Модуль атауы: Бөлшектерді өңдеу
Мамандығы: 07161300 техникалық қызмет көрсету, жөндеу және
автомобиль көлігін пайдалану
Біліктілігі:4S07161304 Техник-механик
Курс: 3 Топ: АР-111б, АР-21б
Оқыту түрі:Негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны: 120 , кредит саны: 5
Әзірлеуші (-лер): ___________ Есен Г.Ж.
(қолы)
___________ Бешен М.
(қолы)
___________ Толегенова А.С.
(қолы)
___________ Әбілмәжін К.Ә.
(қолы)
___________ Медеубаев Б.Т.
(қолы)
№9 “Кәсіптік оқыту, электротехника және автокөлік құралдары” кафедра отырысында қаралды. 28.08.2023ж, №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Умарова Ш.А (қолы)
Оқу жұмыс бағдарламасы педагогикалық және оқу-әдістемелік кеңес отырысында мақұлданып, бекітілді 31.08.2023ж №1 хаттама
Түсіндірме жазба
Пән/модуль сипаттамасы Оқу жұмыс бағдарламасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына / Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 5-қосымша / және әлеуметтік серіктестердің ұсыныстарына сәйкес 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына құрастырылды.
Бұл модуль автокөлік саласында қолданылатын металдар, қорытпалар, және материалдар туралы негізгі түсінік қалыптастырып, бөлшектерді өңдеу әдістері, сызбалар мен құрама бөлшектерді орындап және оқи білуге қатысты білім беруді сипаттайды.
Модульді оқу мақсаты- техникада және жөңдеу өндірісіне қажетті металдар мен қорытпаларды, пластмассалар мен бейметал өнімдерді өндіру әдістерінің заманауи тәсілдерін меңгеру, металдар мен басқа да құралымдық материалдарды өңдеу, тетіктер мен құрама бөлшектердің сызбаларын орындауға қажетті білім беру болып табылады.
Бұл курсты оқудағы студенттердің міндеті төмендегідей:
-металдарды алудың негізгі технологиялық процесстері;
-металдарды және басқа да құрылымдық материалдарды өңдеудің негізгі технологиялық процесстері;
-бөлшекті дайындауды тездететін және материал шығынын азайтуға бағытталған заманауи технологиялық процесстерді оқып-білу.
Жалпы көлемі – 120 сағат, оның ішінде:
- тәжірибелік сабақтар – 48 сағат
- өндірістік оқыту – 72 сағат
Оқыту нәтижелері жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес бөлінеді.
Құрылымдық материалдардың белгіленуі мен маркировкасын, жіктелуін түсінеді және автокөліктер агрегаттары мен механизмдерінде қолдана алады.
Жылжымалы құрамды тозудан қорғаудың тәсілдерін салыстырып, автокөліктің белгілі бір торабын өңдеудің тиімді тәсілін таңдайды.
Тетіктер мен құрама бөлшектердің сызбаларын орындайды.
Слесарлық және станок жұмыстарында бақылау- өлшеу аспаптарын қолданады.
Құрылымдық материалдардан автокөлік бөлшектерін дайындаудың заманауи технологиялық процестерін қолданады және біледі.
Машина бөлшектерінің негізгі сипаттамаларын біледі.
Автокөлікті жөңдеу жұмыстары кезінде құралдарды тиімді таңдап, слесарлық жұмыстар кезінде қолдана алады.