СТАНДАРТ
Науқасты холеграфияға дайындау
(көк тамыр арқылы енгізу)
Мақсаты: диагностикалық: өт қалтасының формасын және көлемін, оның концентрациялық функциясын, конкременттердің бар жоғын анықтау; өт ағысының өту жолын, калибрін және орналасуын анықтау.
Қолдануы: өт қалтасының және өт жолдарының аурулары.
Қолданбауы: жоғарғы температурадағы бауырдың жедел қабынулары, геморрагиялық диатез, йод препаратына жоғары сезімталдық, тиреотоксикоз.
Асқынуы: йод препаратына аллергиялық ракция.
Әзірле: құрамында йоды бар контрасты дәрі - 20-30мл, көктамырға инъекция жасауға арналған жиынтық, анафилактикалық шокқа қарсы жиынтық, жолдама бланкілері (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты-жөні, жасы, мекен-жайы немесе ауру тарихының №, диагноз, зерттеу күні).
Достарыңызбен бөлісу: |