&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


меген бір гуіл шығып жатты. Алыстан жеткен осы гуіл индустриялық



Pdf көрінісі
бет363/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

меген бір гуіл шығып жатты. Алыстан жеткен осы гуіл индустриялық
революцияның хабаршысына айналды. Бастапқыда қүмыға естілген
дыбыс - бу қозғалтқыштардың гуілі - онжылдықтар өткен сайын күше-
йіп, әлемнің құлағы тұнып қалғанынша қаттырақ шыға берді.
Бу қозғалтқыштарының алуан түрі бар, бірақ олардың жұмыс істеу
ұстыны жалғыз: жанған отын (мысалы, көмір) жылу бөледі, осы жылу
әсерінен су қайнап, бу бөледі. Бу көлемі ұлғайып, клапанды басады.
Ол орнынан қозғалады да өзімен қосақтаулы нәрсенің бәрін қимыл-
датады. Осылайша жылу қимыл-қозғалысқа айналады. XVIII ғасырда
ағылшын инженерлері клапанды шахта түбінен су айдап шығаратын
сорғыға жалғады. Алғашқы бу қозғалтқыштары тым қолапайсыз, тиім-
сіз болды. Аз ғана су айдау үшін таудай көмір жағуға тура келді. Ал кө-
мір дегенің шахтада жетіп артылатын, сондықтан ешкім бұл кемшілікке
мән беріп жатпады.
Келесі онжылдықта ағылшын кәсіпкерлері қозғалтқышты жетілдіру
амалын тапты: оны шахтадан жоғарыға алып шығып, тоқыма стано-
гына қосты. Бұл орасан зор мөлшерде арзан маталар өндіруге жол
ашып, тоқыма саласын түлетті. Қас қағым сәтте Англия әлемнің ең
басты шеберханасына айналып шыға келді. Бірақ мацыздысы басқа
291


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
нәрсе еді: бу қозғалтқыштың шахтадан жер бетіне шығуына байла-
нысты психологиялық кедергі опырыла құлады. Көмір жағып, тоқыма
білдегін қимылдатудың орайы келсе, онда тап осылай барлық нәрсені
қозғалта беруге болады ғой. Мәселен, көлікті.
1825 жылы ағылшын инженері бу қозталтқышын көмір тиелген ва-
гондар тізбегіне орнатты. Паровоз вагондарды шахтадан таяу манда­
ты айлаққа дейін рельс үстімен 20 шақырымдай сүйреп апарды. Бүл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет