Ішкі аурулар пәнінен тәжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік


Жүректің салыстырмалы тұйықтығы



бет11/15
Дата11.10.2024
өлшемі4,02 Mb.
#206224
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
гипертония текс

Жүректің салыстырмалы тұйықтығы:
№ Шегі Орналасуы

  1. Оң жақты (ІV қ/ара) Төстің оң шетінен 1см сыртқа

  2. Сол жағы (V қ/ара) Сол бұғана орта сызығынан 1-

2см ішке

  1. Жоғарғы ІІІ қабырғада

Рецеп

    1. Rp. Tab Nyphіdiріni 20 mg

D.t.d 20
Siqna: Тіл астына Артериялық қан қысымы көтерілгенде.

    1. Rp. Sol Furasemidi 40 mg D.t.d 3

Siqna:Көк тамырға жай енгізу 1 рет АҚ жоғарылағанда.

    1. Rp. Sol Izoptini 2 ml

D.t.d 1
Siqna:Көк тамрыға жай енгізу 0,9 - 10 мл физ ерітіндімен араластырып.

    1. Rp. Tab. Enapi 5mq

D.t.d 20
Siqna: Бір таблетканы күніне 2 рет сағ 8 –де кешкі 20-де ішеді тамақтан соң.
V Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы-105 минут
Бұл кезеңде студенттер 2 шағын топ бойынша және жеке өзі орындайды.
Студенттерге СӨЖ кезінде берілетін тапсырмалар:
І- шағын топқа берілетін тапсырмалар:

  1. Науқасты сұрастыру, анамнезін жинау.

  2. Жүрек ұшы түрткісі анықтау.

  3. Көк тамырға дәрі егізу

ІІ- шағын топқа берілетін тапсырмалар:

    1. Жүрек перкуссиясын анықтау

    2. Жүрек қантамыр аурумен сырқатанушыларды жалпы қарау

    3. Артериялық қысымды өлшеу, пульс жиілігін есептеу

Топ студенттерін 2 топшаға бөліп, оларға конверттегі кейс жағдаяттар беріледі.
Кейс жағдаяттар

№ 1 Кейс жағдаят


Науқас Е. 50 жаста, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: Бас ауруға, бас айналуға, құлақ шулауға, кейде бітуге, көз алдында ұшқындардың болуына, анда-санда жүрек ұруға, жалпы әлсіздікке шағымданды. Науқасты қарағанда: тері жабындары және көз склерасы қызарған. Пальпаторлы жүрек ұшы түрткісі күшейген, тамырды сипағанда кернеулігі жоғары «сым тәрізді» пульс минутына 72 рет, перкуторлы жүрек шекаралары солға ығысқан (ЭКГ-де жүректің сол қарыншасы гипертрофияланған) аускультативті жүрек ырғақты, тондары тұйық, қолқа қақпақшасының үстінде ІІ тон акценті естіледі. Артериалды қан қысымы 240/110 мм. сб.тең. Көз түбін зерттегенде артериолалар тарылған, тамыр суреті иірімді. Басқа зерттеулері ерекшеліксіз.

  1. Қандай сырқатты ойлау керек ?

  2. Сіздің сырқатқа қатысты тактикаңыз, медициналық көмек шаралары.

Жауабы:1. Артериялық гипертензия.Криз. Жедел жәрдем шаралары:

  1. Дәрігер шақыру, науқасқа физикалық және эмоциялық тыныштық беру;

  2. Науқастың басын көтеріңкі жайғастырып артериялық қан қысымын өлшеу;

  3. Науқасқа таза ауа келуін қамтамасыз ету;

  4. Басқа салкын компресс қою;

  5. Тіл астына нифедипин (коринфар) 20 - 40 мг дейін беру;

  6. Көк тамырға фуросемид 40-60 мг енгізу;

  7. Айқын неврологиялық симптоматика кезінде көк тамырға 2,4%-5-10мл эуфиллин енгізу;

  8. Изоптин 5 мг- 2 мл + 0,9%-10 мл физиологиялық ерітіндімен көк тамырға енгізу;

  9. Тахиаритмияда анаприлин 20-40 мг ішуге беріледі;

  10. Психоматорлық козу және криздің тырысулық түріне диазепам 10-20 мг көк тамырға баяу енгізу, қосымша 2,5 мг магний сульфатын 5мл натрий хлорид 0,9%- 5мл ерітіндісіне қосып, көк тамырға баяу енгізуге болады.

  • Дәрмексіз ем шаралары: ас тұзын (3-4 г дейін), сұйықтықты 1,2-1,5 литрге дейін шектеу; дене салмағын

қалпына келтіру; шылым шегуді доғару; ішімдікті доғару; тиімді диетотерапия- қаныққан майлары бар
тағамдарды қатаң шектеу, калий, кальций, магнийге бай жеміс-жидектердің, көкөністің мөлшерін көбейту; дене қимылын арттыру;

  • диуретиктер- гидрохлортиазид, политиазид, индапамид, ксипамид т.б. қолдануға ыңғайлы ретардты түрдегі –

арифон ретард 1,5 мг тәулігіне 1 рет ішіледі немесе индапамид 2,5 мг-нан;

  • бета-адреноблокаторлар- бетаксолол, бисопролол, карведилол, метопролол, небивалол; Калций антангонистері-верапамил,нифидипин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет