2. Жүрек ұшы түрткісі анықтау.
Кеуде сарайының пальпациясы. Пальпация – сипап тексеру әдісі.
Жүрек ұшы түрткісі анықтау үшін
Жүрек ұшы және жүрек соққысын пальпациялау, олардың мінездемесі: орналасуы, күші, жайылуы. "Мысық пырылы" симптомын (систолалық және диастолалық діріл) анықтау. Қалыпты жағдайда жүрек ұшы соққысы Ү қабырға аралығы сол бұғана орта сызығынан 1-1,5см ішке орналасады, шектелген (Д=1-2 см).
Қарыншылар (сол) ұлғаюында жүрек ұшы соққысы жайылған, күшейген.
Жүрек соққысы оң қарынша ұлғаюында анықталады, сонымен қатар эпигастральды пульсация байқалады. Митральды стеноз болса жүрек ұшында диастола кезінде , ал қолқа сағасының тарылуы болса қолқа үстінде систола кезінде " мысық пырылы" симптомы анықталады. 3. Көк тамырға дәрі егізу; Көк тамырға инъекция жасау техникасы.
Мақсаты:
Дәрілік ерітіндіні күре тамырға жіберу, дәрілік зат 1-2 минут ішінде әсер етеді. Нақты мөлшерде жіберу. Дәрінің мөлшері бір рет егілгенде 10-20 мл.
Кері көрсетпе:
Дәрілік затқа аллергиялық болғанда тері мен тері асты май клечаткасы зақымданса, күре тамыр қабынса. Егілетін орны:
Шынтақ иіні, қол ұшының беткі күре тамырлары, аяқтың беткі күре тамырлары, бассүйек күмбезінің беткі күре тамырлары.
Жабдықталуы: шприц 10 немесе 20 мл, ине ұзындығы 40 мм, стерильді астауша, пинцет, стерильді салфетка, дәрілік зат, 70% спирт, мақта шариктері, бұрау, валик. Іс- әрекеттер:
Қажет заттарды дайындап, науқасқа манипуляция мақсатын түсіндіру.
Бет перде, қолғап кию.
Пакетті ашып, шприцты жинау, ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен 2 рет өңдеу.
Қажет мөлшерде дәріні ампуладан алу, инені ауыстыру ауасын шығарып, иненің қалпағын кигіздіру. Шприцты астаушаға салу.
Науқасты отырғызу немесе жатқызу.
Иық пен шынтақ иінін ашамыз. Шынтақ иінің астына жастықша қоямыз.
Иықтың үштен екі бөлігіне резиналық бұрау қойып, шынтақ иінін спиртке батырылған мақта шаригімен сүртеміз. Науқас қолын ашып жұмып жұмыс істеу керек.
Сол қолдың екінші саусағымен тамырды бекітіп ұстаңыз. Иненің қиылысын жоғары қаратып, әуелі теріні, сосын көк тамырды тесеміз.
Науқастың қолын былғамас үшін, иненің астына мақта шаригін қоямыз. Шприцтің поршенін жәй өзімізге қарай тартып көргенде, қан болса, онда көк тамырға түскеніміз.
Ерітіндіні жәйлап жібер алдын резеңке бұрауды шешіп, жұдырығын ашып ерітіндіні жайлап жібереді.
Дәріні жібергеннен соң спиртке малынған мақта шаригімен басып инені алу қажет.
Науқастың қолын 1-2 минутқа бүгу керек.
Асқынулар:
Гематома күре тамырға дұрыс түспесе, тері астына қанның ұюы, оған жартылай спиртпен компресс қою. Некроз (тітіркендіргіш дәрі тері астына кеткенде) 10% кальций хлорид. Тромбофлебит (күре тамырды қайта қайта тескеннен). Ауа эмболиясы, сепсис асептика ережесі бұзылса.
Достарыңызбен бөлісу: |