Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет7/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

215 – сурет. Төменгі жақсүйектің тұрақты тістері.
1 – күрек тістер; 2 – ит тіс; 3 – кіші азу тістер; 4 – үлкен азу тістер; 5 – ақыл тіс.

Тістердің орналасуы тістік формула арқылы беріледі. Тістердің толық ( клиникалық) формуласы:



8 7 6 5 4 3 2 1

1 2 3 4 5 6 7 8

8 7 6 5 4 3 2 1

1 2 3 4 5 6 7 8

. Бұл формуладағы: 1 – медиалды күрек тіс; 2 - латералды күрек тіс; 3 – ит тіс және т.с.с. Жақсүйектердің әр жартысындағы тістерді түрлеріне байланысты топқа біріктіріп көрсететін – тістердің топтық (анатомиялық) формуласы:

3 2 1 2

2 1 2 3

3 2 1 2

2 1 2 3

Бұл фомулада жоғарғы жене төменгі жақсүйектердің бір жартысында, тістік қатардың ортасынан шетіне қарай: екі күрек тіс, бір ит тіс, екі кіші азу және үш үлкен азу тістер орналасқаны көрсетіледі. Сүт тістердің формуласы рим әріптерімен белгіленеді:

V IV III II I

I II III IV V

V IV III II I

I II III IV V

Сүт тістердің топтық формуласы

2 0 1 2

2 1 0 2

2 0 1 2

2 1 0 2

Бұл формула арқылы, екі күрек тістің, бір ит тістің болатыны, сүт тістердің ішінде кіші азу тістер болмайтыны және екі үлкен азу тістер бар екені белгіленеді.

Сүт тістер мен тұрақты тістердің шығу уақыты





Тіс

Жақсүйек

Тістердің шығу уақыты

сүт тістер,
айлары

тұрақты тістер,
жылдары

Медиалды күрек тіс

Латералды күрек тіс


Ит тіс

Бірінші кіші азу тіс (премоляр)
Екінші кіші азу тіс
(премоляр)
Бірінші үлкен азу тіс
(моляр)
Екінші үлкен азу тіс
(моляр)
Үшінші үлкен азу тіс
(моляр)


Жоғарғы
Төменгі
Жоғарғы
Төменгі
Жоғарғы
Төменгі
Жоғарғы
Төменгі
Жоғарғы
Төменгі
Жоғарғы
Төменгі
Жоғарғы
Төменгі
Жоғарғы
Төменгі

7 - 8
6 - 7
8 - 9
7 - 8
18 - 20
16 - 18
-
-
-
-
14 - 15
12 - 13
21 - 24
20 - 22
-
-

7 - 8
6 - 7
8 - 9
7 - 8
11 - 12
9 - 10
10 - 11
10 - 12
10 - 12
11 - 12
6 - 7
6 - 7
12 - 13
11 - 13
17 - 21
12 - 26

Стоматологтар тістік формуланы латын әріптері арқылы да белгілейді. Қазіргі кезде дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған тістік формула:



18 17 16 15 14 13 12 11

21 22 23 24 25 26 27 28

48 47 46 45 44 43 42 41

31 32 33 34 35 36 37 38

Жоғарғы жақсүйектің оң жартысының тістері 1 санымен (11,12...), сол жартысының тістері 2 санымен басталып (21,22...) белгіленеді. Төменгі жақсүйектің тістері формуладан көрініп тұрғандай,оң жартысы - 3, ал, сол жақтағылары - 4 сандарымен басталады.
Тістің түбірі жақсүйектің тістік ұяшығының қабырғасына - периодонт, periodontum, деп аталатын дәнекертіндік байламдар арқылы бекиді.
Тістің түбірін қоршап жатқан анатомиялық құрылымдардың: периодонт, ұяшық және оны жауып жатқан қызылиектің жиынтығы – парадонт, parodontium, деп аталады.
Тіс және жақсүйектің оған сәйкес келетін бөлігі тіс – жақсүйек сегменті деп аталады. Тіс – жақсүйек сегментінің құрамына: тіс; периодонт; тістік ұяшық пен оған сәйкес келетін, шырышты қабықпен жабылған жақсүйектің бөлігі; тамырлар мен нервтер кіреді. Жоғарғы және төменгі жақсүйектерде күрек тіс - жақсүйектік сегменттер, ит тіс – жақсүйектік сегменттер және т.с.с. сегменттер ажыратылады.
Ауыз жабылған жабылған кездегі жоғарғы және төменгі тістік қатарлардың түйісуі окклюзия деп аталады. Жоғарғы және төменгі жақсүйектің бір – бірімен түйісетін тістері антогонист тістер деп аталады. Олар басты және қосалқы антогонистер деп екіге бөлінеді.Мысалы, жоғарғы медиалды күрек тістің басты антогонисі – төменгі медиалды күрек тіс, қосалқы антогонисі – төменгі латералды күрек тіс болады. Тек, төменгі медиалды күрек тіс пен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің біреуден ғана антогонистері болады.
Тістердің физиологиялық түйісуін орталық окклюзия деп атаймыз. Тістердің орталық окклюзия жағдайында орналасуы тістем деп аталады. Тістемнің 4 физиологиялық түрі ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет