Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Науқасты пиелографияға дайындау



бет117/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Науқасты пиелографияға дайындау
(көктамыр арқылы)
Мақсаты: диагностикалық: зәр шығару мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемі мен формасын анықтау, функционалды қасиетін анықтау (контрасты дәріні жинауы мен бөліп шығаруы).
Қолдануы: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.
Қолданбауы: бүйректің жедел аурулары, геморрагиялық диатез, йод препаратына сезімталдығы жоғары болса, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
Асқынуы: йод препаратына аллергиялық ракция.
Әзірле: контрасты дәрі, көк тамырға инъекция жасауға арналған жиынтық; анафилактикалық шокқа қарсы жиынтық; 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (құрамында йоды бар контрасты препараттың тікелей антидоты), жолдама қағазын (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты-жөні, жасы, мекен-жайы немесе ауру тарихының №, диагноз, зерттеу күні).
Пиелографияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа немесе оның жанұя мүшелеріне жүргізілетін зерттеу жөнінде мағлұмат беріңіз.

  2. Жүргізілетін зерттеуге науқастың келісімін алыңыз.

  3. Зерттеуге 3 күн бұрын жел түзейтін тағамдарды шектетіңіз (көкөністер, жемістер, сүт, қара нан, жеміс шырындары).

  4. Метеоризм кезінде науқас дәрігердің тағайындаған дәрісін 3 күн ішінде ішеді.

  5. Кешке (22-де) және таңертең 1,5-2 сағат бұрын науқасқа «таза су шыққанша» тазалау клизмасын жасаңыз.

  6. Зерттеу таңертең аш қарынға жүргізілуі керектігін түсіндіріңіз. Таңертең зерттеу алдында тамақ, су, дәрі ішпеуі, темекі шекпеуі керек, басқа инъекция және процедура орындамауы керек.

  7. Зерттеуге 1-2 сағат бұрын контрасты дәріге сезімталдығын анықтаңыз – 370С температураға дейін жылытылған контрасты дәрінің 1,0 мл көктамырға енгізіңіз.

  8. Зерттеу алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

  9. Дәрігердің белгілеген уақытында науқасты ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет