СТАНДАРТ
Науқасты бронхографияға дайындау
Мақсаты: зерттеуге науқастың сапалы дайындығын қамтамасыз ету;
Қолдануы: бронхоэктатикалық ауру, бронхиальды терегінің даму аномалиясы, созылмалы бронхит, бронхоөкпенің кистасы, бронхтың және өкпенің қатерлі ісіктері.
Қолданбауы: өкпенің жедел ауруы, жүрек ахаулары, өкпеден қан кету.
Асқынуы: контрасты дәріге сезімталдығы болған жағдайда
Әзірле: дәрігер тағайындаған препараттар, сүлгі, ақжайма.
Бронхографияны дәрігер жүргізеді.
Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен сенімдік қарым-қатынас орнатыңыз.
Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Зерттеу алдында таңертең тағам қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді шектетіңіз.
Дәрігердің белгілеген уақытында науқасты ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |