Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Науқасты УДЗ-ге дайындау



бет103/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Науқасты УДЗ-ге дайындау
Іш қуысының мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, көкет және бүйрек)
Мақсаты: зерттеуге науқастың сапалы дайындығын қамтамасыз ету;
Қолдануы: іш қуысы мүшелерінің және бүйректің аурулары.
Әзірле: дәрігер тағайындаған препараттар, сүлгі, ақжайма.
Ультра дыбыстық зерттеуді дәрігер жүргізеді, медбике науқасты дайындайды.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Дайындық ережесін бұзған жағдайда\ нәтижесі жөнінде ескертіңіз.

  3. Зерттеу аш қарынға жүргізіледі.

  4. Зерттеуден 2-3 күн бұрын жел түзетін тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт тағамдары, қара нан, жеміс шырындары) және іш айдайтын дәрілерді шектетіңіз.

  5. Зерттеу алдында дәрігердің тағайындауымен науқас метеоризмді болдырмайтын препарат қолданады.

  6. Зерттеуге 8-12 сағат бұрын науқас тамақ ішуді тоқтатады.

  7. Кешке тазалау клизмасын жасаңыз.

  8. Зерттеу алдында темекі шекпеуі керек.

  9. УДЗ-ге науқас өзімен бірге сүлгі және ақжайма алады.

10.Белгіленген уақытта науқасты ауру тарихымен УДЗ кабинетіне апарыңыз.
11.Зерттеуден кейін науқасты палатасына шығарып салыңыз.
Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ (қуық, жатыр, ...):

  • дайындық іш қуысының мүшелерін УДЗ-ге дайындағандай жүргізіледі;

  • Зерттеуден 2-3 сағат бұрын көп мөлшерде қайнаған су ішу керектігін ескерту;

  • Зерттеуге дейін қуығын босатпауын сұрау (қуық толық болу керек).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет