Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындарының негізінде пайда болып қалыптасқан



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі29,05 Kb.
#82431
  1   2
Байланысты:
Көңілді ойындар


Түсінік хат


Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындарының негізінде пайда болып қалыптасқан. Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, жерін, елін сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған.Ол-ұлттық ойындар Сол себепті халқымыз ұ лттық ойындарды балардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастарының даму, мінез-құлқы мен тапқырлығының, қырағылығының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған . Ұлттық ойындардың спорттық ойындар сияқты өз ережесі болады.Ойын бала өмірінің мәңгілік нәрі. Ғылым мен технология қарыштап дамыған қазіргі заманда өрендерге ермек көп. Әсіресе компьютер көпшіліктің ой-санасын жаулап алғандай. Бірақ компьютердегі ойын атыс-шабыс, жұдырықтасу мен күш көрсетуді көбірек уағыздайды. Әлі ақыл-есі орнықпаған сәбидің денсаулығы мен сана сезіміне, жүйкесіне зиян екені баршаға белгілі.
Қазақтың ұлттық ойындарының қайсысын алсаңызда қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Сондай ақ, ұлттық ойындар қазақ халқының қайталанбас мәдениеті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындарға аса назар аударып, ұрпағының бойына салт дәстүрін сіңірген. Сол арқылы тәлім тәрбие берген. Бұл бекер емес. Әрбір ұлттық ойын адам баласын өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпауға, тығырықтан жол таба білуге үйретеді .Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді.
Мұғалім жасалған сабақ жоспарының негізінде ойынды қалай өткізу жолын таңдайды. Ойынды бастау алдында уақытты көп кеірмес үшін оның ойналу тәртібін , яғни ережесін ауызша баяндаудан гөрі балаларды дереу ойынды бастар қалыпқа тұрғызып, өзі көрсетіп, ойнатқаны тиімді. Сонда ол балаларға ұғынықты болып, ойнаған кезде ойын ережесі бұзылмайды. Жалпы, ойынның ойналу барысы оқушылардың дайындығына, ынта-жігеріне байланысты. Қандай да болмасын денені жаттықтырушы сабақты өткізу үшін сабақтың мақсатына қарай оның жоспары жасалып, ойындар іріктеліп алынады. Бұл іріктеліп алынған ойындардың қандайы да болмасын балаларды сабаққа ынталандыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Ойынды өткізу алдында оған керекті жабдықтардың бар-жоғын, жеткіліктігін, сабақ өткізілетін орынның дайындығын білу керек. 
Жақсы денсаулық –адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында да дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Жас жеткіншектің денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.





Мақсаты:


Оқушылардың ұлттық ойындар арқылы рухани қабілеттерін дамыта отырып, ұлттық мәдени бағыттағы ойындармен жаттығуларды үйрету арқылы жылдамдықты, шапшаңдықты,ептілік пен тапқырлықты арттырып, адамгершілік және ерік-жәгер қасиеттерін дамыту.


Міндеттері:

1. Баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру,


оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтыру оқу
бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу.

2.Балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға


әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.

3.Ұлттық ойындарды ойнату арқылы балаларды ұжымдыққа, ауызбірлікке


ынталандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет