Ішкі аурулар пәнінен тәжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік


Жүректі аускультациялаудың негізгі ережелері



бет7/15
Дата11.10.2024
өлшемі4,02 Mb.
#206224
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
гипертония текс

Жүректі аускультациялаудың негізгі ережелері:
жүректі аускультациялағанда тыныштық сақтау керек және бөлме жылы болуы керек;

  1. жүректің аускультациясы науқастың горизонтальді және вертикальді жағдайында жүргізіледі, егер керек болса физикалық күштемеден кейін де жүргізуге болады. Митральді қақпақшаның патологиясында пайда болатын дыбыстар науқас сол қырымен жатқанда, ал қолқа қақпақшасындағы дыбыстар науқастар вертикальді жағдайда және денесін алға еңкейтіп қолдарын жоғары көтергенде жақсы естіледі.

  2. Жүректі науқас қалыптағыдай беткей тыныс алғанда және максимальді тыныс шығарып, тынысты кідірткенде тыңдалады.

Жүрек қақпақшаларының проекциясы бір-біріне жақын орналасқандықтан жүрек аускультациясында осы қақпақшалардан алшақ орналасқан, бірақ дыбыстар естуге болатын 5 аускультациялық нүктелер бар:
1 )Жүрек ұшына (1) митрльді қақпақша (М) қызметінде пайда болатын дыбыстар жақсы өткізіледі;
2)Төстің оң жағында 2 қабырға аралығына (2) – аорталды қақпақшадан
(А) дыбыстар;
3)Төстің сол жағында 2 қабырға аралығына (2) – өкпе артериясынан (Р) дыбыстар;
4)Семсер тәрізді өсіндінің негізінде, және оның оң және сол жағында үш жармалы қақпақшада (Т) түзілген дыбыстар жақсы естіледі.
5)4 қабырға аралығында орнласқан Боткин- Эрба нүктесі қолқа қақпақшасын тыңдауға арналған қосымша нүкте.
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен сырқаттанған науқастарды тексеру әдістері: сұрастыру, қарап тексеру, пальпация, артериялық қысымды және пульсты анықтау. Негізгі шағымдары:

  1. Жүректің ауырсынуы

  2. Ентігу

  3. Жүректің қағуы.

  4. Ісіну.

5. Жөтел, қан түкіру.
1. Anamnesіs morbі.
Кеселдің белгілері пайда болу уақытын, белгілер мінезін, басқа факторлармен байланысын, жүргізілген тексеру тәсілдерін, емін анықтау керек.
3. Anamnesіs vіtae.
Жүрек кеселдерін бейімдеуші факторларын анықтау: ревматизм, баспа, стресс, кәсіби зияндықтар, климакс, зиянды әдеттер, тұқым қуалаушылық.
Жүрек ұшы түрткісінің (ЖҰТ) пальпациясы: ол үшін науқасты сол қолмен демеп, оң қолдың алақанын кеуденің сол жағына, төс сүйегінің негізіне қойып, ал саусақтарын қолтық жаққа қаратып ІV-V-VІ қабырға аралықтарға параллелді қойып алып, алдымен алақанмен, содан кейін үш саусақтың жұмсақ бетімен сырттан ішке қарай қабырға аралықтарын баса сипай отырып, жүрек ұшы түрткісі басталған жерді тауып алу керек. Оның бірнеше қасиеттерін сипаттау керек:

  • ауданы (көлемі) - қалыпты жағдайда 1-2 см2;

  • Орны - V қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1-1,5см ішке орналасады;

  • Күші;

  • Биіктігі; • Серпімділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет