Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



бет10/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
Гиппократ б.э.д. 460-377жж өмір сүрген ежелгі грецияның дәрігері, Кос аралында дүниеге келген, мұнда бірнеше ұрпақтар династиясы ж анұялық асклепиад дәрігерлік мектебінде Гиппократтың ата-анасы, туыстары және өзі қызмет жасаған. Гиппократ әр науқасқа жеке-дара қараудың негізін қалаған, сонымен қатар адамның темпераменттерінің 4 түріне сипаттама берген. Аурудың себептері туралы мәселелерді қарастырған Гиппократ, сол аурулардың диагностикасын және клиникалық сипатын жазып қалдырған. Науқасты тексеру барысында қарау, сипау, қағу, тыңдау тәсілдерін қолдана отырып, одан шыққан бөліністердің түрі мен иісіне, зәрдің тұнбасына назар аударған. Біршама аурулардың атауы - пневмония, апоплексия, эпилепсия т.б. Гиппократтан қалған. Науқасты емдеуде төмендегідей принциптерді ұстанған:

  1. Пайдалы іс жасап, зиян келтірмеу (non nocere)

  2. Қарама-қарсыны қарама-қарсымен емдеу

  3. Табиғатқа көмектесе отырып, іс-әрекетпен үйлесе, күш-жігерді жұмсай отырып ауруды жеңу.

  4. Мұқият, байқап әрекеттену, науқастың күшін сақтау және емін (дәрісін) бірден өзгертпеу

Дәрігердің жоғары моральды бейнесі,этикасы,дәрігерге тән еңбекқорлық, кәсіби білімін жетілдіріп отыру, көркем мінез, сезімталдық деген адами қасиеттер Гиппократ атымен байланыстырылады. Дәрігерлік құпияны сақтау, науқастың сеніміне кіру, ұқыптылық пен тазалық - дәрігер парызы және осы аталған міндеттер негізінде дүниеге келген Гиппократ анты тарихта қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет