Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет20/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Стандарт – 15
Жылытқыш қолдану
Мақсаты: жергілікті жылыту
Көрсеткіштері: қызбаның I және III кезеңі, инъекциадан кейінгі инфильтраттар, радикулит, дуоденальді зондтау, жарақаттан кейінгі екінші тәулік, невриттер, невралгиялар.
Кері көрсеткіштері: құрсақ аймағындағы жедел қабынулар, ауру сезімі(аппендицит, перитонит, холесистит және т.б.), қатерлі ісіктер, қан кетулер, жарақаттың алғашқы тәулігі, тері қабатының бұзылыстары, инфекцияланған жаралар.
Асқынулары: күйіктер, тері пигментациясы.
Қою орындары: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшықет аймағы, оң қабырғаасты аймағы.
Әзірле: резеңке жылытқыш (1,5-2 литрлік), температурасы 60-70°С су, сүлгі (жаялық), дез ерітіндісі бар ыдыс, шүберек, су термометрі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2.Ыстық суды жылытқыштың 2/3 көлеміне құйыңыз.
3.Жылытқыштың мойнын қысып ауасын шығырыңыз, қақпағын жабыңыз.
4.Жылытқышты төмен қаратып герметикалығын тексеріңіз, құрғатып сүртіңіз.
5.Жылытғышты жаялыққа ораңыз.
6.Қолды жуып кептіріңіз.
7.Қажетті дене бөлшегіне қойыңыз.
8.Жылытқышты алып суын төгіңіз.
9.Пациенттің терісін қараңыз (жылытқыш қою орнында әлсіз қызару болу қажет).
10.Пациенттің ыңғайлы жатуына көмектесіңіз, көрпесін жазыңыз.
11.Дез ерітіндіге малынған шүберекпен жылытқышты екі қайтара 15 минут интервалмен сүртіңіз..
12.Жылытқышты сумен шайып, кептіріп құрғақ күйінде сақтаңыз.
13.Қолды жуып кептіріңіз.
Стандарт – 16
«Сарысуды енгізу ережесі»
Мақсаты: емдік (ботулизм, сіреспе, күл ауруы кезінде арнайы ем).
Жабдықтар: жылқы сарысуы, стерильді физиологиялық ертінді, стерильді бір граммды шприцтер және инелер (ұзын, қысқа), стерильді мақталы тампондар, 70% спирт, миллиметрлі сызғыш.
Орындау алгоритмі:

  1. Сарысудың атын оқып, физиологиялық ертіндімен 1:100 қатынасында ертіңіз

  2. Шприцке 0,1мл ертілген сарысуды аласыз

  3. Теріні (үстінен астыға 2-3рет) білектің ортаңғы үшін спиртті тампонмен өңдейсіз

  4. Сол қолмен теріні егетін жердің сырт жағынан тартасыз (астыға қарай).

  5. Шприцті инесімен кесігін жоғары қаратып теріге параллель ұстап теріге иненің кесігі жоғалғанша енгізесіз (иненің ұшы теріде көрініп тұру керек).

  6. Сұқ саусақпен инені ұстап, поршеньді басып, 0,1мл сарысуды жібересіз.

  7. Инені алып, еккен орынды спиртті мақталы тампонмен басасыз. Еккен жерде папула түзіледі (лимон қабығы секілді 0,5см).

  8. 20 минуттан соң папуланың диаметрін миллиметрлі сызғышпен өлшеңіз.

  9. Егер папула 0,9см аспаса сынама теріс деп саналады.

  10. Теріс сынамада тері астына 0,1мл физиологиялық ертіндіде араластырылмаған сарысуды енгізесіз.

  11. Реакция болмаса 1-1,5сағаттан соң қалған емдік дозаны бұлшық етке жібересіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет