Марина Сергеевна
Асылбекова
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№165 мамандырылған лицей
Алматы қ.
«Мен Антуан де Сент Экзюперидің «Кеме салуды үйретпей, теңізге деген құштарлықты оята білу керек» деген сөзімен толық келісемін. Мұғалім мамандығы мен үшін әрқашан шынайы, әрі жанды болып көрінетін, өйткені мұғалім бұл – шешуші сәтте әрі қарай дамуға серпін беретін, ұйқыға батқанды сергітетін, зейінді, белсенді, қағылез болуға мәжбүрлейтін адам.
Бұл мамандық бастамашыл, дербес, адамдардың ойлау инерциясын еңсеруге қабілетті жандарға арналған. Мұғалім, жол көрсетуші сияқты, балаларға рухани құндылықтардың шынайы мағынасын түсінуге көмектеседі, ілгерілеудің негізі болатын адамдық қолдау көрсетеді».
Роза Жолдыбайқызы
Атамұратқызы
математика пәнінің мұғалімі
әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Ақтау қ.
Маңғыстау облысы
«Мен «білім ізденісінде жүрген мұғалім ғана өмір сүреді, оқуын тоқтатқан мұғалімнің ұстаздығы өледі» деп санаймын. Мұғалімнің басты қасиеттері – балаларға деген сүйіспеншілік, мейірімділігі, әзілді түсіне білуі және жеке тұлғаға деген құрмет. Менің педагогикалық қызметімнің басты аспектісі – менің мектебімнің шығармашылық ұжымы.
Мектептегі білім беру жүйесінде қызмет етуді жалғастырудың шешуші себебі – мамандығыма деген сүйіспеншілігім және жұмысыма берілгендігім».
Құралай Амантайқызы Апет
тарих пәнінің мұғалімі
№3 қазақ-түрік лицейі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Кентау қ.
«Ата-ананың маған сеніп тапсырған әрбір баласын тұлға ретінде дұрыс қалыптасуымен дамуына өз үлгі-өнегем арқылы үлес қосуды басты мақсат етемін. Болашақтағы елімнің маңызды салаларының тұтқаларын ұстар тұлғалары екеніне әрбір баланың сенімін ояту арқылы шыңдалуына жол ашудың түрлі тәсілдерін негіздеймін.
Мен мамандық таңдаған мерзімім дәл КСРО-ның тарап, Тәуелсіз Қазақстанымыздың төл тарихы жазылып жатқан уақытпен сәйкес келді. Бірінен кейін бірі ашылып жатқан тарихи құпия сыры мол мамандыққа қызыққаным сонша; өзім де «Туған жерге, өскен ортаға-өмірлік құрмет» атты кітап жазып шығардым. Оқушыға Отанның тарихи бастауы туған жерден басталатынын ұғындыру менің басты талабым. Әрбір бала суын ішіп, ауасын жұтып жатқан Отанының тарихын білуге міндетті».
Достарыңызбен бөлісу: |