4 тақырып.«Илиада» және «Одиссея» поэмалары Гомерлік Греция.
1.«Илиада» және «Одиссея» поэмалары Гомер мәселесіндегі дерек ретінде.
2. «Илиада» және «Одиссея» поэмалары бойынша Греция экономикасы.
3 Гомер
поэмаларындағы құлдық пен еркіндік
Ежелгі грецияның б.з.д. ХІ-ІХ ғасырдағы тарих кезеңін дәстүр бойынша аты аңызға айналған соқыр ақын Гомедің атымен гомерлік кезең деп аталады. Гомердің өмір сүргенін сүрмегенін нақты білмейміз. Сөйтсе де, Платонның сөзі бойынша, Гомер Грецияның тәрбиешісі болды.
Ежелгі гректер оны «Илиада» мен «Одиссеяның» авторы деп санаған. Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары б.э.д. VІ ғасырда ғана, яғни олар шығарылғаннан кейін 300 жылдан соң қағазға түсірілді.
ХІХ ғасырдың аяғында коллективтік эпикалық халық творчествосының бірте-бірте табиға өркендеуінің нәтижесінде «Илиада» мен «Одиссея» пайда болғандығы жөнінде теория ұсынылды. ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында «Илиада» мен «Одиссеяның» халықтық эпос екені рас, кейін келе олардыхалықтан шыққан дана ақындар өңдеген деген синтетикалық теориялар шықты.
Грек әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып «Илиада» және «Одиссея» поэмалары саналады. Антик әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. «Илиада» және «Одиссеяның» шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан осы екі поэмаға байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте «Гомер мәселесі» деп қаралады.
Екі поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. «Илиаданың» аты Илион қаласының атынан шыққан (гректер Трояны солай атаған). Аңыз бойынша Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. Бірақ грек батырларының отанына қайтуы қайғылы болады: біреулері жолдан қаза табады, ал біреулері үйлеріне оралғанша түрлі теңіздерді кезіп шығады. «Илиада» 15700 өлеңнен тұрады. Оны антик ғалымдар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша). «Илиадада» соғыстың оныншы жылындағы оқиғалар суреттеледі.Поэмада соғыстың қалай басталғаны және оның барысы айтылмайды. Поэманың тақырыбы бірінші өлеңінде айтылған: «Гнев, богиня, воспой Ахиллеса, Пелеева сына...». Ахилл (Ахиллес) – фессалиялық патша Пелей мен теңіз құдайы Фетиданың ұлы, ахейлік батырлардың ең батылы, «Илиада» поэмасының негізгі бейнесі.
Трояны ұзаққа созылған қоршаудың сәтсіз болуы мен шығынға ұшырауы жауынгерлердің рухын түсереді. Оларды жігерлендіру үшін көсемдері халық жиналысын шақырды. Троя қаласы түбінде ұрыс қайта басталады. Гректердің ішіндегі ең таңдаулы жауынгер құдіретті «желаяқ» Ахилл (Ахиллес) болатын. Троялықтардың ең күшті де батылы Гектор еді. «Илиадада» сол екеуінің арасындағы жекпе-жек пен Гектордың өлімі суреттеледі. Поэманың әрекеті салыстырмалы планмен жүргізіледі: Олимп үстіндегі құдайлар және Трояның айналасындағы адамдар. Поэмада шайқасқа құдайлар араласқаны айтылады, олардың біреулері гректерге, екіншілері троялықтарға жақтасады. Ұрыс үстінде Ахиллдің досы Патрокл қаза табады. «Илиада» Патрокл мен Гектордың жерлеуін суреттеумен аяқталады. Троя соғысының ақыры туралы поэмаға енбеген аңызда айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |