Қысқаша түйіндеме



бет2/17
Дата30.01.2017
өлшемі4,06 Mb.
#8304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Дереккөз: ҚР БҒМ

Елімізде 111 мемлекеттік емес мектеп жұмыс істеді. Олардың


4 ауылдық жерде орналасқан (3 - Алматыда2 және 1 - Ақмола3 облысында), онда 22 365 оқушы білім алды.

Соңғы бес жылда елдің жеке меншік мектептерінің желісі айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады (2011ж. - 112, 2015ж. - 111),


ал мектеп оқушыларының контингенті 24% (4 349 адам) өсті. Осындай мектептерде 3 084 мұғалім, оның ішінде 55% (1 705) жоғары санатымен және 21% (643) бірінші санатымен жұмыс істеді.

Мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беретін мектептермен қатар, оқушылар мектептегі білім алу құқығын елдің кешкі және арнайы мектептерінде іске асыра алды (2.2.1 - сурет).


2.2.1 - сурет. Кешкі және арнайы мектептер желісі, бірлік


Дереккөз: ҚР БҒМ

2015 жылы Қазақстанда денсаулығында түрлі кемшіліктері бар


14 337 бала оқитын 100 арнайы мектеп жұмыс істеді. Оқу процесін
6 165 педагогикалық қызметкер қамтамасыз етті. Оның ішінде 24% (1 498) жоғарғы біліктілік санаты болды. Арнайы мектептер мұғалімдерінің
22% (1 374) бірінші санаты болды.

79 кешкі мектептердің оқушылар контингенті 14,3 мың адамды құрады (2.2.2 - сурет). Өз кезегінде, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда айтарлықтай азаймады. Дегенмен, 2014 жылмен салыстырғанда оқушылардың өсімі 21% (2 463) құрады. Кешкі мектептердің оқушыларын 1 181 мұғалім, оның ішінде 12% (138) жоғарғы санатымен және 25% (300) бірінші санатымен оқытты.


2.2.2-сурет. Кешкі және арнайы мектеп оқушыларының контингенті, адам


Дереккөз: ҚР БҒМ

Соңғы 5 жылда қазақстандық мектептердің жалпы желісі 185 бірлікке - 2011 жылғы 7 696-дан 2015 жылғы 7 511-ге дейін қысқарды.


Өз кезегінде оқушылардың контингенті 283 мың адамға өсті (2.2.3 - сурет).
2.2.3 - сурет. Мектеп желісінің және контингентінің өзгеруі

Дереккөз: ҚР БҒМ

Қазақстанның 3 777 мектебі оқытуды қазақ тілінде және


1 262 мектебі орыс тілінде жүргізді. Сонымен қатар мемлекетте аралас тілде оқытатын 2 мың мектеп болды (2.2.2 - кесте).
2.2.2 - кесте. Оқыту тілі бойынша күндізгі мемлекеттік мектептер, 2015 жыл


Оқыту тілі

Желі, бірлік

Контингент, адам

Қазақ

3 777

1 792 223

Орыс

1 262

832 173

Аралас тілдер

2 088*

*қазақ/орыс тілдерінде білім алушылардың санына енді

Өзбек

16

80 655

Ұйғыр

13

15 067

Тәджік

4

4 009

Дереккөз: ҚР БҒМ
Қазақ тілін оқыту саласындағы мемлекеттік саясат тұрақты жүзеге асырылады. Ата-аналар мен оқушылардың басым бөлігі мемлекеттік тілде оқуға ниет білдіреді. 16 жылда қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларының үлесі 13% өсті (2.2.4 - сурет).
2.2.4 - сурет. Қазақ тілінде оқытатын мектептер оқушыларының үлесі, %



Дереккөз: ҚР БҒМ
7 160 күндізгі мемлекеттік мектептің ішінде 5 259 жалпы білім беретін, 1 062 негізгі орта және 839 бастауыш мектеп болды. Күндізгі мемлекеттік мектептердің 76,7% ауылдық мектептер болды, онда оқушылардың 48% білім алды. Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 2015-2016 оқу жылының басында білім алатын оқушылардың жалпы саны 2 724 127 құрады (2.2.5 - сурет). Өз кезегінде, оқушылардың өсімі 108 229 адамға тең болды, бұл 2014-2015 оқу жылындағы көрсеткіштен (90 851 адам) айтарлықтай жоғары.

Жалпы алғанда, соңғы бес жылда мемлекеттік мектептердің саны


305 бірлікке қысқарды, ал онда білім алатын оқушылардың саны
245 083 адамға өсті.
2.2.5-сурет. Күндізгі мемлекеттік мектептер желісі мен контингентінің өзгеруі
Дереккөз: ҚР БҒМ

Оқушылар санының айтарлықтай өсімі 2008, 2009 және


2010 жылдары бала туу санының өсуімен түсіндіріледі. 2015 жылы бірінші сыныпқа 341 971 бала қабылданды, бұл 2014 жылғы қабылдаудан
12 мыңға артық (329 931).

2014 жылмен салыстырғанда сыныптардың орташа толымдылығының көрсеткіштері өзгермеді. Бастапқы буында


(1-4 сыныптар) оқушылардың сыныптағы орташа саны - 19, 5-9 сыныптарда - 18 және жоғарғы сыныптарда (10-11/12) - 15 оқушы. Астана және Алматы қалаларында (орта есеппен 24), сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында (орта есеппен сыныпта
21 оқушы) сыныптар оқушылармен неғұрлым тығыз толымдалды.

Еліміздің мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер оқушылар санының жыл сайын өсуі, бұрынғыдай, шағын жинақты мектептердің4 жұмыс істеу мәселелері өзекті болып отыр.



2015 жылы елімізде 3 161 ШЖМ жұмыс істеді, онда 214 551 (8%) оқушы білім алды. 2011 жылмен салыстырғанда, ШЖМ желісі 1 060 бірлікке, 2014 жылмен салыстырғанда 107 бірлікке азайды (2.2.6 - сурет). ШЖМ санының азаюы мектептердің қайта құрылуы және жабылуы есебінен (оқушылардың саны шекті деңгейге жеткеннен кейін мектеп толық жиынтықталған мектепке айналады) болды.

2.2.6-сурет. ШЖМ желісінің азаюы

Дереккөз: ҚР БҒМ
ШЖМ неғұрлым көп үлесі елдің орталық және солтүстік өңірлерінде – Солтүстік Қазақстан облысында (мемлекеттік мектептердің жалпы санынан 81%), Ақмола (69,4%) және Шығыс Қазақстан (56%) облыстарында шоғырланған (2.2.7-сурет)5. Маңғыстау облысында небәрі
12 ШЖМ бар (жалпы санынан 9%).
2.2.7-сурет. Шағын жинақты мектептер, бірлік, 2015 жылы

Дереккөз: ҚР БҒМ

ШЖМ-те 55 331 мұғалім қызмет атқарды, олардың 82% жоғарғы санаты болды (ҚР - 89%). Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі ШЖМ барлық мұғалімдердің жалпы санының 42% құрады.


Өз кезегінде, ШЖМ жоғарғы санаттағы мұғалімдердің үлесі республика бойынша 9,8% орташа көрсеткішінен екі есе аз (ҚР - 18,3%). 2015-2016 оқу жылында ШЖМ 491 пән мұғаліміне қажеттілігі болды (оның ішінде
101 математика пәнінің мұғалімі, 80 ағылшын тілі мұғалімі).6

ШЖМ мұғалімдерінің сапалық құрамының талдауы Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстары жоғарғы санаты бар мұғалімдердің үлесі бойынша көшбасшы екенін көрсетті (2.2.8-сурет). Олардың неғұрлым аз үлесі Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.



Біліктілігі жоғары мұғалімдердің үлестірудегі үйлесімсіздік ШЖМ мұғалімдеріне осындай мектептердің жұмыс істеу ерекшелігін ескере отырып, әдістемелік қолдау көрсету қажеттілігін көрсетеді. Одан басқа, қосарлы сыныптар жағдайында балаларды оқытуда ШМЖ педагогикалық қызметкерлерді де, оқушыларды да ынталандырудың сараланған тәсілдерін қолдануды талап етеді.
2.2.8 - сурет. Жоғары санатымен ШЖМ мұғалімдерінің үлесі,%, 2015 жыл
Дереккөз: ҚР БҒМ

ШЖМ әдістемелік және технологиялық қолдауды ресурстық орталықтардың (РО) мұғалімдері көрсетті. Жақын жерде орналасқан ШЖМ жұмысын сүйемелдеу үшін базасында керекті білім беру ресурстары бар білім беру ұйымы Ресурстық орталық болып табылады. ШЖМ оқушылары жыл сайын РО базасында онкүндік үш сессияға қатысады. Сессияаралық мерзімде ШЖМ-да оқыту тірек мектептер мұғалімдерінің қатысуларымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен өтеді.

Соңғы бес жылда елімізде өзінің қолдауымен 463 ШЖМ қамтитын
148 РО құрылды. Ресурстық орталықтардың базасында 48 260 бала білім алды. 102 РО оқушыларды көлікпен тасымалдайды, 46 интернаттары бар.

Толық жиынтықталған мектептермен салыстырғанда ШЖМ білім беру сапасының саралануы шешуді талап ететін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. PISA-2012 халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша ШЖМ оқушыларының тапсырмаларды орындау пайызы ҚР бойынша орташа көрсеткіштен төмен. Мысалы, жаратылыстанудан ШЖМ оқушылары тапсырманың 35% орындады, өз кезегінде республика бойынша бұл көрсеткіш 40% тең болды. Бес пайыздық айырмашылық мәтінді оқу нәтижелерінде де сақталады. Одан басқа, ШЖМ оқушылары ҰБТ орташа балы бойынша да артта қалғандары байқалады. 2015 жылы осындай мектептердің түлектері орташа есеппен 74,9 балл жинады, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен (79,4 балл) бес балға төмен.

ШЖМ инфрақұрылымы және желісінің жабдықталуы да сапасы жағынан республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен. Осылайша, ШЖМ 83% және РО 75% кең жолақты интернет қолжетімді болмады. ШЖМ 42,5% бейімделген ғимараттарда жұмыс істеді.

ШЖМ мұғалімдерінің сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы жағдай жасаудың маңыздылығын да атап өткен жөн. Мұндай жағдайлар бірнеше аралас пәндерді оқыту қажеттілігін ескере отырып, білікті мамандарды ЖОО-да даярлауды қамтиды.



2015 жылы ШЖМ мұғалімдерін алты аралас мамандық - «Химия-Биология», «Математика-Физика», «Математика-Информатика», «Физика-Информатика», «География-Тарих», «Тарих-Дінтану» бойынша даярлайды. Ресурстық орталықтар мұғалімдерінің жұмысына қосымша ақы төлеу мүмкіндігін қарауды да атап өткен жөн.

ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (БҒДМБ) жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін ресурстық орталықтардың санын 200 бірлікке арттыру жоспарланды. Бұл шаралар шалғай елді мекенде тұратын балаларды қосымша білім беру ресурстарымен қамтуға мүмкіндік береді.

2015-2016 оқу жылының басында елде білім беру ұйымдары болмаған ауыл елді мекендердің саны 1 523 құрады. Онда мектеп жасындағы 27 363 бала тұрды (2014ж. - 31 420). Осындай елді мекендердің саны оларды қайта құру және жою есебінен қысқарды. Осындай балалар үшін білімнің қолжетімділігі туралы мәселенің шешімі ретінде ЖАО мектепке, мектептен үйге көлікпен тасымалдауды қамтамасыз етті.

Жалпы ел бойынша күн сайын көлік тасымалын ұйымдастыру мәселесі мектептері жоқ ауыл елді мекендерде тұратын балалардың
91% (24 903) үшін шешілді. Оның ішінде балалардың 77% (21 165) мектеп автобустарының қызмет көрсетуін пайдаланды, 14% (3 738) мектепалды интернаттарда тұрды. Көлік тасымалымен қамтылмай қалған 9% (2 460), 88 - пәтерде, 628 - туыстарында тұрды және 1 744 оқушы мектепке өздері келген.

Оқушыларды күн сайын 813 автобус тасымалдады. 2015-2016 оқу жылының басында 32 қосымша автобус алынды. Дегенмен, арнайы көліктің 184 бірлігіне қажеттілік сақталуда. Көлік тасымалын ұйымдастыру мәселесі 382 ауылдық елді мекенде 4 696 мектеп жасындағы бала тұратын Шығыс Қазақстан облысында өзекті. Олардың ішінде


975 бала мектепке дейін көлік тасымалымен қамтылмады (пәтерде/туыстарында тұрды/өздері жетті).

Елімізде оқушыларға қосымша білім берудің әр түрлі мүмкіндіктерін ұсыну бойынша іс-шаралар қолданылады. 2015 жылы оқушыларды қосымша білім беру ұйымдарымен қамту мектеп жасындағы балалардың 24,5% (673 219) құрады. Өз кезегінде 2012 жылғы көрсеткіштен


(563,8 мың) өсімі 20% (109,4 мың бала) құрады.

Батыс Қазақстан (60,4%), Шығыс Қазақстан (51,2%) және


Солтүстік Қазақстан (42,9%) облыстарында балалардың неғұрлым көп саны мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарына қатысты. Қамтудың төмен көрсеткіші (11%) Алматы облысында байқалды.

2012 жылмен салыстырғанда қосымша білім беру ұйымдарының желісі 34% өсті және 2015 жылы 860 бірлікті құрады (2.2.9 - сурет).


2.2.9 - сурет. Қосымша білім беру ұйымдары оқушыларының желісі және контингенті

Дереккөз: ҚР БҒМ

Сонымен қатар, мектептерде қызығушылықтары бойынша 56 586 үйірменің жұмысы ұйымдастырылды, 2015 жылы оларға 1 027 354 бала қатысты (2012ж. - 871,4 мың, 2013ж. - 905,6 мың, 2014ж. - 961,5 мың). Бұл мектеп жасындағы барлық балалардың 37,4% құрайды (2.2.10 - сурет).


2.2.10 - сурет. Балаларды қосымша білім берумен қамтудың динамикасы



Дереккөз: «РҚБОӘО» РМҚК

Ауылдық және қалалық мектеп оқушыларын қосымша білім берумен қамтудың айтарлықтай айырмашылығын атап өткен жөн. Шығармашылық қабілетті дамыту мүмкіндігін қаладағы балалардың 32% пайдаланды, ауылдық мектеп оқушыларының тек 17% ғана қосымша білім берумен қамтылды.

Мектептен тыс дамыту сабақтарына оқушыларды тартуда қосымша білім беру ұйымының оқытуға ыңғайлы жағдай жасауы және материалдық-техникалық базасы маңызды рөл атқарады. Осыған қатысты бұл ұйымдардың 60% (513) бейімделген ғимараттарда жұмыс істеген фактіге ерекше көңіл бөлу керек. 138 ғимаратқа күрделі жөндеу жасау болды, ал 7 ғимарат апаттық жағдайда болды.

Қосымша білім беру ұйымдарында балаларды 19 739 мұғалім оқытты, олардың 42% жоғары және бірінші санаттары болды. Мұғалімдердің 72% жоғары білімі, 25% техникалық және кәсіптік білімі және 3% жалпы орта білімі болды.

Қазақстандық оқушылар халықаралық байқаулар мен фестивальдерге белсенді қатысты. Олардың ішінде Сочи қаласындағы аралас туризм бойынша халықаралық жарыс (2012ж., 1-орын), Түрік елдерінің ХХ халықаралық балалар фестивалі, Стамбул қ. (2014ж., 3 жүлделі орын), «Әлем мәдениетінің асылдары балалар көзімен» халықаралық ғылыми-білім беру бағдарламасы (2013ж.). РҚБОӘО деректері бойынша 2011-2015жж. Қазақстанның 138 оқушысы (1 159 қатысқандардан) халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанды.

Қазақстан оқушыларының робот техникасына деген қызығушылықтары артуда. Осылайша, 5 жылда 918 бала техникалық шығармашылықтың республикалық жарыстарына қатысты. Қосымша білім беру ұйымдарында балалардың жобалық-ғылыми және бейнелеу қызметіне деген ынта-жігерін қолдауға жағдай жасалады. Мысалы, Қарағанды қаласында Балалар мен жасөспірімдердің сарайы жанында балаларды 36 бағыт бойынша (оның ішінде микроэлектроника, физика, эксперименталдық хирургия, биология) оқытатын Орталық Азия ғылымның кішігірім академиясы жұмыс жасайды. Қазақстан өңірлерінде ЖОО жадында техникалық шығармашылық үйірмелері ашылуда (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында).

Жетекші ғылыми орталық ретінде Астана қаласының Оқушылар сарайында интерактивтік парк жұмыс істейді. Онда қызығушылық танытқан оқушылар мультимедиялық жүйелердің көмегімен физика заңдарымен тәжірибе жүзінде таныса алады. Сонымен қатар, Оқушылар сарайында «Нанотехнология», «Сандық өндіріс», «Энергияның балама көздері» және басқа да зертханалар бар. Робот техникасы әзірлемелері көрнекі түрде көрсетілетін «Робот-шоу» сияқты іс-шараларды өткізу қаралған.

2015 жылы Астана қаласы мектептерінің базасында 3D-баспаға шығару технологиясын оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды, оған кейін Ақмола облысы (Шығармашылықта дарынды балалармен жұмыс жасаудың оқу-әдістемелік орталығы) және Ақтөбе қаласы (Техникалық шығармашылық орталығы) ілесті. Бастаманың инновациялық технологияларға қызығушылық танытатын оқушыларды жаңа өнімдердің макеттерін/прототиптерін әзірлеуге және шығармашылық бастамаларды апробациялауға тартуда үлкен әлеуеті бар. Осындай қолданбалы жобаларға ерекше көңіл бөлу керек, өйткені олар баланың ерте жастан кәсіптік бағдарлануына ықпал етеді.

Жасөспірім балалар туризмі саласы да белсенді дамып келеді. Елімізде жас туристтердің 35 станциясы мен орталықтары жұмыс істеді, оған 19 мыңнан астам бала барды. Мектептердің, сарайлардың және балалар орталықтарының туристтік үйірмелеріне шамамен 60 мың оқушы қатысты. «Менің Отаным - Қазақстан» атты оқушылардың туристтік-өлкетану экспедициясы шеңберінде жыл сайын әртүрлі бағыты бойынша ондаған жаяу, шаңғымен, су, велосипед сапарлары, экспедициялар мен экскурсиялар өткізілді. Оларға мыңдаған жас туристтер мен олардың ересек тәлімгерлері қатысады. Елімізде жыл сайын 1 300 астам мезгілдік киіз үй және шатыр лагерьлері ашылады, онда 140 мыңнан астам бала сауықтырудан өтеді.

РҚБОӘО оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары, Республикалық байқаулар жеңімпаздарының жүлделі жұмыстары жарияланған ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтын құрды. Ресурстың көмегімен қашықтан байқаулар да өткізіледі, бұл мектепке бармайтын ерекше білім беру қажеттіліктермен балаларды қамтуда маңызы зор.

Балаларды қосымша білім берумен қамтуды жоғарылату үшін өзін-өзі дамытуға ұсынылатын нұсқалардың айырмашылығын күшейту маңызды болып табылады. Материалдық-техникалық базаны, әсіресе ауылдық жерде қамтамасыз ету және педагогикалық қызметкерлердің сапалық құрамын жетілдіру керек.
БАСТЫ НАЗАРДА



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет