Дизентерия (Шигеллез)



Дата02.02.2022
өлшемі37,05 Kb.
#116891
Байланысты:
Дизентерия


Дизентерия (Шигеллез)

 

Дизентерия (қантышқақ) - жалпы уыттану (интоксикация) белгілерімен және асқазан-ішек жолдарының, оның ішінде тоқ ішектің шеткі (дисталды) бөлігінің зақымдалу белгілерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Дизентерия антропонозды ауру, яғни тек қана адамнан адамға ғана жұғады. Инфекция көзі аурудың жедел түрімен ауыратын науқас адам, созылмалы, жасырын, субклиникалық, инаппаранттық түрімен ауыратын науқастар және бактерия тасымалдаушылар болып табылады. Аурудың жұғу механизмі- фекалды-оралды. Сонымен бірге тағам, су, қарым-қатынас арқылы да жұғады.

Сау адам организміне қоздырғыш ауыз арқылы күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қолмен, ауыз су, жуылмаған жеміс-жидектер, тағамдармен бірге енеді. Сонымен қатар жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, азық-түліктер, шигеллаларды тасымалдаушы шыбындар арқылы ластанып, аурудың жұғу факторларының бірі болады. Емізулі балалар үшін инфекция көзі анасы болып табылады, яғни дизентерияның жасырын түрімен және басқа танылмаған түрімен ауыратын күтуші адамдарда болып табылады. Бұл аурумен көбіне барлық жастағы балалар ауырады. Аурудың көбіне жазғы-күзгі мезгілде көтерілуі болады.

Дерт қоздырғышы SHIGELLA туыстығына жататын бактериялар. Инкубациялық кезең 1-7 күн орташа 2-3 күн. Кейде 2-12 сағатқа қысқаруы мүмкін. Аурудың түрлері, варианттары, ауырлығы, шигеллалардың жұғу жолына, олардың улылығының күшіне, макроорганизмнің қабылдағыштығымен иммунитетіне байланысты болады.

Аурудың жеңіл түрінде қызба қысқы уақытта, бірнеше сағаттан, 1-2 тәулікке созылады. Дене қызуы 38°С-ге көтеріледі. Іші аздап ауырсынады, әсіресе дәретке отырар алдында болады. Ауырсыну көбіне сол жақ мықын аймағында болады. Кейбір науқастарды жалған дәрет болады. Нәжісі жартылай сұйық, ботқа тәрізді болады. Іш өту күніне 10 рет. Нәжісте кілегей, қан жай көзбен көрінбейді. Науқасты қараған кезде, тілі ақ жабынмен жамылған, сигма тәрізді ішектің спазмы және аздап ауырсынуы байқалады. Ректороманоскопиямен зерттегенде катаральді, катаральді-геморрагиялық және катаральді-жаралы жайылмалы проктосигмоидитті анықтауға болады. Интоксикация және диарея 1-3 күнге созылады. Кішкентай балаларда дизентерия өзіндік ерекшеліктерімен өтеді. Дизентерияға тән колиттік белгілер, нәжістегі патологиялық өзгерістер анық білінбейді, тенезмдер байқалмайды. Оның орнына іші ауырып, дәретке отырарда бала қатты шыңғырып жылап, қызарып кетеді.

Орташа ауыр түрінде интоксикация және колиттік белгелер айқын білінеді. Ауру жедел басталады. Дене қызуы қалтыраумен 38-39° қа көтеріледі және осы деңгейде бірнеше сағаттан, 2-4 тәулікке созылады. Науқас әлсізденеді, басы ауырады, басы айналады, тәбеті төмендейді. Іш өту ауру басталғаннан 2-3 сағаттан кейін басталады. Іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну пайда болады. Жалған дәрет, тенезм пайда болады. Іш өту күніне 10-20 ретке дейін жетеді. Нәжіс аздап сұйық, кілегей және қан аралас болады. Науқасты обьективті қарағанда адинамия, ашуланшақ, терісі бозарады. Тамыр соғысы жиілейді, систолалық қан қысымы 100 мм с.б. бойынша төмендейді. Жүрек тоны тынықталады. Тілі ақ қалың жабындымен жамылған, құрғақ. Ішті пальпациялағанда сигма тәрізді ішек және тоқ ішектің кейбір бөліктерінде ауырсыну және спазм байқалады. Ректороманоскопиямен зерттегенде жайылмалы катаральді-эрозивті өзгерістер және қан құйылған жерлерді байқауға болады. Кейде кілегей қабаттың жаралары байқалады. ЖҚА нейтрофильді лейкоцитоз 8-10. 10°/ л , сәл солға ығысқан. Интоксикация мен диарея 2 ден 4-5 күнге созылады. Тоқ ішек бойындағы ауырсыну ұзағырақ сақталады. Тоқ ішектің кілегей қабатының толық жазылуы және ағзаның барлық қызметі қалыпқа 1-1,5 айдан соң орнына келеді.

Дизентерияның колиттік түрінің ауыр түрі. Ауру тез дамиды. Улану белгісі өте айқын. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің бұзылысы ауыр болады. Ауру өте жадал басталады. Дене қызуы тез арада 40° қа көтеріледі. Қалтырау болады. Науқас басының қатты ауыруына, әлсіздікке, аяқ-қолдарының құрысуына, төсектен тұрағнда басының айналуына, тәбетінің жоғалуына шағым айтады. Кейде жүрегі айну құсу, ықылық ату болады. Науқастың іші қатты ауырсынады, өте ауыр тенезм, жиі жалған дәрет болады. Іш өту күніне 20 дан көп кейде санын да білмейді. Тік ішек сфинктерлерінің парезінің нәтижесінде анустың ашық тұруына әкеп соқтырады. Үлкен дәрет қанды –некрозды ет жуындысына ұқсас болады. Тамыр соғысы жиілейді, қан қысымы төмендейді, әсіресе диастолалық. Жүрек шекаралары кеңейеді. Жүрек тондары тының, өкпе артериясының үстінде 1 тонның акценті байқалады. Тілі күрең түсті жабындымен жамылған және құрғақ болады. Тоқ ішекті пальпациялау қатты ауырсынудың нәтижесінде қиын болады. Ректороманоскопиямен зерттегенде тоқ ішектің кілегей қабатында фибринозды кабыну және көптеген қан құйылу мен некроз ошақтары анықталады. Фибринозды жабындылар түскеннен кейін, орнында жәй жазылатын жара пайда болады. ЖҚА лейкоцитоз 12-15. 10/л , нейтрофилез, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы айқын. ЭТЖ 30мм/с жоғары. Зәрде белок, эритроцит, табылады. Аурудың шарықтау кезеңі 5-10 күнге созылады. Жазылу кезеңі өте жай болады. Тоқ ішектің ауырсынуы 3-4 аптаға дейін сақталады. Кілегей қабаттың жазылуы 2 айға созылады.

Жедел дизентерияның колиттік түрінің өте ауыр түрі: Ауру аяқ астынан өте ауыр түрде тез басталады. Дене қызуы тез 41° қа тез көтеріледі. Қалтырау өте ауыр болады. Жалпы улану белгісі өте ауыр түрде көрінеді. Осы кезде колиттік белгілер дамымай тұрып асқыну белгілері пайда болуы мүмкін. ИТШ, инфекциялық-токсикалық энцефалопатия дамуы мүмкін. Соңғы жылдары дизентерия ауруының ауыр түрі жиі кезедседі. Өйткені Флекснер дизентериясының 2а морфологиялық түрінің патологиялық процессінің тез жайылмалылығына байланысты. Аурудың 95% де ток ішек, мықын ішегінің, кейде аш ішектің тотальді зақымдалуы болады. Аурудың кезеңдеріне байланысты, тоқ ішекте қабынудың катаральді-фибринозды, катаральді-жаралы, геморрагиялық, флегмонозды-некрозды және жайылмалы жаралы түрлері пайда болды. Аш ішекте катаральді-фибринозды өзгерістер байқалады.

Асқынуы. ИТШ, Инфекциялық-токсикалық энцефалопатия, ішектің перфорациясы, перитонит, ішектің түйілуі, басқада жұқпалы бактериялардың немесе вирустардың қосымша жұғуына байланысты кұлақтың, өкаенің, зәр жолдарының қабынуы болады, және ішек дисбактериозы дамиды. Болжамы, науқастардың бұл аурудан сауығуы болады. Жас нәрестелер арасында ауру барысында басқада аурулар қосымша болса, және ауыр түрде өтсе, нәресте қайтыс болуы мүмкін.

Дизентериямен ауырған науқас жазылғаннан кейін диспансерлік бақылауда 1 ай болады. Ал, созылған, созылмалы түрлерінде 3 ай диспансерлік бақылауда болады.

Аурудың жеңіл түрін үй жағдайында емдеуге болады. Үй жағдайындада науқастың диетаны сақтауын қадағалау, көп мөлшерде сұйықтық ішкізу, балалардың жасына сәйкес тамақтармен аз мөлшерде, жиірек тамақтандыру, емізулі балаларды ана сүтімен қамтамасыз ету, егерде жасанды тамақтанатын нәрестелер болса, оларға арнайы қышқыл сүт қоспаларын тағайындау керек. Қоспаларды тағайындау кезінде нәрестелердің дене салмағына, табиғи және жасанды тамақтануына көңіл бөлінеді. Дизентерия ауруының орташа ауыр, ауыр түрлері жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді. Ауруханада науқастарды ауруханаға түскен мерзімі мен дизентерия түрінің қай түрі екенін ескере отырып, бөлек жатқызылады. Мұндада емдік диета сақталады. Диетаны аурудың өту кезеңіне және ішектің қабыну дәрежесіне қарап, тағайындайды. Алғашқы кезде №4 диета, кейін №2 диетаға көшіріледі.

Алдын алу шаралары.

1. Науқасты оқшаулау.

2. қарым қатынаста болған адамдарды бақылау, тексеруден өткізу,

3. дезинфекция.

Ауру кезеңінде, жазылғанға дейін күнделікті зарарсыздандыру жүргізу, науқасты стационарға жатқызғаннан кейін немесе жазылып, стационардан шыққаннан кейін қорытынды зарарсыздандару жұмысын жүргізу. Ең бастысы жеке бас және қоршаған орта тазалығын қатаң сақтау, азық-түлікті дұрыс жинап сақтау және тазарту керек. Балалар бақшасында, мектепте, оқу орындарында, арнайы алдын-алу шараларын жүргізу. Шигелла қоздырғышын таратушы адамдар жұмысқа жіберілмейді. Арнайы дизентерияның алдын алу үшін дизентрия бактериофагын қолдану.



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет