Дәрігер және науқастың туыстары. Туыстарымен қарым-қатынас науқастың жағдайына қарай өрбиді, егер жағдайы жақсарып келе жатса мәселе туындамайды, ал егер науқастың жағдайы ауыр жазылуы күмәнді болса , онда туыстарымен ашық әңгіме болуы қажет. Кейде науқастың туыстарының да теріс ықпалы болуы мүмкін ондай жағдайда туыстарына психологиялық тұрғыдан жұмыс жүргізу қажет. Ал науқаста онкологиялық ауру болса онда ең жақын туғанына ғана шындықты айтып, сырт адамға мәлімет берудің қажеті жоқ.
Орта буын және кіші медицина қызметкерлерінің жұмыс барысындағы деонтология элементтері. Медбике – мәдениетті, ұқыпты, мейірімді, , әдепті, ұстамды, риясыз көмек беруге дайын тұратын, адамгершілігі жоғары адам болуы керек. Медбике науқас пен оның туыстарына барлық білетін мәліметтерін айтпауы керек, дәрігерлік құпияны сақтауы тиіс.
Ауруханада оңтайлы деонтологиялық жағдайдың қалыптасуына кіші медициналық қызметкердің де орны бар. Палатаның тазалығы, таза ауа, ыңғайлы төсек-орын, науқастың күтімі - ауруханада жайлылық орнатады, мұны орындайтын кіші медицина қызметкері, соған байланысты өзі де таза, ұқыпты, мәдениетті, кішіпейіл болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |