Пациенттен қастарын көтеру арқылы қозғалыс әрекеттерді орындау кезіндегі қимылдардың бұзылғандығы бақылады. Маңдай қатпарының зақымдалған бет бөлігінде тегістелуін анықтады.
Қабағын түюін сұрап қозғалыс әрекеттерді орындау кезіндегі қимылдардың бұзылғандығы бақылайды. Қабақ түю кезінде зақымдалған бет бөлігінде тегістелуін анықтады.
Көздерін қатты жұмуын талап етіп, зерттеуші оны ашу арқылы, қабағының күшін байқап, лагофтальм бар-жоғын анықтады. Зақымдалған бет бөлігінде көзді жұма алмауын (лагофтальм) анықтады.
Ұрттарын томпайтуын сұрау арқылы, аузында ауаны ұстап тұру қабілетін анықтады. Зақымдалған бет бөлігінде ауаны ұстап тұра алмағандығын анықтады.
Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуін анықтауүшін зерттелушіге қант және тұз ертінділерін тілдің ұшының оң және сол жағына жеке-жеке тамызып зерттеді. Бет нервісінің зақымдалғанда тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуі жойылды.
6.
VIII жұп бас ми нервтерін тексеруnervus vestibulocochlearis Құлақтарының есту қабілетін зерттеу үшін сыбырланған сөздерді қандай қашықтан еститінін анықтайды (қалыпты кезде 6 метр). Әр құлақ жеке жеке зерттеді.Тексеру барысында дауысты «о» және дауыссыз «м», «н», «р», «в» дыбыстары аралас сөздер қолданды. Бет нервісінің зақымдануынан гиперакузияны анықтады.