Дереккөз: ҰКПҒПО
ҰКПҒПО оңалту орталықтары және арнайы кабинеттер мұғалімдерінің кадрлық әлеуетін арттыруды ұйымдастырады, арнайы білім беру ұйымдарының білім алушыларына коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. 2011-2015 жылдары біліктілікті арттыру курстарынан 7 288 мұғалім немесе арнайы білім беру саласының мамандарының жалпы санынан 83% өтті (2.2.12 - сурет). Біліктілікті арттырған мұғалімдердің басым үлесі - 60% арнайы мектептерде жұмыс істеді.
2.2.12 - сурет. Арнайы білім беру мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі, %, 2011-2015 жылдары
Дереккөз: ҰКПҒПО
ҰКПҒПО базасында 2015 жылы біліктілікті арттыру курстарында коррекциялық педагогиканың 321 қызметкері, оның ішінде арнайы білім беру ұйымдары мен оңалту орталықтарының логопедтері, психологтері және әлеуметтік мұғалімдері оқытылды. Орталық есту және сөйлеу қабілеттерді дамытуға арналған компьютерлік оқыту бағдарламалары сияқты ерекше білім беру қажеттіліктермен балаларды оқытудың озық технологияларын қолданады.
1-КІРІСТІРМЕ.
Достарыңызбен бөлісу: |