бақылауга алып өңдеу кедендік режиміне орналастырылатын тауарларды оцдсу жоне сақтау поцестерін бақылауга шынайы мүмкіндігі бар; өңдеу өнімдерін жспорг кедендік режиміне сәйкес кері шыгаратыны туралы міндеттемесін үсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет