Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет15/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Стандарт – 8
Мұзды мұйық қолдану.
Мақсаты: тамыр тарылту, ұзақ жергілікті мұздату.
Көрсеткіштері: ішкі қан кетулер, құрсақ аймағының жедел қабыну процестері, жарақаттар (алғашқы сағаттары), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Кері көрсеткіштері: коллапс, шок, құрсақтағы спастикалық ауру сезімі.
Әзірле: мұз салуға арналған мұйық, мұз кесектері, жаялық, дез ерітіндісі бар ыдыс, шүберек.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз.
2.Мұйықты 2/3 деңгейге дейін мұз кесектерімен толтырыңыз.
3.Мұйықты көлденең беткейге қойып ауасын шығарыңыз, қақпағын жабыңыз.
4. Мұйықты жаялыққа ораңыз.
5.Қолды жуып кептіріңіз.
6.Мұзды мұйықты пациенттің басынан 5-7 см. арақашықта 10 минутқа іліп қойыңыз,15 минут интервал жасаңыз немесе қажетті орынға 15-20минутқа 30минут интервалмен қойыңыз. Уақытты белгілеңіз.
7.Мұйықтағы мұз еруіне қарай суын төгіп мұз салып отырыңыз.
8.Мұйықты алып тастаңыз, суын төгіп қалған мұзды алып тастаңыз.
9. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызыңыз.
10.Дез ерітіндіге малынған шүберекпен жылытқышты екі қайтара 15 минут интервалмен сүртіңіз.
11.Қолды жуып кептіріңіз.
Стандарт – 9
Тыныс алу жиілігін есептеу
Мақсаты: Пациенттің жағдайын бағалау.
Көрсеткіштері: Тыныс алу жүйесінің функционалды жағдайын бағалау.
Әзірле: секундтық тілі бар сағат, температуралық парақ, көк түсті қаламсап.
Іс-әрекет:
1. Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз
2. Қолды жуып кептіріңіз.
3. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызыңыз, кеудесінің жоғарғы бөлігін және құрсақ аймағын көріп тұруыңыз қажет.
4. Тыныс алу жиілігін науқасқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен науқас білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай болады, ал екінші қолын науқас көкірек клеткасына немесе құрсақ аймағына қойып оның бір минуттағы қимылын санаңыз.
5. Пациентке тыныс алу жиілігін санағаныңызды айтыңыз.
6. Қолды жуып кептіріңіз.
7.Нәтижені температуралық параққа белгілеңіз.

Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16 – дан 20-га дейін өзгеріп отырады. Бұл адамның жасына, жынысына, дене құралысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс жиілігін арттырады. Тыныс алудың жиілеуі – тахипноэ, тыныс алудың сиреуі – брадипноэ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет