Бағдарламасы Филология кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ. к. Тулебаева К. Т. басшылығымен даярланды



Дата19.02.2017
өлшемі447,67 Kb.
#11109
«БЕКІТЕМІН»

ҚазИГЗУ КБАИ мен КА директоры

____________ Каражанов М.Д.

____ ____________ 2015 ж.



Қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы Филология кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ.к. Тулебаева К.Т. басшылығымен даярланды

Семей, 2015


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы - қазақ мектептері үшін қазақ тілі пәні мұғалімін даярлайтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілі мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады. Жоғарғы оқу орнында өтілетін «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау. Келешек маман теориялық білімі терең, практикалық іскерлік қасиеті жоғары, шығармашыл белсенділігі дамыған, кез келген жағдайдан шығуға жол табатын тиімді әдіс-тәсілді меңгерген, ойлау білу мәдениеті жоғары адам болу үшін білім беру жүйесін жаңаша құру мәселесі көтеріліп отыр.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы – тілден берілетін теориялық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып беру. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы бір-біріміне тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы нені оқыту керек, қалай оқытқан дұрыс деген сауалдарға жауап іздесе, оқыту технологиясы қалай нәтижелі болады деген сұрақтың жауабын шешуге тырысады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін студентке меңерту барысында осындай сұрақтардың шешімін табуға әрекет жасалады. Студент өз бетімен тырысып, кейбір мәселелердің шемімін өзі табуға тырысуы қажет.

Қазақ тілін оқыту әдестемесі пәні өзінің бастау негіздері ретінде білім беру философиясының, логиканың, лингвистиканың, психологияның, физиологияның , т.б. ғылым салаларының жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін таңдап-тану арқылы тиімді әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделеп, оны студенттерге меңгертуді көздейді. Осылардың негізінде , қазақ тілінің қазақ мектептерінде оқытылу барысының өткенін талдау мен оған баға беруге, қазіргі күйін танып-білуге болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге студенттерді үйретеді.

Сонымен байланысты, қазақ тілін оқыту әдістемесі студенттреге тіл мен ойлаудың байланыстылығын негізге ала отырып, ана тілін меңгерудің жаңа әдіс-тәсілдерін оқушыларға меңгерте алатын дағдыларды қалыптастыруды алдыңғы кезекке қояды.

Қазіргі кезеңде мектепте оқылатын қазақ тілі курсы теориялық деңгейі жоғарылаумен, тілдік фактілерді өзара тығыз байланыстылыққа тануға назар аударумен сипатталатын болғандықтан, студенттерді осы бағыттағы әдістемелік шеберлікпен қаруландыру кең түрде жолға қойылып отыр. Студенттер «Қазақ тілін оқыту әдестемесі» курсын оқып меңгеру барысында оқушыларды тілдік фактілерді түрлі қырынан танып-білуге дағдыландыратын әдістер мен тәсілдер жүйесін таниды. Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдауға үйрету жолдарын студент осы курсты толық меңгеруді үйренеді.

Қазақ тілінің теориялық курстары мен педагогика және психология, физиология курстарынан алған білімдерін біртұтастыққа келтіре жүйелей отырып, студенттер практикалық шеберлікпен қалыптастырудың жолдарын «қазақ тілін оқыту әдестемесі» курсы барысында қалыптастырылады. Сондықтан да «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының студентті маман ретінде шыңдауда алатын орны ерекше болады.

Қазіргі кезде мектептегі қазақ тілі сабақтарында оқушының ойлауы мен тіл дамуына, мәдениетті түрде сөйлей білуіне терең назар аударылып отырғаны белгілі. Осымен де байланысты, студент оқушыларға тілдің түрлі қызметін, танымдық, қатысымдық, коммуникотивтік, эстетикалық қызметін танытудың тиімді жолдарын «Қазақ тілін оқыту әдестемесі» курсын өту барысында меңгеруі керек. Өйткені, осындай бағытта оқыту барысында ғана оқушыдан ана тіліне сүйіспеншілік, құрмет, бағалау, қамқорлық жасау сезімдерін қалыптастыру мүмкін болады.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының мақсаты мен міндеттері

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты – студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білім терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің алдына мынандай міндеттерін қойып, оларды шешу жолдарын қарастырады.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының міндеттері:



  • Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

  • Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

  • Қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету;

  • Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

  • қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту;

  • болашақ қазақ тілі мұғалімдері регінде, өз бетімсн ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жеплдіру;

  • педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білугс дағдыландыру;

  • мектеп мүғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға белсене қатысып отыруын қалыптастыру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің курсының мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды:

    • қазақ тілін оқьпу әдістемесі - дербес ғылым саласы; қазақ тілін оқьпу өдістемесінің бастау кездері; қазақ тілін оқыту әдістемесінің зертгеу әдістері;

    • қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары;

    • мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат-міндеттері;

    • қазақ тілін окытуды оқу-танымдық процесс ретінде тану мен ұйымдастырудың ерекшеліктері;

    • қазақ тілін орта мектеп пен тереңдетілген мектептерде оқытудың өзара байланыстылығы мен ерекшеліктері;

    • қазақ тілі жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін окыту әдістемелері (фонетиканы оқыту әдістемесі, лексика мен фразеолояның оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі, мөтінді окыту әдістемесі);

    • қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың ойлауын дамыту әдістемссі;

    • қазак тілін оқьпу барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесі;

    • орфография мен орфоэпияны оқыту өдістемесі; пунктуация заңдылықтарын меңгерту әдістемесі; стилистиканы оқыту әдістемесі;

    • қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі;

    • қазақ тілін окыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдасгыру мен жүргізу әдістемесі;

    • студенттердің қазақ тілінен өтілетін педагогикалық практикасы және оны ұйымдастыру мәселелері.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі дәріс, тәжірибелік сабақтар, лабораториялық сабақтар, студенттердің жеке жұмысы, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге, студенттердің өз бетімен жұмыс орындауы, бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазуы арқылы әдістемелік білімі жетілдіруі көзделеді.

Мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, студенттердің мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысуы белгіленеді, соның негізінде әдістемеден алатын теориялық білімінің өмірмен байланысы танылады. Студенттерге қазақ тілін оқыту және басқа тілдерді оқыту бойынша оқу-құралдар мен әдістемелік әдебиеттер кітапханасын жасау тапсырылады және оқытушы тарапынан катаң қадағаланады.

Дәрісте казақ тілін оқьпудың теориялық мәселелері қарастырылып, тәжірибелік сабақтарда қазақ тілін оқытудың нақты әдістемелері талданады, оқу-әдістемелік әдебиеттер талданады, қазақ тілі сабақтарының болмысы танылады.

Лабораториялық сабақтардың ерекшеліктері - тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы. Себебі, лабораториялық сабактарда студенттердің рефлексиялық қабілетін дамыту мүмкіндігі мол және ол аса қажет.

Студенттер казақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында казақ тілі мұгаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазак тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:


  • мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі;

  • әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті меи іскерлігі;

  • әрбір қазақ тілі сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потеициалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;

  • оку-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді колдана білу іскерлігі;

  • қазақ тілінің жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік ойлы мен ерекшеліктерін байланыстыра оқыту іскерлігі;

  • қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эмпирикалық деңгейде калып қоймай, оның теориялык деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;

  • оқушының қазақ тілін оқуға деген мотивтерін анықтап, оны дамыта білу іскерлігі;

  • сабақтағы оқу материалдың сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;

  • жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерлігі.

Бұған қоса, студентгер сұрақты дұрыс коя білу; оқушы білімін дұрыс та шынайы тұрғыдан бағалай білу; бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді колдана білу; оқушының дәптерлерін жүйелі тсксеру; оқыту технологиясын сабакта бірізді жөне орынды қолдана білу, әр сабағы ғылыми түрғыдан талдап, сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсын меңгеруі барысында студент әдістемсні зертгеу бағыттары мен зерттеу өдістерін саралап тани білуі ксрск. Қазақ тілінен төжірибе жасау, оның нөтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқу барысында калыптастырылады. Қазақ тілін оқыту өдістемесінің ғылым саласы ретінде дифференциациялық жоне интеграциялық тенденцияға ие болатыны да студенттің ғылыми жұмыс орындауы барысында меңгеруі тиіс мәселе. Мысалы, қазақ тілін оқыту барысында компьютерді колдану әдістемесінде, міндетті түрде кибернетикамен байланыс жасалады, логика және психологияның заядылыктары активтене түседі. Ал қазақ тілі бірліктерінің мәтін кұрау қызметін танытуда кешенді талдау, жүйе, тұтастық ұғымдары айқындалады т.б.

Сонымен қатар, қазақ тілін оқыту әдістемесінің осы кезге дейінгі жинақталған бай мұрасын студенттер танып-білуі керек. Қазақ тіліндегі сандаған терминдерді жасаушы А.Байтұрсынұлының лингвистикалык-әдістемелік мұрасын арнаулы курс ретінде окытуды ұсынамыз. Мұндай арнаулы курс студентке тіл теориясын да, әдістемені де терең меңгертуіне көмектеседі.

Басты назар - қазақ тілін эмпирикалық деңгейде, формалдық грамматика тұрғысьшан ғана оқытуды шектеп, тіл бірліктерінің тек сырткы белгісін емес, ішкі кұрылымын құрап тұрған тілдік байланыстар мен қатынастар тұрғысынан, теориялық білім алу тұрғысьнан оқытуды дамытуға бағытталып, студенттерге тілдік қатысым теориясын, тіл бірліктерінің функционалдық болмысын оқыту әдістерін молынан үйрету керек. Жаңа бағдарламаның өзегі де болып табылады.

Соңғы жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында "Тіл дамыту", "Тіл мәдениеті" бөлімдерін тереңнен қарастырылып, жаңа әдістемелік кешендер жасалынады. Шешендік өнерді оқыту әдістемесі бойынша да біршама жаңа әдістемелер бар. Осыны әдістемелік курста студентке қазақ тілі жүйесін окытумен байланыстыра отырып меңгерту керек. Жалпы оқыту міндеттерінің қасында қазақ тілін оқыту міндетгері, оның ішінде жекелеген салаларын оқыту міндеттері болатыны белгілі. Бірақ олар жеке әдістемелік кешендердің табиғатын таныту барысында меңгертіледі.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН ДӘРІСТІК КУРС

Қазақ тілін оқыту әдістемесі - жеке ғылым саласы. Қазақ тілін оқьпу әдістемсі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және оны тану жолдары.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдарымен байланыстылығы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері - Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанүлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев т.б. еңбектерінің маңызы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов, А.Әбілқаев, И.Үйықбаев, Н.Оралбаева, Б.Кәтембаева, Б.Құлмағамбетова, М.Дүйсебаева, Ә.Исабаев, С.Қазыбаев т.б. ғалымдар еңбектерінің орны.

Қазақ тілі - мектепте оқылатын негізгі пәндердің бірі ретінде. Пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінің ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі, тәрбиелік, дамытушылық маңызы.

Қазақ тілін оқытудың эмпирикалық және теориялық денгейлері және олардың өзара сәйкестіктерін сақтау мәселесі. Қазақ тілі заңдылықтарын окушының ойлауы мен тілін дамыту бағытында оқытылуының заңдылықтары.

Мектептегі оқылатын қазақ тілі жүйесінің ұғымдарын терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары. Ереже мен оның құрылымы.

Қазак тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс машықтар мсн дағдылар. Эмпирикалық әдістер мен теориялық әдістерді колдану дағдылары.

Қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы: әдебиет, математика, шет тілі, химия, физика, биология, музыка, сурет, информатика т.б.

Оқушылардың жазба және ауызша тілі дамуындағы казақ тілінің және барлық пәндердің алатын орны. Окушылардың сөйлеу мәдениетіне, орфографиялык және пунктуациялық сауаттылығына койылатын бірыңғай талаптар.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ

Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта окыту ұстанымына негізделетіндігі. Қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік-құрылымдық табиғатын тану. Дидактикалық ұстанымдар. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары және тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Бұлардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.


ҚАЗАҚ ТІЛН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедукция, зксперимент, модельдеу, бақылау мен салыстыру, жіктеу т.б.). Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар. Лингвистикалық әдістер жөне олардың қазақ тілін оқытуда колданылуы. Қазақ тілін оқыту әдістері. Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктерінен туындайтын әдістер. Окушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістерінің байланыстылығы. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрететін әдістер. Топтастырылған ұғым жасауға үйрету әдістері. Тіл бірліктерінің ерекшеліктерін салғастыра тану, негізгі белгілерін анықтау, дәлелдеу, форма мен мазмұнның байланыстылығын таныту әдістері: формадан-мазмұнға және мазмұннан-формаға қарай жүру әдістерінің маңызы. Тіл бірліктерінің семантикалық болмысын таныту әдістері.


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері және ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктерін факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.

Қазақ тілін тереңдете оқыту. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасаудағы оқушының даму ерекшеліктерін негізге алу. Тереңдете оқытудағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны. Орта мектепте оқылатын қазақ тілі бағдарламасымен байланыстылығы.

Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екендігі. Бағдарламаның линиялық және конценгрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.

Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелік-құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы және олардағы теориялық және практикалық материалдың берілуінде сәйкестіктердің сақталуы. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері. Теориялық материалдардың берілу логикасы. Лингвистикалық теориялық материалды оқу мақсатында сипаттаудың лингводидактикалық негіздері. Жаттығу мен түрлері; оларды оқулықтарда орналастыру желісі.

Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның кұрылымы. Бағдарлама және соған негізделіп жасалған оқулықтан басқа оқу-әдістемелік қосымша құралдар; мұғалімге арналған әдістемелік құралдар; диктанттар мен мазмұндамалар жинағы; тест жинағы; тіл теориясынан оқушыларға арналған хрестоматиялар; түрлі сөздіктер; дидактикалық картиналар; кеспе қағаздар жинағы; қызықты грамматика материалдары; лингвистикалық-танымдық есептер жинағы; сынак, емтихан сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар жинагы т.б.


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы оқьпу ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдау. Фонетикалык жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетиканы оқытумен байланысты орфоэпиялық және орфографиялық дағдылардың қалыптастырылуы. Оқушылардың орфоэпиялық және орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Фонетикалық диктантгар.


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазақ тілінің жүйесін кұрушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Берілетін білім мазмұнының көлемі мен минимумы. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары. Лексиканы оқьпуда көрнекілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда калыпастырулы тиіс машық-дағдылар.


ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСГЕМЕСІ

Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фразеологияны меңгерту барысында ұлтгық дүниетаным ерскшеліктерін таныту. Фразеологияның жасалу жолдары. Фразеологияны оқытуда көрнекі кұралдары, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.


СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен ұстанымдары. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Жаттыулар жүйесі. Сөз кұрамын талдау мен сөзжасам жолын талдау, бұлардьщ ұқсас жақгары мен айырмашьшықтары. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану.


ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мектепте грамматиканы оқытудың максаты мен міндетгері. Мектепте оқылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. Грамматикадан берілетін эмпирикалық және тсориялык білім мазмүны мен келемін анықтау. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларға менгерту әдістемесі. Окушылардың әр түрлі іскерлік дағдыларын қалыптастыруда, грамматикалык қателерді болдырмау үшін алдын ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканы окьш-үйренудің аса зор рөл атқаратындығы.

Грамматикалык талдау әдістемесінің теориялык негіздері. Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер. Сұрақтар туралы мәселе.
МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Морфология - грамматика жүйесініц бір бөлігі екендігі. Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі және практикалық маңызы. Морфологияның жалпы білім берушілік құндылығы - тілдің табиғатын терең танытатын сала екендігі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы мүмкіншіліктері мол екендігі, тілдік фактілердің мәнін түйсіндірудегі көмегі зор екендігі. Морфологияны теориялыкқ деңгейде оқытудың практикалық іскерлікті дамытудағы маңызы.

Морфологияны оқытудың практикалық маңызы әдеби тілінің нормаларын оқушыларға меңгертудегі үлкен орнымен, бала тіліне тән емес формаларды меңгерту арқылы окушының тілін байыту мүмкіндігімен аныкталады, сауатгы жазудың ережелерін меңгертудің негізі болып табылады.

Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқытудыц өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытуды синтаксистік негізде жүргізудің маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологиялық талдау және оны жүргізу логикасы. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі.


СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігі. Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисін құраушылары - жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі. Қатысымдық синтаксис мәселесі.

Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды калыптастыру әдістемесі. Синтаксистік байланыстар мен сингаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік тіркесімдік пен лексикалық тіркесімдік ұғымы. Синтаксис бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік талдау және оны жүргізу логикасы. Синтаксистік тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы және оқушыларға осы мәселені нақты ұғындыру жолдары.
СӨЗ ТІРКЕСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік - сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің сыртқы белгілерін меңгерту - сөз тіркесінен эмпирикалық білім беру сатысы екендігі. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік катынастарды танудың алатын мацызды орны. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, байланысу түрлері. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінін түрлері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері. Сөз тіркесін соз таптарьшын тіркесімділік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік ретінде таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту. Сөз тіркесін талдау логикасы. Сөз тіркесіне байланысіы жаттығулар және оның түрлері. Сөз тіркесін окытудағы көрнекіліктер мен косымша оқу-әдістемелік құралдар жүйесі.

ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жалаң және жайылма сөйлемді проблемалык әдіспен меңгерту әдістемесі. Жақты және жаксыз сөйлемдерді оқыту жоне олардың стильдік қызметіне назар аудару. Толымды және толымсыз жай сөйлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынаи меңгерту әдістемесі. Атаулы сөйлемді оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.


СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

А.Байтұрсынұлы жасаған сөйлем мүшелері терминдерін мағыналық жағынан талдау. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалуындағы сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің, комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі.

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы ұғым калыптастыру әдістемесі. Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.

Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сойлем компоненттерінін байланысу жолдарын талдау әдістері.

Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардыц жасалу жолдарын меңгерту.

Аралас құрмалас сөйлемді оқыту өдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын менгерту өдістемесі.

Көп компонентті кұрмалас сөйлемді окыту әдістемесі. Көп компонентті кұрмаластың ішкі жүйесін құраушылар : көп компонентті салалас күрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.


МӘТІНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар және оларды оқушыларға меңгерту. Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі аркылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру.

Мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, студенттердің мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысуы белгіленеді, соның негізінде өдістемеден алатын теориялық білімінің өмірмен байланысы танылады. Студенттерге қазақ тілін оқыту және басқа тілдерді оқыту бойынша оқу-құралдар мен әдістсмелік әдебиетгер кітапханасын жасау тапсырылады және оқытушы тарапынан катаң қадағаланады. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары.
ОРФОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Орфографияның оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды калыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді колдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау. Орфографияны оқьпуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.


ПУНКТУАЦИЯНЫ МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жургізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді окыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жатгығулар мен талдау түрлері. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.


ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық-құрылымдық жүйесі. Тіл дамыту - оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты екендігі.

Тілдің ғылыми курсын оқыту барысында окушылардың тілін дамыту -оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі.

Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері жүйесі. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері. Оқушылардың тілдік қарым-қатынас жасаудағы сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық әдістердің үлкен орын алатындығы.


ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы. Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. "Дұрыс сөйлеу" мен "жақсы сөйлеу" ұғымдарын талдау. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері. Әдеби норма ол туралы түсініктерді қалыптастыру.

Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стилистикалық ұғымдар жүйесі және оларды меңгерту әдістемесі. Стилистикалық жаттығулар. Стиль және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру. Стильдік қателер және оларды болдырмау жолдары.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ; ДАМУ ЖОЛДАРЫ

А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» кітаптарын талдау. Т.Шонанұлының әдістемелік мұрасымен танысу. С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы еңбектерін талдау. Қ.Жұбановтың әдістемелік еңбектерін талдау. Қ.Басымовтың әдістемелік мұрасын талдау. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасын талдау. С.Жиенбаевтың әдістемелік мұрасын талдау.

Қазақ тілінің бағдарламасы. Бағдарламаның құрылымы мен түрлері. Қазақ тілі бағдарламасының даму жолдары. Бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін талдау.

Қазақ тілі оқулықтары. Оқулық теориясы. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолдары. Оқулықтың ішкі құрылымдық –жүйелік мазмұнына талдау жасау. Оқулықтың теориялық және практикалық бөлігі. Жаңа буын оқулықтарымен танысу.

Оқу-әдістемелік кешен. Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары. Қосымша оқу құралдары және олардың қолдану жолдары. Дидактикалық материалды дайындау және пайдалану. Диафильм, үлестірме кеспе қағаздары, жинақтар, көрнекіліктер, техникалық құралдар жүйесі.

Қазақ тілі сабақтары. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері. Қазақ тілі сабақтарының құрылымы. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін шешу жолдары. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, тоқсандық, күнделікті түрлері.

Диктант жүргізу. Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар. Диктантты жүргізу әдістемесі. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары.

Қайталау сабақтары. Қайталауды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктерін талдау. Жинақтай қайталау. Күнделікті қайталау. Теориялық материал мен практикалық материалды қайталау ерекшеліктерін талдау.

Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізудің әдіс-тәсілдер жүйесі, олардың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінен үйірме жұмыстарының маңызы. Қазақ тілінен олимпиада өткізу. Қазақ тілінен тереңдетіп оқытатын мектептердегі «Арнаулы курстар» жүргізу әдістемесі.
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР

5-11 сынып оқушыларының қазақ тілі бойынша білімін, іскерлігін, дағдыларын бағалау нормаларына, мектепте бірыңғай орфографиялық және сөйлеу режимінің талаптарына талдау жасау.

Сабақты жоспарлау түрлерімен, толық сабақ конспектісін жасау жолдарын меңгеру. Бағдарлама бөлімдерінің біріндегі материалдарды сағатқа бөлу.

Лекцияда атылған теориялық мағлұматтарды оқып-үйрену негізінде сабақтарға және сабақтан тыс жұмыстарға талдау жасау, талданған сабақтарды әдістемелік жағынан жетілдіру жолдары туралы ұсыныстар жасап үйрену.

5-11 сыныптардағы қазақ тілі бағдарламалары бойынша жылдық ,тоқсандық жоспарлар жасау. «Құрмалас сөйлем», «Текст» салалары бойынша көрнекіліктер жүйесін жасау.

«Тіл дамыту» сабағының үлгісін жасау. Шешендік өнер сабағының үлгісін жасау. Сабақтан тыс жұмыс жоспары мен конспекті жасау. Қызықты грамматика материалдары бойынша папка жасау. Қазақ тілі кабинетін жасақтау жоспарын жасау. Қазақ тілі мұғалімдері бірлестігінің жоспарын құру.

Қазіргі сабақ түрлерін пайдалана отырып әр түрлі тақырыптарда сабақ жоспарларын жасау. Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, сабақ өту.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


1.С.Аманжоловтың әдістемелік еңбектерін талдау.

2.Қ.Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ізденістері.

3.Бағдарламаның ішкі құраушы элементтерін талдау.

4.қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары.

5.Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар.

6.Оқулықтың теориялық және практикалық бөлігін талдау.

7.Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері.

8.Қ.Жұбановтың «жаңа грамматика» оқулығының маңызы.

9.Оқулыққа енген (5-10 сынып) материалдарын саралап үйрену.

10.Қосымша әдістемелік еңбектерге сараптама жасау.

11.Сабаққа қажетті көрнекті құралдар даярлау.

12.Жоспар, оның түрлері.

13.Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

14.Сабақ жоспарларын жасау( әр түрлі тақырыпта)

15.Дидактикалық ойынның түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну.

16.Х.Арыновтың «Қазақ тілінің синтаксисі методикасының негіздері» еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасау.

17.Салалас, сабақтас құрмаласты оқытуға байланысты бірнеше көрнекі құралдардың үлгісін жасау.

18.Әдеби нормадан жөнді ауытқуға байланысты көркем әдебиеттерден мысалдар жинау.

19.Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктің маңызы.

20.Пунуктуацияны оқытуға байланысты тірек-схемалар жасау.

21.жарнамадағы стильдік қателерді жинақтап, таразылау.

22.Ресми іс қағаздар стиліне мысалдар жинау, оны сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерін сұрыптау.


КУРС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1.Қазақ тілін оқыту әдістері

2.Оқыту процесіндегі көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі.

3.Грамматикалық ойындардың оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы ролі.

4.Гуманитарландыру (ізгілендіру) –оқыту жүйесін қайта құрудың бір ұстанымы.

5.Қазақ тілін оқыту формалары.

6.Қазақ тілін компьютер арқылы оқыту.

7.Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын ойын элементтері.

8.Бағдарламалық және дистанциялық оқыту технологиясы.

9.Модульдік технология, оны пайдаланудың тиімділігі.

10.Дебат технологиясының ерекшелігі.

11.Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, дарыта, интеграциялай оқыту.

12.Қазақ тілінен жүргізілетін жазбаша жұмыстар.

13.Тәрбие тамыры-халық даналығында.

14.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту-заман талабы.

15.қазақ тілі сабағында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

16.Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.

17.Қазақ тілі сабағының түрлері мен құрылымы.

18.Қазіргі сабақ жүйесі.

19.Сөйлем мүшелерін оқыту.

20.сын есімді оқыту барысында ұлттық рухани тәрбие беру.

21.Зат есімді халықтық педагогикамен ұштастыра оқыту.

22.Қазақ тіліндегі сөйлемдердің интонациясын оқыту.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Өмірбаева К. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды дамыта оқыту жолдары. Қазақстан мектебі. 2001./3. -32-34б.

2.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000.

3.Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану. А. , 1983

4.Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А. , 1979

5.Ә.Ишмұхамедов. Қызықты грамматика. А. , 1986

6.Ш.Сарыбаев Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері А. 1959.

7.Г.Уәйісова, Ә.Жұмабаева Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.1999.

8. Ғ.Қалиев, Н.Оралбаева, О.Төлегенов Қазаргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы. А., 1983.

9. Әр жылдардағы "Бастауыш мектеп", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Қазақстан мектебі" журналдарының басылымдары.

10.Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2- Г.Уәйісова, Жұмабаева, М.Солтанғазина сынып А,Атамұра 1998.

11. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру

психологиясы. Алматы: Мектеп, 1983.

12. Айғабылов А. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері. Алматы, 1982.

13. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясының методикасы.

Алматы:Мектеп, 1974.

14. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы:Санат, 1995.

15. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

16. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту

әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы:

Ана тілі, 1999.

17. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

18. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту.

Алматы:Мектеп, 1982.

19. Беспалько В.И. Программированное обучение. М., 1970.

20. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1995.

21.Зельманова Л.М. Наглядность в преподавании русского языка. М.,1984.

22.Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері.

Алматы: Қазақ университеті, 1993.

23.Ишмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. Алматы, 1972, 1986.

24.Кәтембаева Б., Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың

методикасы. Алматы: Мектеп, 1975.

25.Құлмағанбетова және т.б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1988.

26.Құлмағанбетова Б. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды

пайдалану. Алматы, 1983.

27.Құрманова Н.Ж. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі.

Ақтобе, 1999.

28.Құрманова Н.Ж., Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау

әдістемесі. Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2000.

30.Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері.

Алматы: Мектеп, 1979.

31.Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері. Алматы: Мектеп,

1957, 1959, 1961, 1963.

32.Методика развития речи на уроках русского языка. М.,1980.

34.Оразбаева Ф. Тілдік қатысым: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000.

37.Оценка знаний, умений и навыков учащихся по русскому языку. М., 1986.

38.Прудникова А.В. Лексика в школьном курсе русского языка. М., 1979.

39.Панов В.Т. Типы и структура уроков русского языка.. Москва, 1986.

40.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991.

41.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары.А.,2001.

42.БейсембайқызыЗ. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту.А., 2001.



І БӨЛІМ

ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақ тілін оқыту әдістемесі бакалаврда тілдік категорияларды, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Әдіскер мұғалімдер оларға педагогикалық қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамндығын құрметтеуге тәрбиелейді. Оқу орындарында өтілетін қазақ тілі куросы бойынша жасалған бағдарламалар негізінде дәріс жоспарын құрастыра білу және оны басшылыққа алу жолдарын ұйымдастырумен таныстырады. Құрастырған бағдарламаны басшылыққа ала отырып, тиісті оқулықтар мен оқу құралдарын пайдалана, сабақтың жоспарын, конспектісін жасай білуге үйрету. Қазақ тілінен өтілетін сабақты ұйымдастыру жолдарын білу, сабақтың мазмұнын айқындап, сабақ өткізу әдістемелері мен тәсілдерін меңгеру. Оқулықтар мен оқу құралдарын пайдалана отырып студенттердің әзірлігімен атқаратын дербес жұмыстарына басшылық жасау және аудиториялық жұмысты орындаттыру жолдарын білгізу.


1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ:

1.1.Пәннің мақсаты студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білім терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.

1.2.Пәннің оқыту міндеті Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

- Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

- Қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету;

-Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

-қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту;

-болашақ қазақ тілі мұғалімдері регінде, өз бетімсн ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жеплдіру;

-педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру;

-мектеп мүғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға белсене қатысып отыруын қалыптастыру.



1.3. Пәннің оқу үрдісіндегі орны Бұл пән факультет студенттері үшін жетекші пәндердің бірі болып саналады. Қазақ тілі пәні мұғалімдері өздері оқытатын әрбір сыныпта жүргізілетін тақырыптардың әдістемесін жете меңгеріп шығуы тиіс.

- қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық процесс ретінде тану мен ұйымдастырудың ерекшеліктерін білуі;

-қазақ тілін орта мектеп пен тереңдетілген мектептерде оқытудың өзара байланыстылығы мен ерекшеліктерін меңгеру;

-қазақ тілі жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін окыту әдістемелері (фонетиканы оқыту әдістемесі, лексика мен фразеолояның оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі, мөтінді оқыту әдістемесі);

-қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың ойлауын дамыту әдістемесі;

-қазақ тілін оқьпу барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесі;

-орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі; пунктуация заңдылықтарын меңгерту әдістемесі; стилистиканы оқыту әдістемесі;

-қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі;

-қазақ тілін окыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдасгыру мен жүргізу әдістемесі;

-студенттердің қазақ тілінен өтілетін педагогикалық практикасы және оны ұйымдастыру мәселелерін меңгеріп шығулары қажет.



Пән мазмұны

2.1. Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны




Дәріс тақырыптары

ның атауы.

Дәріс мақсаты мен мазмұны

1

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.

1.Қазақ тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері.Тілді оқыту әдістемесі.-

2.Тілдерді оқытудың жалпы теориясы -лингводидактиканың бір бөлшегі екендігі.

3.Әдістеменің даму тарихына тоқталу


2.

Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.

1. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Басымов, С.Жиенбаев.

2. Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, М.Ұйықбаев.

3.Ж.Аймауытов, А.Әбілқаевтардың әдістемелік құралдары.


3.

Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері.

1.Қазақ тілін оқытудың әдістемесінің қоғамдық ғылымдар қатарына жататындығы.

2. Пәннің білім беру әдістері мен құрылымдық элементтерінің үнемі жетіліп отыратындығы.

3.Бұл пәнді оқытудағы дидактикалық принциптер мен әдістемелік заңдылықтардың маңызы


4.

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдісі

1.Тіл дыбыстарының дауысты, дауыссыз түрлерінің классификациясын меңгерту.

2.Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен заңдылықтарын меңгертуде басты назарға алыну керек заңдылықтар.

3.Үндестік заңы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге үйрету.


5.

Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдісі

1.Лексика саласы бойынша негізгі оқылатын тақырыптарға,сөздің көп мағыналылығы.

2Синоним, антоним, омоним сөздеріне, тұрақты сөз тіркестеріне, мақал-мәтелдерге басты назар аударту.

3. Оқушының сөздік қорын байытуда лексиканың алатын орнын байқату.


6.

Фразеологияны оқыту әдістемесі.

1.Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2.Жасалу жолдарын меңгерту.

3. Фразеологиясын оқыту технологиясы.


7.

Сөзжасамды оқыту әдістемесі.

1.Қазақ тілінің бұл бөлімдегі сөз таптарының оқытылу реті.

2.Әр сөз табының ерекшеліктері, бір-бірінен айырмашылықтары, жазылу ережесі, т.б. заңдылықтарды меңгерту.

3. . Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту.


8.

Морфологияны оқыту әдісі

1.Қазақ тілінің бұл бөлімдегі сөз таптарының оқытылу реті.

2. Әр сөз табының ерекшеліктері, бір-бірінен айырмашылықтары, жазылу ережесі, т.б. заңдылықтарды меңгерту.

3. Жазылу ережесі, т.б. заңдылықтарды меңгерту.


9.

Грамматиканы оқыту әдістемесі.

1.Мектепте грамматиканы оқытудың максаты мен міндетгері.

2. Мектепте оқылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. 3. Грамматикалық және сөзжасам жаттығуларын жүргізудің әдістемесі



10.

Синтаксисті оқыту әдісі

1.Сөйлемдердің түрлері, жасалу жолдары,олардың әрбір сөздің атқаратын қызметі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

2. Сөйлем мүшелерінің ерекшеліктері.

3.Құрмалас сөйлем жайлы түсінік.


11.

Сөз тіркесін оқыту әдістемесі.

1.Сөз тіркесінің сыртқы белгілерінің меңгерту.

2.Сөз тіркесін жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен қатынастар.

3.Синтаксистік талдаулар жүргізу.


12.

Жай сөйлемді оқыту әдістемесі

1.Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. 2.Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар.

3. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі.



13.

Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.

1.А.Байтұрсынов жасаған сөйлем мүшелері терминдерін мағыналық жағынан талдау.

2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары.

3. Сөйлем жасалуындағы сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.


14.

Құрмалас сөйлемді оқыту жолдары.

1.Құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. 2.Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру.

3. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.



15.

Мәтінді оқыту әдістемесі.

1.Мәтінді талдау әдістемесі.

2.Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфология, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістемесі.

3. Мәтінді талдау әдістемесі.


16.

Орфографияны оқыту әдістемесі

1.Орфографияның қазақ тілінің заңдылықтарының ішінде ерекше роль атқаратындығы.

2.Әр сыныптағы оқушылардың меңгеруге тиісті орфограммалары.

3.Сауатты жаза білуде орфографиялық заңдылықтарды игеру.


17

Пунктуацияны оқыту әдістемесі

1.Қазақ тіліне меңгертудегі тыныс белгілерінің маңызы. 2.Тыныс белгілерінің түрлері. Сөйлемді дұрыс құра білуде, ұға білуде тыныс белгілерінің атқаратын қызметі.

3. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі.



18.

Тіл дамыту әдістемесі

1.Қазақ тілінің білімдік дағдыларын тексеруде жазба жұмыстарының алатын орны.

2.Жазба жұмыстарының түрлері, олардың сыныптан-сыныпқа қарай күрделенуі. 3.Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері жүйесі.



19.

Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі.

1.Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы.

2. Әдеби норма ол туралы түсініктерді қалыптастыру.

3.Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі жұмыстар жүйесі әдістемесі.



2.2. Тәжірибе сағаттары




Сабақ тақырыптарының атауы

Мазмұны

1.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.

а) білім деңгейінде:

Қазақ тілін оқытудың міндеттері.

b) меңгеру деңгейі:

Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар.

c) таныстыру деңгейі

қазақ тілі жүйесі туралы теориялық білім беру.



2.

Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.

а) білім деңгейінде:

Қазақ тілінен жаңа білім беру сабағының әдістемелік жүйесі.

b) меңгеру деңгейі:

Мұғалімнің оқу материалдарын түсіндіру әдісі

c) таныстыру деңгейі

Кітаппен жұмыс істеу әдісі.



3.

Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері.

а) білім деңгейінде:

Дәстүрлі проблемалық әдістің құрылымы.

b) меңгеру деңгейі

Дидактикалық ойындар әдісі.

c) таныстыру деңгейі

Эвристикалық әдіс.



4.

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдісі

а) білім деңгейінде:

Фонетика саласы бойынша теориялық білім беру.

b) меңгеру деңгейі

Қазақ тілінің үндестік заңы.

c) таныстыру деңгейі.

Фонетикалық машықтар мен дағдылар.



5.

Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдісі

а) білім деңгейінде:

Лексикалық білімді оқушылардың логикалық ойлауын дамытумен ұштастыру.

b) меңгеру деңгейі:

Лексика саласынан теориялық білім беру.

c) таныстыру деңгейі.

Мақал-мәтелдің ой дәлдігін берудегі көріктеуіштік тәсілі.



6.

Фразеологияны оқыту әдістемесі.

а) білім деңгейінде:

Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері.

b) меңгеру деңгейі.

Фразеологиялық синоним, антонимдер.

c) таныстыру деңгейі.

Тұрақты тіркес мен мақал-мәтелдердің өзіне тән белгілері.



7.

Сөзжасамды оқыту әдістемесі.

а) білім деңгейінде:

Сөзжасамды оқытудың мақсаты.

b) меңгеру деңгейі.

Сөз жасаудың жолдары.

c) таныстыру деңгейі.

Лексикалық жолмен жасалған сөздер.



8.

Морфологияны оқыту әдісі

а) білім деңгейінде:

Морфологияның қарастыратын обьектісі

b) меңгеру деңгейі

Сөзқдердің мағынасына, тұлғасына, құрамына, қызметіне қарай бөлінуі.

c) таныстыру деңгейі.

Сөз таптарының өзіндік ерекшеліктері.



9.

Грамматиканы оқыту әдістемесі.

а) білім деңгейінде:

Грамматиканы оқытуда игерілетін білімге қойылатын талаптар.

b) меңгеру деңгейі:

Міндеттідеңгей мен мүмкіндік деңгейі.

c) таныстыру деңгейі.

Морфология бойынша міндетті деңгей.



10.

Синтаксисті оқыту әдісі

а) білім деңгейінде:

Синтаксисті оқытуда қолданылатын әдісі-тәсілдер.

b) меңгеру деңгейі

Синтаксисті оқытуда мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі.

c) таныстыру деңгейі.

Синтаксистік талдаудың толық түрі.



11.

Сөз тіркесін оқыту әдістемесі.

а) білім деңгейінде:

Сөз тіркесін оқыту әдістемесі.

b) меңгеру деңгейі

Сөз тіркесін оқытуда мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі.

c) таныстыру деңгейі

Етістікті тіркесті дамыту.



12.

Жай сөйлемді оқыту әдістемесі

а) білім деңгейінде:

Жай сөйлемнің өзіндік белгілері.

b) меңгеру деңгейі

Жай сөйлемнің түрлерін оқыту әдістемесі.

c) таныстыру деңгейі

Жақты, жақсыз сөйлемдерді салыстыра оқыту.



13.

Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.

а) білім деңгейінде:

Сөйлем мүшелері болудың шарттары.

b) меңгеру деңгейі:

Тұрлаулы мүшелерді оқыту әдістемесі.

c) таныстыру деңгейі

Тұрлаусыз мүшелерді оқыту әдістемесі.



14.

Құрмалас сөйлемді оқыту жолдары.

Пунктуацияны оқыту әдістемесі



а) білім деңгейінде:

Құрмалас сөйлемді мағыналарына қарай салыстыра оқыту

b) меңгеру деңгейі

Жасалу жолдарына қарай оқыту.

c) таныстыру деңгейі

Құрмалас сөйлемді жаңа иннвациялық технологиямен оқыту жолдары.

а) білім деңгейінде:

Пунктуацияны оқытуда берілетін ұғымдардың теориялық ережелері.

b) меңгеру деңгейі

Пунктуацияны меңгертудегі жаттығу жұмыстарын орындау әдісі.

c) таныстыру деңгейі

Пунктуацияны оқыту әдістемесі



15.

Мәтінді оқыту әдістемесі

Орфографияны оқыту әдістемесі.



а) білім деңгейінде:

Мәтіннің өзіндік белгілері.

b) меңгеру деңгейі

Мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесінің ерекшелігі.

c) таныстыру деңгейі

Ауызша, жазбаша мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері.

а) білім деңгейінде:

Сөздерді орфографиялық нормаларға сай қолдану.

b) меңгеру деңгейі

Орфографиялық сөздікті сабақта қолдану.

c) таныстыру деңгейі

Орфографияны оқыту әдістемесі




3 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді әдістемелері. – Алматы, 2000.-197б

2. Қабдықайыров К.К. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. – Алматы: РИК, 1999. – 102б.

3. Өмірбаева К. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды дамыта оқыту жолдары. Қазақстан мектебі. 2001./3. -32-34б.

4.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000.

5. Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану. А. , 1983

6.Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А. , 1979

7.Ә.Ишмұхамедов. Қызықты грамматика. А. , 1986

8.Ш.Сарыбаев Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері А. 1959.

9.Г.Уәйісова, Ә.Жұмабаева Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.1999.

10. Ғ.Қалиев, Н.Оралбаева, О.Төлегенов Қазаргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы. А., 1983.

11. Әр жылдардағы "Бастауыш мектеп", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Қазақстан мектебі" журналдарының басылымдары.

12.Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2- Г.Уәйісова, Жұмабаева, М.Солтанғазина сыныпА, Атамұра 1998.

13. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру

психологиясы. Алматы:Мектеп, 1983.

14. Айғабылов А. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері. Алматы, 1982.

15. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясының методикасы. Алматы:Мектеп, 1974.

16. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы:Санат, 1995.

17. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

18. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы: Ана тілі, 1999.



Қосымша әдебиеттер:

19. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

20. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы:Мектеп, 1982.

21. Беспалько В.И. Программированное обучение. М., 1970.

22. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1995.

23.Зельманова Л.М. Наглядность в преподавании русского языка. М.,1984.

24.Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы: Қазақ университеті, 1993.

25.Ишмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. Алматы, 1972, 1986.

26.Кәтембаева Б., Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы. Алматы: Мектеп, 1975.

27.Құлмағанбетова және т.б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1988.

28.Құлмағанбетова Б. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану. Алматы, 1983.

29.Құрманова Н.Ж. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі. Ақтобе, 1999.

30.Құрманова Н.Ж., Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2000.

31.Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы: Мектеп, 1979.

32.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991.

33.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары.А.,2001.



34.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту.А., 2001.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет