Жүрек шекараларын анықтау.Жүректі перкуссиялау, шала тұйық шектерін анықтау. Жауабы: Салыстырмалы тұйық (шала тұйық) шекарасын анықтау Жүректің нағыз шекарасы – салыстырмалы тұйықтыққа сәкес. Өзгерістері: Жүректің салыстырмалы оң жақ шекарасының ығысуы – оң жақ жүрекшенің немесе оң қарыншаның кеңеюінен болады. Жүректің салыстырмалы сол
Перкуссия жасағанда мына ережелерді сақтаймыз: 1. Науқастың ыңғайлы қалпы: жүрек перкуссиясын жасағанда науқас тік тұруы тиіс, екі қолын төмен түсіріп, ал халі ауыр болса науқасты жатқан қалпында жасайды. 2. Дәрігердің ыңғайлы қалпы: плессиметр-саусақты өзіне ыңғайлы қою қажет. Жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтау кезінде орта күшті перкуссияны қолданамыз. 3. Плессиметр- саусақтың қалпы: плессиметр-саусақты кеудеге тығыз ұстап, анықтайтын шекарамызға сәйкестендіріп (параллель) қоямыз. 4. Перкуссияның бағыты: жүрек перкуссиясын ашық дыбыстан бәсең дыбысқа қарай жасалады. 5. Жүрек шекараларын белгілеу: Жүрек шекараларының белгісін плессиметр-саусақтың ашық дыбыс шыққан жерінен белгілейміз.
Жүректің салыстырмалы оң жақ шекарасын анықтау .
Оң жақ шекараны анықтау үшін алдымен оң бұғана орта сызығымен өкпенің төменгі шегін тауып аламыз (6 қабырғада), өкпенің төменгі шекарасын анықтағаннан кейін плессиметр- саусақты бір қабырға жоғары көтеріп орналастырамыз – төртінші қабырға аралығында плессиметрсаусақты бұрып, жүрекке параллель қойып жүрекке қарай жылжытып перкуссия жасаймыз. Ашық дыбыстан оның бәсеңдегеніне дейін соғып, саусақтың сыртқы жағынан белгі қоямыз. Қалыпты жағдайда төстің оң жақ шетінен 1см алшақ орналасады.
Жүректің салыстырмалы сол жақ шекарасын анықтау . Сол жақ шекараны жүрек түрткісі орналасқан қабырға аралығынан анықтайды. Алдымен пальпация әдісімен жүрек ұшы түрткісін тауып алады да, содан соң плессиметрді-саусақты оның сырт жағынан қойып, сол деңгейде төске қарай жылжытып перкуссия жасайды. Қалыпты жағдайда ортаңғы бұғана сызығынан 1-2см ішке қарай орналасады.
Жүректің жоғары шекарасын анықтау . Саусақты төстің сол жақ шетінен 1-1,5см алшақ төске көлденең қойып, екінші қабырға аралығынан бастап, төмен қарай жылжыта перкуссия жасайды. Қалыпты жағдайда ол үшінші қабырғаға сәйкес келеді.
жақ шекарасының ығысуы – жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы мен дилатациясынан болады. Қолқа қақпақшасының ақауларында сол жақ шегі солға қарай жылжумен қатар, төмен қарай да ығысады (VІ-VІІ-ші қабырға аралығына дейін). Жүректің жоғары шекарасының өзгеруі – бұл сол жақ жүрекшенің кеңеюінен және өкпе қан тамырларының ұлғаюынан болады. Жүрек шекараларының әр жаққа қарай ұлғаюының себептері: жүрек қабының ішіне сұйықтық жиналғанда, жүрек еттерінің қабынуларында болады. Жүрек шекараларын анықтағанда ұлғаю 2см-ден асса ғана ұлғайған немесе үлкейген деп есептейді. Жүрек шекарасының оңға, солға, жоғары қарай ұлғаюы жүрек қызметі жетіспеушілігінің соңғы сатыларында кездеседі.