Түрлі түстерді ажырата алуын Рабкин полихромдық кестесі арқылы зерттейді.
Дисхромотопсия, монохромотопсия, ахромотопсияны анықтады.
3.
III, IV, VI жұп бас ми нервтерін тексеруnervus oculomotorius, nervus trochlearis nervus abducens Көздері мен қарашықтардың үлкен-кішілік мөлшерін және олардың теңдігінде анизокория, сол жаққа не оң жаққа қылилық бар-жоғын анықтады.
Қарашықтың жарыққа тікелей реакциясын зерттеу үшін зерттелуші жарық жерде электр шамына не терезеге қаратып отырғызды. Дәрігер алақанымен оның көздерін бірнеше секундқа жауып, әрі қарай алма-кезек бір көзін ашып қарашықтардың жарыққа әсерлескен (кішірейген) мөлшерлерін ескеріп, екінші көзінде солай зерттеді. Миоз не мидриаз бар екенін анықтады.
Қарашықтың сыбайлас реакциясын зерттеу үшін дәрігер зерттелушінің бір көзін алақанымен жауып, жабылмаған көзінің қарашығының мөлшерінің өзгергендігін (үлкейгендігін) есепке алады. Осыдан кейін жабылған көзін ашып тағы да алдындағы ашық көздің қарашығының енді кішірейген мөлшерін көреді. Қарашықтың сыбайлас реакциясының жойылуын анықтады.
Көздерінің жан-жаққа қозғалуын көздің қозғалысының барлық жағына мүмкіндігі зерттеліп шектелгендерінің бағыты мен мөлшерін анықтады, нистагм болса оның бағыты, ірі не ұсақ бұлқынуы, көзқарасының горизонтальдық не вертикальдық бағытта салдануы анықтады.
Конвергенцияны зерттеу үшін зерттелушіні көз алдындағы 40-50 см қашықтықтағы балғаға қаратады да, оны біртіндеп жаймен мұрнының қырына жақындату кезінде көздерінің ішке қарай жылжуын және қарашықтарының өзгергендігін бақылайды. Конвергенцияның әлсізденуін анықтады.