Ішкі аурулар пәнінен тәжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік



бет3/15
Дата11.10.2024
өлшемі4,02 Mb.
#206224
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
гипертония текс

Сабақтың хронокартасы
Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың
ұзақтығы
Ұйымдастыру сәті 2- минут
Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3-минут

Студенттердің теориялық білімін бақылау. 30 минут Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және 25 минут демонстрациялау.
Студенттердің өзіндік жұмысы 105 минут
Сабақты қорытындылау 10 минут
Үйге тапсырма 5 минут
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру сәті- 2- минут.
Аудитория тазалығына, сабақтың жабдықталуына көңіл аударып, топ түгелдігін тексеріп, журнал толтыру.
ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру- 3 минут
Қазіргі кезде жүрек ауруларының жиіленуі мен өлім себебіде көбеюде.Орта медициналық буын өзінің келешек қызметінде дұрыс диагноз қою үшін жүрек қан-тамыр жүйесі зақымдалған аурулардың клиникалық белгілері мен тексеру әдістерін жете білуі міндетті. Артериялық гипертензия адамның өміріне тікелей қауіп төндіреді.Оған шалдыққан 40 жастағы адамдардың өмірінің орташа ұзақтығы небәрі шамамен 9 жыл құрайды. Бұл науқастарда жалпы өлім саны 2-5 есе, ал жүрек-қан тамыр ауруларынан өлім 2-3 есе жоғары. Систолалық артериялық қысымның әр 10 мм биіктеуі ми инсультін 10 пайызға арттырады. Жүрек ауруларынан еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне, мүгедектікке, соңы қайғылы жағдайларменен аяқталу жағдайлары күрт өсуде.Бүгінде «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді.
Болашақ маман даярлауда лабораторлы, аспапты зерттеулердің, негізгі клиникалық синдромдарды білу, бір - бірінен ажырата білу, клиникалық ойлау, тәжірибелік дағдыларды меңгеру қазіргі студент үшін маңызды.
ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау-30 минут
Студенттердің теориялық білімін бағалауда қойылатын сұрақтар
Артериялық гипертонияның анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
Артериялық гипертонияның жіктемесі, клиникалық белгілері.
Артериялық гипертонияның диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары. Гипертониялық гипертония кезінде жедел жәрдем шаралары.
Жауабы:

Біріншілік артериялық гипертония немесе эссенциальдік гипертония- артериялық қысымның1-сұрақ. Артериялық гипертензияның этиологиясы және патогенезі реттеуіне қатысты ағзалардың зақымдануына байланыссыз дамитын артериялық қан қысымының жоғарылауы.
Артериялық гипертонияның басты белгісі- қан қысымының көтерілуі.
Эпидемиологиясы. АГ еркектердің 39,2%-да, әйелдердің 41,1%-да анықталады және жас ұлғайған сайын бұл синдромның саны да көбейе түседі.
Этиологиясы. Қазіргі кезде артериялық гипертонияның даму себептері толық анықталмаған, дегенмен оның дамуына келесі факторлар ықпал етеді:
Тұқым қуалауға бейімділік.
Жүйкелік-психикалық жарақаттар (эмоциялық стресстер).
Кәсіптік зияндықтар (ми қызметімен айналысатындар, құлаққа, көзге зейін қоюға көп күш түсуі, мәселен диспетчерлер, шулы цехтарда жұмыс жасайтындар).
Тамақтанудың ерекшеліктері (тұзды тағамға әуесқойлық, кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі). Зиянды әдеттер: темекі тарту, ішкілікке салыну (арақ ішкеннен кейін сау адамның өзінде де АҚ 20-30 мм с.б. биіктейді).
Бас миының жарақаттары.
Семіздік.
Патогенезі: Артериялық гипертонияда симпатоадренал жүйе, ренин - ангиотензин жүйесі, альдостерон жүйесі, гипоталамус пен гипофиздің антидиурекриндік жүйесі – вазопрессиннің функциясы артады. Соның нәтижесінде артериялық қысым тұрақты жоғарылайды.
Әр түрлі себептен дамыған су мен натрийдің жиналуы ағзада қанның көлемі көбейтіп, жүрекке күш түсіреді.

Жауабы;
Клиникалық көрінісі.
Артериялық гипертония синдромы;
Цереброваскулярлық синдром (бастың ауруы, айналуы, құлақтың шуылдауы, еске сақтау қабілетінің төмендеуі т.б.);
Жүректік синдром (стенокардия ұстамалары, кардиалгиялар, ырғақ бұзылыстары, сол қарыншаның гипертрофиясы, жеткіліксіздігі);
Жалпы невроздық синдром (ұйқысыздық, астения, ипохондрия, депрессияға бейімділік);

І сатысы - клиникалық белгілері тез пайда болып, тез басылады. Басты орын алатыны - жүйке жүйесінің функциялық бұзылыстары: ми қызметіне қабілеттің төмендеуі, бастың ауруы, ұйқының бұзылуы. Бастың ауруы кейде ұйықтап тұрғаннан (әсіресе күндіз), ауыр ми қызметінен, ауа райының бұзылысынан, андасанда тамақты тоя ішкеннен кейін пайда болады. Көбіне ауыратыны - шүйде, төбе аймағы және желке тұсы. Науқастар қатты дыбысты, шуды, жарқыраған жарықты жақтырмайды. Бұл сатыда САҚ 160-179 мм с.б., ДАҚ 95-104 мм с.б. шамасында. Демалып тыныққанда АҚ өз-өзінен қалыпты немесе жоғары қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Бұл кезеңде ішкі ағзалар зақымданбайды, физикалық тексергенде жүрек жағынан патологиялық өзгерістер табылмайды. Бұл кезде артериялық гипертонияның диагностикасы АҚ жоғарылауына ғана негізделеді.
ІІ сатысы - бұл кезде артериялық гипертонияның белгілері айқын байқалады. Науқастар басының жиі ауруына, айналуына, жүрек тұсының шаншуына, ұйқысыздыққа шағымданады. Бұл сатының басты белгісі-АҚ-ның тұрақты биіктеуі: САҚ-180-199, ДАҚ-105-114 мм с.б. дейін. Бұл сатыда гипертония криздері жиіленеді. Жүректе сол қарынша гипертрофиясының белгілері пайда болады, жүрек ұшында І тонның әлсіреуімен бірге систолалық шу естілуі мүмкін. Артериялық гипертонияның ІІ сатысын анықтау үшін көз түбін зерттеу көп көмектеседі. Бұл кезде тұрақты сақталатын гипертониялық ангиопатияның белгілері пайда болады.
ІІІ сатысы - бұл сатыға АҚ-ның аса биік деңгейге тұрақты көтерілуі тән: САҚ – 220-229, ДАҚ - 115-129 мм с.б. деңгейінде. Артериялық гипертонияның ІІІ сатысында «нысаналық» ағзалардың ауыр түрде зақымдануы тән: жүрек жағынан- миокард инфаркты, сол қарынша жеткіліксіздігі; бас миы жағынан- гипертониялық энцефалопатия, миға қан құйылу; бүйрек жағынан- нефроангиосклероз, бүйрек шамасыздығы;
көз түбі жағынан: тор қабыққа қан құйылуы, гипертониялық ангиоретинопатия 4-сұрақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет