СТАНДАРТ Науқасты ректороманоскопияға дайындау Мақсаты: зерттеуге науқастың сапалы дайындығын қамтамасыз ету;
Диагностикалық: тік ішекті және сигма тәрізді ішекті визуальды зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге шырышты қабатынан материал алу.
Әзірле:стерильді: ректоскоп, салфетка, вазелин, шпатель, ақжайма, Эсмарх кружкасы, су, леген, қолғап; дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс.
Ректороманоскопияны дәрігер жүргізеді, медбике көмектесіп тұрады. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын, процедураның зиянсыз екенін, зерттеуді дәрігер жүргізетінін түсіндіріңіз.
Науқасқа зерттеу таңертең аш қарынға жүргізілетінін айтыңыз.
Тексерер алдында 3 күн бұрын науқасқа ішекті көпіртетін және газ түзетін тамақтарды рационнан алып тастауын сұраңыз.
Тексерер алдында 24 сағат бұрын науқасқа кастор майын ішкіздіріңіз.
Науқасқа таңертең сағат 6-да тазалау клизмасын жасаңыз (толық кружка) және зерттеуге 2 сағат бұрын жасаңыз (толық емес кружка).Науқас зерттеуге дейін вертикалды қалыпта тұруы керек.
Науқасқа зерттеу алдында қуығын босатуын сұраңыз.
Науқасты манипуляция жасайтын кабинетке апарыңыз.
Науқасты палатасына шығарып салыңыз, бақылаңыз және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту!
Ректоскоп тік ішекке 25-30 см енгізіледі;
Ректороманоскопияны ішектің жедел қабыну процесі қойғаннан кейін жүргізіледі;
Егер науқаста қатпа болса, онда кешке тазалау клизмасы жасалынады;
Науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағат уақыт өтуі керек, себебі тазалау клизмасы бірнеше уақытқа шырышты қабатының қалыпты түрін өзгертеді.