Ескерту!
-Құрамында йоды бар препараттарға сезімталдығы жоғары болған жағдайда сынақ жүргізілмейді және препараттың толық дозасы жіберілмейді
СТАНДАРТ
Науқасты холеграфияға дайындау
(ішке қабылдау арқылы)
Мақсаты: диагностикалық: бауырдың, өт қалтасының, өт жолдарының көлемін және пішінін анықтау, оның концентрациялық функциясын анықтау;
Қолдануы: өт қалтасының және өт жолдарының аурулары.
Қолданбауы: бауырдың жедел аурулары, геморрагиялық диатез, йод препаратына сезімталдығы жоғары болса, тиреотоксикоз.
Асқынуы: йод препаратына аллергиялық ракция, жүрек айнуы, құсу, іш өту.
Әзірле: контрасты дәрі (дене салмағының 20 кг-на 1 г), тәтті шәй, 20 гр сорбит; анафилактикалық шокқа қарсы жиынтық; жолдама (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты-жөні, жасы, мекен-жайы немесе ауру тарихының №, диагноз, зерттеу күні).
Достарыңызбен бөлісу: |