Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет8/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

1. Ортогнатия (прогнатия) ‒ жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді аздап жауып тұрады.
2. Прогения ‒ төменгі күрек тістер жоғарғы тістердің алдына шығып тұрады және оларды аздап жауып тұрады.
3. Бипрогнатия ‒ жоғарғы және төменгі күрек тістер алдыға қарай еңкейе орналасқан, жоғарғы тістер төменгі тістерді аздап жауып тұрады.
4. Тік тістем ‒ жоғарғы және төменгі күрек тістердің кескіш жиектері бір-біріне түйісіп тұрады.

ТІЛ
Тіл, lingua, дәм сезу, сөйлеу, асты араластыру, жұту үдерістеріне қатысатын бұлшықетті ағза. Тілдің алдыңғы бөлігі - ұшы, apex linguae, артқы бөлігі - түбірі, radix linguae, екеуінің арасында - денесі, corpus linguae, орналасқан. Жоғарғы, таңдай мен жұтқыншаққа қараған беті тіл арқашығы, dorsum linguae, деп аталады, ал, төменгі беті, facies inferior linguae, тілдің ұшы мен денесінің алдыңғы бөлігінің астында орналасады. Бүйір беті тілдің жиегі, margo linguae, деп аталады. Тіл арқашығында ортаңғы жүлге, sulcus medianus, өтеді. Ол тілдің ішінде орналасып, оны оң және сол жаққа бөліп тұратын - тіл қалқасына, septum linguae,сәйкес келеді. Ортаңғы жүлге артқы жағында тұйықталып соқыр тесікте, foramen caecum linguae, аяқталады. Соқыр тесіктен алдыға және екі бүйір жағына қарай, тілдің түбірі мен денесін бөліп тұратын шекаралық жүлге, sulcus terminalis, кетеді ( 217 – сурет ).



217– сурет. Тіл және жұтқыншақтың көмейлік бөлігі, жоғарғы көрінісі.
1 – тілдің ұшы; 2 - тілдің денесі; 3 - тілдің жиегі; 4 – ортаңғы жүлге; 5 – жапырақтәрізді бүртіктер; 6 – саңырауқұлақтәрізді бүртіктер; 7 - науашықтәрізді бүртіктер; 8 - шекаралық жүлге; 9 – соқыр тесік; 10 – тілдің түбірі; 11 – тіл бадамшасы;. 13 – тіл – көмей қақпашығы қатпары; 14 - ожау – көмей қақпашығы қатпары; 15 - тіл арқашығы; 16 – дауыстық саңылау; 17- ожауаралық тілшік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет