Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Науқасты ректороманоскопияға дайындау



бет101/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Науқасты ректороманоскопияға дайындау
Мақсаты: зерттеуге науқастың сапалы дайындығын қамтамасыз ету;
Диагностикалық: тік ішекті және сигма тәрізді ішекті визуальды зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге шырышты қабатынан материал алу.
Әзірле:стерильді: ректоскоп, салфетка, вазелин, шпатель, ақжайма, Эсмарх кружкасы, су, леген, қолғап; дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс.
Ректороманоскопияны дәрігер жүргізеді, медбике көмектесіп тұрады.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын, процедураның зиянсыз екенін, зерттеуді дәрігер жүргізетінін түсіндіріңіз.

  2. Науқасқа зерттеу таңертең аш қарынға жүргізілетінін айтыңыз.

  3. Тексерер алдында 3 күн бұрын науқасқа ішекті көпіртетін және газ түзетін тамақтарды рационнан алып тастауын сұраңыз.

  4. Тексерер алдында 24 сағат бұрын науқасқа кастор майын ішкіздіріңіз.

  5. Науқасқа таңертең сағат 6-да тазалау клизмасын жасаңыз (толық кружка) және зерттеуге 2 сағат бұрын жасаңыз (толық емес кружка).Науқас зерттеуге дейін вертикалды қалыпта тұруы керек.

  6. Науқасқа зерттеу алдында қуығын босатуын сұраңыз.

  7. Науқасты манипуляция жасайтын кабинетке апарыңыз.

  8. Науқасты палатасына шығарып салыңыз, бақылаңыз және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Ескерту!

  • Ректоскоп тік ішекке 25-30 см енгізіледі;

  • Ректороманоскопияны ішектің жедел қабыну процесі қойғаннан кейін жүргізіледі;

  • Егер науқаста қатпа болса, онда кешке тазалау клизмасы жасалынады;

  • Науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағат уақыт өтуі керек, себебі тазалау клизмасы бірнеше уақытқа шырышты қабатының қалыпты түрін өзгертеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет