Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев, -қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай". Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі - мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Атырау қаласындағы орта мектепке, Миялы селосындағы орта мектепке, Жұмыскер селосындағы орталау мектепке батырдың есімі берілген.