&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ағылшының тоқыма фабрикаларына Австралия жүнін алып келді). Со-



Pdf көрінісі
бет367/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ағылшының тоқыма фабрикаларына Австралия жүнін алып келді). Со-
нымен қатар ғылыми жаңалықтар адамзатты жаңа шикізат түрлерімен,
мысалы, пластикпен жарылқап, бұрын беймәлім, әлде пайдаланбаған
кремний және алюминий секілді табиғи материалдарды тауып берді.
Химиктер алюминийді 1820 жылы ашты, бірақ оны кен қорытпасы-
нан бөліп алу қиын әрі қымбат шаруа еді. Сондықтан алюминий өте си-
рек кездесті әрі сол кезде алтыннан жоғары бағаланды. 1860 жылдары
француз императоры III Наполеон аса құрметті қонақтарына ғана алю­
миний қасықтар мен ыдыстар қойды, ал қалғандары алтыннан жасалған
ас ішу құралдарын қанағат тұтты5. Алайда XIX ғасырдың соңында хи­
миктер алюминийді кен қордасынан көп мөлшерде әрі арзан ажыратып
алудың тәсілін тапты. Қазіргі кезде ол жылына 30 миллион тонна алю­
миний өндіреді. Ғайыптан тайып III Наполеон ұрпақтарының алюминий
фольгаға бутерброд орап жүргенін көрсе, есінен танып қалатын шығар.
Екі мың жыл бұрын Жерорта теңізі жағалауының тұрғындары те-
рісі кеуіп кетпеуі үшін денелерін зәйтүн майымен сылады. Қазір оған
арналған крем бар. Міне, қолға жағуға арналған қазіргі ең қарапайым
крем құрамындағы ингредиенттерді қараңыз:
тазартылған су, стеарин қышқылы, глицерин, каприлик/каприк триглицерид, про-
пиленгликоль, изопропилмиристат, адамшөп тамырының сөлі, жұпарлауыштар,
цетил спирті, диметикон, аюқұлақ жапырағының сөлі, магний аскорбильфосфа-
ты, имидазолидинил - несепнәр, метилпарабен, камфора, пропилпарабен, гид-
роксийзокексил-3-циклогексен карбоксальдегид, гидроксицитронеллаль, лина-
лол, бутилфенил метилпропиональ, цитроннелол, лимонен, гераниол.
Оның қүрамындағы элементтердің бәрін түгелдей соңғы 200 жыл-
да жасаған немесе ойлап тапқан.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия қоршауда қалды, оған шикі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет