ТӨР ТІНШ І БӨЛІМ
41. Харлоудың жетім мешінектерінің бірі - «сым енесіндегі» құтыдан сүт еміп жатқан
кезде де «мата мамасының» киіміне тастай жабысып алған.
Бүдан арғы зерттеулер барысында, Харлоудың жетім мешінекте-
рі жақсы ас ішсе де, эмоциялық тұрғыдан икемсіз болып өскендерін
көрсетті. Олар маймылдар қоғамына кіріге алмады, араласып-қүрала-
суы қиын болды, үрей мен агрессияның тым молдығынан жапа шекті.
Қорытындысын қолға ұстатқандай еді: мешінектердің материалдық
қажеттіктеріне қоса психологиялық мұқтаждықтары да бар еді, ондай
мұқтаждық өтеусіз, қанағаттандырылмай қалса, жануарлар да жапа
шегіп, кәдімгідей күйзеледі екен. Келесі онжылдықтардағы көптеген
зерттеулер нәтижесі мұның тек маймылдарға емес, басқа да сүтқо-
ректілерге, сондай-ақ қүстарға да қатысы бар екенін дәлелдеді. Бірақ
Харлоу эксперимент күніне миллион мәрте жасалып жүр: фермерлер
бұзауларды, қошақандар мен басқа да төлдерді енесінен белек, оқ-
шаулап өсіреді8.
Он миллиардтаған ауыл шаруашылығы жануарлары конвейердің
тетігіндей хал кешсе, 50 миллиардқа жуығы жыл сайын бауыздалады.
Мал бағудың осынау өнеркәсіптік әдісі аграрлық өнімдердің және адам-
ның азықтық ресурсының едәуір өсуіне алып келді. Өсімдік шаруашылы-
ғын механикаландыру ісімен үйлесім тапқан өнеркәсіптік мал шаруашы-
Достарыңызбен бөлісу: