Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы!!!
Құрметті білім алушылар!!!
Сіздерді «Х. Досмұхамедов
атындағы Атырау университетінің білім алушыларының, профессор-
оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру
туралы» Ережесіне сәйкес, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен
қазақстандық жетекші ЖОО-нда оқуға шақырамыз!!!
Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?
Академиялық ұтқырлық
білім беру сапасын жақсартуға, білім алушылар мен оқытушы-
зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыруға,
олардың кәсіби, мәдени және білім деңгейін арттыруға, басқару жүйесін
жетілдіруге, ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға ықпал етеді.
Ішкі академиялық ұтқырлық Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
университетінің шарт (келісім, меморандум) жасасқан қазақстандық
ЖОО
жүзеге асырылады.
Серіктес ЖОО тізімін университеттің сайтынан (asu.edu.kz)
қарауға болады.
Академиялық ұтқырлықты жүзеге
асыру функциялары
Жауапты құрылымдық
бөлімше
Академиялық ұтқырлыққа
қатысушыларды жоспарлау
Кафедралар, факультеттер
Университет бойынша жоспарлау
деректерінің жинағы
Тіркеу кеңсесі
Қазақстанның жоғары оқу
орындарымен байланыс
Тіркеу кеңсесі
Үміткерлердің құжаттарын
дайындау
Үміткер, эдвайзер, Тіркеу
кеңсесі
Академиялық ұтқырлық туралы
бұйрықтарды ресімдеу
Білім алушылар үшін- Тіркеу
кеңсесі (бұйрық үшін
негіздеме), студенттік кеңсе;
экономикалық бөлім
Академиялық ұтқырлық
қорытындысы бойынша
статистикалық мәліметтерді
жинау
Білім алушылар үшін - Тіркеу
кеңсесі.
Факультетте
академиялық ұтқырлыққа
жауапты
деканның оқу
ісі жөніндегі орынбасары және білім бағдарламасы бойынша эдвайзерлер
болып табылады, олар білім алушыларға ұтқырлық мәселелері бойынша
кеңес береді.
Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру
мерзімі
-
бір
академиялық кезең (семестр).
Қойылатын талаптар:
- ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтағандар;
- академиялық үлгерімі "A", "A -", "B+", "B", "B -", "С+»;
- академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға байланысты
қаржылық шығындарды өтеуге мүмкіндігі бар.
- соңғы курс студенттеріне рұқсат етілмейді.
Рәсімдейтін
құжаттар тізімі
:
- жеке куәліктің көшірмесі (2 дана);
- үлгі бойынша өтініш (2 дана);
- жазбаша түрде ата-ананың келісімі (міндетті түрде)
- транскрипт (2 дана) ;
- Жеке оқу жоспары (факультет деканымен бекітілуі тиіс) – (2 дана);
- оқу келісімі (3 дана);
- үш жақты / төрт жақты шарт.
- Ковидке қарсы вакцинаны алғаны жөніндегі төлқұжаты (міндетті түрде)
– (2 дана)
Ескерту!!!
Жеке оқу жоспары (ИУП) бойынша бекітілген
пәндер
(кредиттер)
игерілмеген жағдайда
академиялық ұтқырлыққа
қатысушы осы пәндерді басқа академиялық кезеңде
ақылы негізде
(басқа академиялық топпен немесе жазғы семестрде)
қайта оқиды.
Қосымша ақпарат жөнінде Тіркеу кеңсесіне келуге болады
(№1 ОҒ, 219а кабинеті) .
Тіркеу кеңсесінің жетекшісі, ЖОО бойынша академиялық
ұтқырлық координаторы – Э.И.Куккузова