Сабақтың тақырыбы: «Құрылыс сызбалары»



Дата25.08.2017
өлшемі64,94 Kb.
түріСабақ
Күні: Пәні: «Сызу» сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: «Құрылыс сызбалары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға құрылыс сызбалары туралы мағлұмат беру және оларды оқуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларда құрылыс сызбаларын салуға дағды қалыптастыру, кеңістікте ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза сызуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақтың типі: Жаңа білім алу сабағы

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, технология

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі:

Оқулық, сабаққа арналған оқу таблицасы, үлестірмелер, бейнепроектор,жұмыс дәптері, сызуға керекті құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары салынған жәшіктер.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 4 мин.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: 10 мин.

  3. Жаңа сабақ түсіндіру: 10 мин.

  4. Өз бетімен жұмыс 20 мин

  5. Үй тапсырмасы 1мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

– Оқушылардың назарын сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сынып журналы бойынша оқушылардың үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Сәлематсыздар ма, оқушылар! Отырыңыздар.

  • Балалар, терең дем алайық, иықтарымызды түзеп, бір-бірімізге көңілді қарап, шығармашылық жұмыста бір-бірімізге табыс тілейік!

  • Оқушылар, бірінші кеңістікте ойлау қабілетімізді жетілдіруге арналған жаттығудан бастайық. Көз алдымызға үш те үш бөлікке бөлінген шаршыны елестетейік(суретпен көрсетемін), шаршының ортасында нүкте болсын. Нүкте қозғала бастайды – жоғары, оңға, төмен, төмен, солға, солға. Нүкте қай жерде? (осылай үш рет ойналады.)

  • Өте жақсы! Барлықтарыңның көңілдерің сабаққа ауды және сабаққа дайынсыңдар! Парталарыңда жұмысқа керек нәрселердің бәрі бар.

  • Оқушылар, сіздер партада тұрған қағаз жәшіктер көріп тұрсыңдар,енді сұрақ: «Осы жәшіктерде сабақтың тақырыбына байланысты не болуы мүмкін? Қалай ойлайсыңдар?». (Егер жауаптар дұрыс емес болса,оқушылардан жәшіктерді ашып, ішіндегілерді алу сұралады.)

  • Жәшіктерді ашыңдар. Ішінен не таптыңдар. (Құрылыс материалдары)

  • Осы құрылыс материалдарын ұстаған кезде не сезіп тұрсыңдар?(ауырлық, жеңілдік, суықтық, жылылық).

  • Бұл материалдар не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  • Құрылыс жұмыстарына.

  • Егер осы материалдардан үй салыңдар десе, қайсысынан салар едіңдер?

  • Жақсы, енді ойланып жауап беруге тырысыңдар, кез келген үйдің құрылысы неден басталады?

  • Үйдің сызбасынан.

  • Өте дұрыс! Кез келген құрылысты бастау үшін, әуелі жобасын жасап, жұмыс сызбаларын сызу керек.

  • Сонымен, біздің сабағымыздың тақырыбы: «Құрылыс сызбалары».

Халқымызда: «Әр адам өз өмірін босқа өткізбес үшін үш нәрсе жасау керек екен, бірінші – үй салу керек, екінші – тал егу керек, үшінші – ұрпақ тәрбиелеп өсіру керек» деген ғибрат сөз бар.

  • Алдымен бірінші трек конспект көңіл аударайық. Құрылыс сызбаларын сызу оқу және сызу үшін нені білуіміз керек? (жауаптар: жаңа шартты белгілер, өлшемдер түсіру, осьтік сызықтар, көріністің басқаша түрлері т.б. болуы мүмкін).

  • Өте дұрыс! Сабақ барысында біздер архитектуралық-құрылыс ғимараттарының графикалық көріністерін, олардың ерекшеліктерін, машина жасау сызбаларымен ұқсастығы мен айырмашылығын және олардың практикалық қолданылуын қарайтын боламыз. Тапсырмаларды үш топқа бөлініп, өз беттеріңмен орындайтын боласыңдар. Сонымен сендердің бірінші тапсырмаларың: осы уақытқа дейін оқып үйреніп келген машина жасау сызбасының құрылыс сызбаларынан айырмашылығы мен ұқсастығын өздерің табуларың керек. Жауаптарыңды тірек конспектіндегі таблицаға жазасыңдар. Бұл тапсырманы орындау үшін сендер оқулықты, тірек конспекті, құрылыс сызбаларын қосымша материалдарды пайдалануға болады. Бұлардың бәрі парталарыңның үстінде бар. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. Сұрақ жоқ болса, жұмысқа кірісейік.

  • Уақыт өтті. Қорытындысын шығарайық. Бірінші ұқсастығын көрсетейік. Әр топ кезекпен жауап берді. Әр дұрыс жауап үшін қызыл түсті «дөңгелекше» беріледі. Мұқият болыңдар, бір-біріңді тыңдап отырыңдар, жауап қайталанбау керек.

ІҮ. Өз бетімен жұмыс

Мына тапсырмаларды өз бетімізше орындаймыз:



1 қосымша :

Құрылыс сызбаларының машина жасау сызбаларымен ұқсастығы және айырмашылығы. (3 минут).



(тақтаға барып, дұрыс жауаптар жазылған плакаттарды айналдырып, оқушылармен бірге сызбалардың ұқсастығы мен айырмашылығын тексереміз). (2,3 қосымша)

  • Қорытындысында, өте жақсы оқушылар, бұл тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар.

  • Ал енді теориялық материалды қалай меңгергендеріңді тексеріп қарайық. Ол үшін тірек конспектіндегі тестке жауап береміз. (4 қосымша) Бес сұраққа жауап береміз: «иә» немесе «жоқ» деп. Сұрақ бір рет оқылады, жауап та біреу, өзгертуге болмайды. Сонымен, мұқият боламыз. (Тестіні оқимын).

  • Өз бетімізбен өзімізді тексереміз және бағалаймыз. Дұрыс жауапты тыңдаңдар. Егер қате жоқ болса, онда – 5. Бір қате – 4. (Тексеру жүргізіледі).

  • Қане, қолдарыңды көтеріңдер кім бес алды? Жарайсыңдар, мен сендер қуаныштымын!

  • Енді сендер келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдар деп ойлаймын. Оқушылар, сендер осы уақытқа шейін сызудың әдіс-тәсілін меңгердіңдер. Бірақ бүгінгі тапсырмадағы сызбамыз өзгешелеу болады, өйткені фломастерді, желімді және аппликация техникасын қолданатын боламыз. Бірақ сызу сабағында алған білімдерің мен дағдыларың бұл жерде өте керек болады. (5 қосымша)

1топқа: сызбаға қарап, неше көлемді композиция(үйдің)жасап шығаруға болады?

2 топқа: сызбаға қарап, неше қасбет (Фасад) шығуы мүмкін?

3 топқа: ғимарат жоспары (үстінен қарағандағы көрінісі)

Бұл тапсырманы орындауға 6 минут беріледі.

Уақыт біткеннен кейін әр топ өз жұмысы туралы бір-екі ауыз сөзбен жұмысын қорғайды. Егер кейбір қате кеткен жерлері болса, өзге топқа сұрақ қою арқылы, солардың жауаптары арқылы түзетемін.


  • Жарайсыңдар балалар. Міне бұл құрылыс жобалаудағы алғашқы қадамдарың. Мүмкін, болашақта сендердің іштеріңнен сәулетші не құрылысшы шығар.

  • Міне соңғы тапсырмаға да келдік. Тапсырманың шартын мұқият оқыйық. Сендерге бір қабатты, бір бөлмелі үйдің көрінісі бойынша оның жоспарын (план) сызу. (6 қосымша) .Тұрғын бөлмеге кіру үшін екі есік бар екенін, пештің қалай орналасқанын ескеру керек. Біреуі ашық терраса арқылы, екіншісі асүй арқылы. Пештің мұржасы қасбет жағында. Тапсырманы орындау уақыты: 3 мин.

  • Тапсырмаға берілген уақыт бітті. Енді бір минут ішінде бір-біріңнің сызбаларыңды тексеріп, қателерін табыңдар және бағалаңдар.

V. Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма.


  • Сонымен, оқушылар, бүгін қандай тақырып өттік?

  • Осы тақырыпты өту барысында біз нені білдік?

  • Оқушылардың алған бағаларын айту, күнделіктеріне қою.үйге тапсырма беру.§29 2-жаттығу.

Махамбет атындағы орта мектеп







Күнделікті сабақ жоспары

Сызу пәні

Тақырыбы:


«Құрылыс сызбалары».

Сыныбы: 9


Пән мұғалімі: Е.Пшатаев




2013-2014 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 041a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
041a -> Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
041a -> Сабақтың тақырыбы: "Сүйікті тағамым- қазақша ет "


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу