Пульс, оның қасиеттері. Сол қарынша жиырылған сайын қан қолқаның серпімді іргесіне күшпен соғылып, оны кереді. Осы кезде пайда болатын ырғақты тербеліс артерия іргелері арқылы таралады, соны тамыр соғуы – пульс (лат: pulsus-соғу) деп атайды. Пульс жиілігі деп - бір минуттағы пульс санын айтады. Қалыпты жағдайда 1 минуттағы пульс саны мен жүректің соғу саны 60-90-ға тең. Пульс жиілігін анықтау үшін оның санын 1 минут ішінде санау керек, немесе 15 не 20 сек. санап, сосын оны төртке не үшке көбейтеді. Қалыпты жағдайда пульс жиілігіне әсер ететін жағдайлар: жыныс - еркектерге қарағанда әйелдерде пульс 6-8 соққыға жиі, төсекте жатқан адамда, отырғандағыдан 4-6 ретке, ал тұрған адамнан 6-8 соққыға кем болады. Демді алғанда пульс жиілейді (өкпе кеңігенде кезбе нерв тежеледі), ал демді шығарғанда сирейді (өкпе басылғанда кезбе нерв қозады); Дене қызметінде пульс жиілейді; Тамақтан соң пульс жиілейді; Қобалжу, қорқу, ашулану, қатты қуану кезінде пульс жиілейді;
Білек артериясынан пульсті анықтау. Білезік буыны тұсынан оң жақ саусақтарыңызбен ұстап, бірінші саусақты білектің сыртына орнластырамыз. 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын артерияны сипап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз. Пульсті 1 мин ішінде есептейміз. Пульсті ұйқы артериясында, сан артериясында, тізе арты, асықты жіліктің сыртқы артериясында, табан сырты артериясында тексереді.
Қан қысымын өлшеу. Жүректің сол қарыншасы жиырылғанда қан қысымы ең жоғары деңгейіне жетеді: бұл қысым – систолалық деп аталады, қалыпты жағдайда сынап бағанасымен 100-140 мм жетеді. Жүрек қарыншаларының жиырылу аралық паузада қолқа мен ірі артериялар қабырғалары жиырылып, қанды капилярларға айдай бастайды. Қан қысымы біртіндеп төмендеп, диастола соңында төмендеп, 60-90 мм сынап бағанасына жетеді. Ол диастолдық деп аталады. Систолалық және диастолалық қан қысымы арасындағы айырмашылық – пульстық қысым деп аталады. Ол 40-50 мм.сын.бағ. тең. Емдеуші 10-15 мин тыныс алған соң отырғанда немесе жатқанда қан қысымын өлшеп, нақты көрсеткішті алуға болады. Қан қысымының көлемі тұрақсыз, өзгермелі болуы мүмкін. Систолалық қысымның 140 мм.сын.бағ.-дан жоғары, ал диастолалық қысымның 90 мм.сын.бағ. жоғарылауы қысымының жоғарылауы – артериялық гипертензия деп аталады. Систолалық қысымның 100 мм.сын.бағ.-нан, ал диастолалық қысымның 60 мм.сын.бағ.төмендеуі гипотензия деп аталады. я ауруында, бүйрек ауруларында, ішкі секреция жүйесінің ауруларында, кейде туа біткен жүрек ақауларында кездеседі.
Қан қысымын анықтау. Әзірле: Тонометрді, фонендоскопты.
Іс әрекеттері:
Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
Науқастың қолын жоғары қаратып ашыңыз.
Науқастың иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары арасына бір саусақө сиятындай етіп манжетті байлаңыз.
Резеңке баллонның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жіберіңіз және оның үстіне 30мм.с.б. ауаны қосыңыз.
Ауаның қысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (манометр қолданса стрелкасы «0»-ден жоғары көтеріледі), ол манжеттегі ауа қысымының өскенін көрсетеді.
Фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстырыңыз – бұл көрсеткіш – систоликалық жоғары қысым болып саналды.
Ауаны онан әрі ақырын шығарыңыз, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл кездегі көрсеткіш диастолалық-төменгі қысым болып саналады. Алынған мәліметтерді температура (қызу) қағазына жазыңыз.