Есте сақта! Сары суды енгізбес бұрын 30-35о С жылытып,
+ 4о C құрғақ, қараңғы жерде сақтаңыз.
Стандарт - 17
Температураны өлшеу
Мақсаты: диагностикалық: ересек пациенттің температурасын өлшеу.
Көрсеткіштері: Ағзаның функционалдық күйін бағалау, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу.
Кері көрсеткіштері: пысынау, қолтық асты аймағының қабынуы, қолтық асты аймағындағы гиперемия.
Температураны өлшеу орындары: қолтық асты аймағы, ауыз қуысы, шатаралық қатпары (балаларда), тік ішек.
Әзірле: медициналық термометр, лоток, салфеткалар, температуралық парақ, қара қаламсап, сағат, температуралық журнал, дез ерітіндісі бар ыдыс, таза термометрлерді сақтайтын ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз.
2.Қолды жуып кептіріңіз.
3.Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
4.Термометрді алып бүтіндігін тексеріңіз, сілкіп сынап резервуарын 35°С тан төмен түсіріңіз.
5.Қолтық асты аймағын қараңыз: жергілікті қабыну процестері болған жағдайда температура өлшенбейді.
6.Қолтық асты аймағын құрғақ салфеткамен сүртіңіз.
7.Темометрді сынаптық резервуарымен қолтық астына қойыңыз, барлық жағымен денемен жанасып тұруы қажет (пациентке иығын кеудесіне қысуын өтініңіз).
8.Температура өлшеу уақытын белгілеңіз.
9.10 минут өткен соң термометрді алып, көрсеткішін қараңыз.
10.Алынған нәтижені температуралық журналға сандық әдіспен, температуралық параққа сызықтық әдіспен белгілеңіз.
11.Нәтижені пациентке хабарлаңыз.
12.Пайдаланылған термометрді сілкіп сынап резервуарын түсіріңіз.
13.Пайдаланылған термометрді дезинфекциялаңыз.
14.Дез ерітіндінің иісі кеткенше ағынды судың астында шайыңыз, салфеткамен сүртіңіз, құрғақ түрінде сақтаңыз.
15.Қолды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |