Жүректің салыстырмалы тұйықтығы:
№ Шегі Орналасуы
Оң жақты (ІV қ/ара) Төстің оң шетінен 1см сыртқа
Сол жағы (V қ/ара) Сол бұғана орта сызығынан 1-
2см ішке
Жоғарғы ІІІ қабырғада
Рецеп
Rp. Tab Nyphіdiріni 20 mg
D.t.d 20
Siqna: Тіл астына Артериялық қан қысымы көтерілгенде.
Rp. Sol Furasemidi 40 mg D.t.d 3
Siqna:Көк тамырға жай енгізу 1 рет АҚ жоғарылағанда.
Rp. Sol Izoptini 2 ml
D.t.d 1
Siqna:Көк тамрыға жай енгізу 0,9 - 10 мл физ ерітіндімен араластырып.
Rp. Tab. Enapi 5mq
D.t.d 20
Siqna: Бір таблетканы күніне 2 рет сағ 8 –де кешкі 20-де ішеді тамақтан соң.
V Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы-105 минут
Бұл кезеңде студенттер 2 шағын топ бойынша және жеке өзі орындайды.
Студенттерге СӨЖ кезінде берілетін тапсырмалар:
І- шағын топқа берілетін тапсырмалар:
Науқасты сұрастыру, анамнезін жинау.
Жүрек ұшы түрткісі анықтау.
Көк тамырға дәрі егізу
ІІ- шағын топқа берілетін тапсырмалар:
Жүрек перкуссиясын анықтау
Жүрек қантамыр аурумен сырқатанушыларды жалпы қарау
Артериялық қысымды өлшеу, пульс жиілігін есептеу
Топ студенттерін 2 топшаға бөліп, оларға конверттегі кейс жағдаяттар беріледі.
Кейс жағдаяттар
№ 1 Кейс жағдаят
Науқас Е. 50 жаста, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: Бас ауруға, бас айналуға, құлақ шулауға, кейде бітуге, көз алдында ұшқындардың болуына, анда-санда жүрек ұруға, жалпы әлсіздікке шағымданды. Науқасты қарағанда: тері жабындары және көз склерасы қызарған. Пальпаторлы жүрек ұшы түрткісі күшейген, тамырды сипағанда кернеулігі жоғары «сым тәрізді» пульс минутына 72 рет, перкуторлы жүрек шекаралары солға ығысқан (ЭКГ-де жүректің сол қарыншасы гипертрофияланған) аускультативті жүрек ырғақты, тондары тұйық, қолқа қақпақшасының үстінде ІІ тон акценті естіледі. Артериалды қан қысымы 240/110 мм. сб.тең. Көз түбін зерттегенде артериолалар тарылған, тамыр суреті иірімді. Басқа зерттеулері ерекшеліксіз.
Қандай сырқатты ойлау керек ?
Сіздің сырқатқа қатысты тактикаңыз, медициналық көмек шаралары.
Жауабы:1. Артериялық гипертензия.Криз. Жедел жәрдем шаралары:
Дәрігер шақыру, науқасқа физикалық және эмоциялық тыныштық беру;
Науқастың басын көтеріңкі жайғастырып артериялық қан қысымын өлшеу;
Науқасқа таза ауа келуін қамтамасыз ету;
Басқа салкын компресс қою;
Тіл астына нифедипин (коринфар) 20 - 40 мг дейін беру;
Көк тамырға фуросемид 40-60 мг енгізу;
Айқын неврологиялық симптоматика кезінде көк тамырға 2,4%-5-10мл эуфиллин енгізу;
Изоптин 5 мг- 2 мл + 0,9%-10 мл физиологиялық ерітіндімен көк тамырға енгізу;
Тахиаритмияда анаприлин 20-40 мг ішуге беріледі;
Психоматорлық козу және криздің тырысулық түріне диазепам 10-20 мг көк тамырға баяу енгізу, қосымша 2,5 мг магний сульфатын 5мл натрий хлорид 0,9%- 5мл ерітіндісіне қосып, көк тамырға баяу енгізуге болады.
Дәрмексіз ем шаралары: ас тұзын (3-4 г дейін), сұйықтықты 1,2-1,5 литрге дейін шектеу; дене салмағын
қалпына келтіру; шылым шегуді доғару; ішімдікті доғару; тиімді диетотерапия- қаныққан майлары бар
тағамдарды қатаң шектеу, калий, кальций, магнийге бай жеміс-жидектердің, көкөністің мөлшерін көбейту; дене қимылын арттыру;
диуретиктер- гидрохлортиазид, политиазид, индапамид, ксипамид т.б. қолдануға ыңғайлы ретардты түрдегі –
арифон ретард 1,5 мг тәулігіне 1 рет ішіледі немесе индапамид 2,5 мг-нан;
бета-адреноблокаторлар- бетаксолол, бисопролол, карведилол, метопролол, небивалол; Калций антангонистері-верапамил,нифидипин.
Достарыңызбен бөлісу: |