Исатай тайманұлы



бет4/7
Дата09.10.2023
өлшемі6,16 Mb.
#184273
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
каникул, Билеты Жалпы хир госо 20 ЕІ (копия), хир сит есеп, Ситуациялық есеп Емдеу, 6 сынып, 204962, Энергияның сақталу заңына есептер шығару (1), булт-1

Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.

  • Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.
  • 1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді.

Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады.

  • Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады.
  • 1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделген азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М.Шөкиннің ханға "Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика",-деп жазған мезгіл осы кез болуы керек.
  • 1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын шауып, хан ордасы - Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет