Кіріспе. ІАП-ның маңызы. Ішкі аурулар ғылымының даму тарихы. Ауру туралы түсінік. Дәрігерлік этика және медициналық деонтология. Ішкі аурулар пропедевтикасы диагностиканың негізі, яғни диагноз қоюға апарар жол. Ішкі аурулар пропедевтикасында науқасты тексерудің барлық әдістері мен тәсілдері беріледі және аурулардың белгілері (симптоматикасы) олардың пайда болу механизмдері сипатталады. Ішкі аурулар клиникалық медицинаның бір саласы. Ішкі аурулар тобына консервативтік жолмен (хирургиялық емес) емдейтін өкпе, жүрек, асқазан-бауыр, бүйрек, қан және ішкі секреция бездері аурулары, буын аурулары, ағзаның түгел зақымдайтын жүйелі аурулар т.б. жатады. Ағзаның ішкі аурулары кезінде басқа да жүйелер өзара байланыс пен тәуелділікте болғандықтан қызметінің бұзылысы болады. Сондықтан ішкі аурулардағы тексеру тәсілдерінің хирургия мен гинекологияда т.б. салаларда маңызы зор. Науқасқа көмек беру үшін әуелі оны анықтау, яғни диагностика жүргізу қажет. Диагностиканың 3 түрлі жолы бар, ол: 1.Сұрастыру – бұл кезде науқас диагностикаға қажет барлық мағлұматты береді. 2.Объективтік тексеру – тексерудің тексеруші тарапынан жасалынатын физикалық тәсілдері. 3 қосымша тексеру тәсілдері (зертханалық және медициналық құрал-аспаптық). Ауру – дегеніміз сыртқы және ішкі факторлар әсерінен ағзада өрбитін патологиялық үдеріс. Этиология дегеніміз аурудың себептері, яғни қоздыратын факторлар:
Механикалық факторлар – жарақаттану, сыну, тілу, кесіп алу
Физикалық факторлар – жоғарғы температура(күйіік), төменгі температура(үсік), қолайсыз ауа райы (ыстық, суық, жел)
Химиялық факторлар – қышқылдар мен сілтілердің әсері, тұрмыстық химия заттары;
Генетикалық факторлар – тұқым қуалау арқылы берілетін аурулар;
Психогендік факторлар – стресс, эмоция;
Әлеуметтік факторлар- соғыс, ашаршылық, тұрмыс жағдайының төмендігі, дамуы төмен ел;
Этиологиялық факторлардың қазіргі кезеңдегі түрлері:
Инфекция, оның ішінде вирусты (вирусты гепатит B,C,D)
Паразитарлық инвазия (аскаридоз, описторхоз, стронгилоидоз, трихинеллез т.б.)
Алкогольді (ішімдікті) шамадан тыс қолдану
Дәрілік препараттар
Туберкулез
Қатерлі ісіктер
Экологиялық және кәсіби факторлар
Зат алмасу процесінің бұзылыстары
Генетикалық (тұқымқуалаушылық) факторлар
Сыртқы фактордың әсері - суық тию, жарақаттар (оның ішінде психикалық та), инсоляция (күн өту)