Қысқаша түйіндеме


Білім берудің мазмұнын жаңарту



бет47/50
Дата05.02.2022
өлшемі4,06 Mb.
#18105
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Білім берудің мазмұнын жаңарту
12 жылдық білім берудің моделін енгізу мектептегі білім беруді әлемдік тәжірибенің талаптарына сәйкестендірудің қажеттілігімен түсіндіріледі. 11 жылдық мектеп түлектерге Еуропалық біліктілік жиектемесінің тек 3-деңгейіне ғана шығуға мүмкіндік береді. 12 жылдық мектептегі оқыту ұлттық деректерді халықаралық деңгейде салыстыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, білім берудің білім-орталықшыл моделінен құзыреттілік моделіне өзекті өтуді толыққанды жүзеге асыру мектептегі оқытудың қосымша бір жылын керек етеді.
Баланы мектептегі білім беру процесіне ерте енгізудің экономикалық аспектілері де бар – баланың 6 жасына дейін біліміне жұмсалған мемлекеттік салымдардан қайтарымы, басқа жаспен салыстырғанда, максималды. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің индексі рейтингінің үздік 30 мемлекетінің 26 оқыту
12 жылдық үлгісі бойынша жүргізіледі (тек Малайзияда 11 жылдық), бір елде 14 жылдық (Ирландия) және екеуінде 13 жылдық мектеп жұмыс істейді (Нидерланды және Норвегия). Сонымен қатар, ЭЫДҰ
34 мемлекетінің 23 елінде 12 жыл, 8 елде 13 жыл және 3 елінде 14 жыл оқытады.
Бастауыш білімнің жаңартылған мазмұнына өтуді қамтамасыз ету Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА және НЗМ Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білімнің стандарты (МЖББС)31 әзірленді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын сүйемелдеудің нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу барысында негізгі және жалпы орта білімнің МЖС32, білім алушылар білімін бағалаудың критерийлері33, бастауыш білімнің оқу жоспарлары және бағдарламалары34 бекітілді.
МЖББС келесі түбегейлі жаңа сипаттармен ерекшелінеді35:
1) алғаш рет білім берудің құндылықтары, Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеялар нақты жазылды: «Мәңгілік ел», «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», «Қазақстан – менің Отаным» стандартта құндылықтар ретінде ұсынылады;
2) мектептен «шыққанда» күтілетін нәтижелер алғаш рет кең спектрлі дағдылардың тізбесі түрінде: сыни ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, коммуникативтік қарым-қатынас тәсілдерін пайдалану, оның ішінде тілдік дағдылар да, топта және жеке жұмыс жасау, білімді шығармашылық қолдану белгіленді. Білім беру салалары, оқу пәндері, бөлімдері және тақырыптары бойынша күтілетін нәтижелер түрінде бастауыш мектепте оқыту мақсаттарының көпдеңгейлі жүйесі құрылды;
3) бала дамуының өтпелі (дағдарыс) кезеңдерінің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескерумен ұзақтығы 1 жылға ұзартылған бастауыш мектептің жаңа моделі құрылды. Бастауыш мектептің мерзімін ұзарту барлық компоненттерді: оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, нысандарын, құралдарын жаңартуға бағытталды;
4) белгілі критерийлер бойынша (білу, түсіну, қолдану, талдау, жасау) оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде білім сапасын бағалаудың жүйесі құрылды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бұл жүйесі оқушының прогресін объективті бағалауға және әр оқушыға өз дамуының жеке траекториясын құруға мүмкіндік береді;
5) мектептегі өмірдің жаңа философиясы негізінде оқытудың қолайлы, мейірімді және қауіпсіз ортаны жобалаудың алғышарттары жасалды.
2015-2016 оқу жылы 30 пилоттық мектептің 143 жиынтық сыныпта (1 сынып) МЖББС апробациясы басталды. Бірінші сынып оқушыларының саны - 3 454, оның ішінде қазақ тілінде оқитын сыныптарда 1 915 бала болды.
Бастауыш сыныптың 143 мұғаліммен қатар, апробацияға 286 пән мұғалімі қатысты (2.2.32 - сурет).
.2.32 - сурет. МЖББС апробациясына қатысатын пән мұғалімдері, адам
Дереккөз: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА
МЖББС апробациясының мониторингін білім берудің жаңартылған мазмұнының тәжірибесін трансляциялау орталығы (Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА) НЗМ қолдауымен жасайды. Мониторингтің басты мақсаты - білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының және ОӘК сапасын және тиімділігін, сонымен қатар критериялық бағалау жүйесін бағалау. 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушыларына «кірістегі» диагностикалық тестілеу өткізілді. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ауылдық мектептердің қалалық мектептерден білім сапасы жағынан артта қалуын атап өтті, бұл республика бойынша жалпы көріністі де айқындайды. Пилоттық және бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушылары өзінің отаны, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, сонымен қатар табиғат мезгілдері туралы танымдары бойынша неғұрлым төмен көрсеткіштерді көрсетті, бұл «Әлемтану» пәнінің мазмұнын жаңартудың өзектілігін куәландырады. Бірінші сынып оқушылары тура және кері есеп, қисынды пайымдау, заттарды салыстыру, сонымен қатар есеп, сан және геометриялық фигураларды білуден неғұрлым жоғары нәтижелерге ие болды.
Оқу жылының аяғында «шығыстағы» диагностикалық зерттеу өткізілді. Нәтижесінде балалардың оқу көрсеткіштерінің орташа балы, оқуда болған прогреске қатысты айтарлықтай жақсарғаны анықталды (2.2.33 - сурет).

2.2.33-сурет. Пилоттық және бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушыларының апробацияға кірістегі және шығыстағы нәтижелері, 2016 жылы



Дереккөз: «Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА» РМҚК
Пилоттық мектеп оқушыларының «шығыстағы» орташа балы 137,7 құрады, бұл бақылау мектептері білім алушыларының орташа балынан 7,3-ке артық (130,4). Сонымен қатар, пилоттық мектептердің бірінші сынып оқушылары, бақылау мектептерінде білім алушыларға қарағанда (+11,9 балл), орташа балдың айтарлықтай прогресін (+24,8 балл) көрсетті. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА пилоттық мектептер оқушыларының мұндай артықшылықтарды барлық пәндер бойынша атап өтеді. Бұл білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламаларының пилоттық мектептер оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастырудағы тиімділігін көрсетеді.
Оқушылар көрсеткіштерінің қала/ауыл тұрғысынан айтарлықтай жақсаруын да атап өткен жөн. Осылайша, 2,7-балдық айырмашылықпен, қалалық жердегі пилоттық мектептердің орташа балының ілгерілеуі +25,3, ауылдық жерде +22,6 болды. Қалалық жердегі бақылау мектептерінде бұл көрсеткіш +13,6, ауылдық жерде +6,9, яғни 6,7-балдық әртүрлі болды (2.2.34-сурет).
2.2.34-сурет. Пилоттық және бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушыларының апробация нәтижелерінің ілгерілеуі, өсім балы, 2016 жыл

Дереккөз: «Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА» РМҚК
Білім берудің жаңартылған мазмұнының оқулықтар мен ОӘК апробациясының қорытындысы бойынша да пилоттық мектептер бастауыш сынып мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан пилоттық мектептер мұғалімдерінің басым бөлігі «Алматыкітап» және НЗМ баспаларының оқулықтарын таңдады (олардан басқа «Мектеп», «Атамұра», «8&8» баспаларының оқулықтары бағаланды).
Білім берудің жаңартылған мазмұнының 1 сыныпқа арналған оқулықтары мазмұнның оқу бағдарламасына сәйкес келуі, ұлттық және жас ерекшеліктерді ескеру және материалдардың бөлімдер, тақырыптар бойынша тиімді үйлестірілуі, олардың бір-бірімен байланысы және т.б. критерийлер бойынша бағаланды.

Көптілді білім беру бастамасы бүкіл әлемде өзекті. Ағылшын тілінің жалпыға бірдей тану, заманауи ғылым тілі ретіндегі бірегей позициясы қажетті ақпараттың абсолюттік көп бөлігі осы тілде қолжетімді екенін білдіреді.




Қазақстанда жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін ағылшын тілінде оқытатын 101 мектеп болды. Бұл мектептерде математика, биология, физика, химия, информатика, география пәндерін ағылшын тілінде 796 сыныпта 432 мұғалім оқытты (көп бөлігінде 7-11 сынып оқушылары қамтылған). Астана қаласының 17 мектебінде үш тілде оқыту енгізілді36. Оқу пәндері инварианттық және варианттық компоненттерден алынды.


7-КІРІСТІРМЕ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет