Қазақ әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушысы Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма Оқылатын шығарма тақырыбы: «Қыз Жібек»



Дата11.12.2021
өлшемі16,21 Kb.
#99429
Байланысты:
7 кл әдебиет бжб 1-тоқсан


Қазақ әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушысы ________________________

Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма
Оқылатын шығарма тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры , Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

Оқу мақсаты: 7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы: Оқиға желісін дамытып жазады. Өзіндік көзқарасын білдіреді



1-тапсырма. Жырда Жібектің бейнесі қандай көркемдегіш тәсілдер арқылы жасалған? Жібек бейнесін талдаңыз.

Қыз Жібектің дидары

Наурыздың ақша қарындай.

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай.

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай.

Білегінің мүсіні

Айбалтаның сабындай.

Атқан оқтай жылысып,

Ор қояндай ығысып.

Қылаң етіп, қылт етіп,

Сылаң етіп, сылт етіп,

Мықындары былқылдап,

Тау суындай құлтылдап,

Сүмбіледей жылтылдап,

Буындары былқылдап,

Айдынды туған Қыз Жібек

Отауға қарап жөнелді.

Дескриптор

Білім алушы

- жырдағы Жібек бейнесін сипаттаудағы ерекшелікті ажыратады;

- кейіпкерді сипаттаудағы көркемдегіш тәсілді анықтайды.


2-тапсырма. Күлтегін мен оның ағасының елді ел қылу үшін жасаған әрекеттерін анықтаңыз. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор.Білім алушы - Күлтегін мен оның ағасының ел үшін жасаған әрекеттерін анықтайды.




Бағалау критерийі

Тапсырма

Білім алушы

Балл

Кейіпкер бейнесін талдайды

Шығармадағы кӛркемдегіш құралдарды анықтайды.

№1

- жырдағы Жібек бейнесін сипаттаудағы ерекшелікті ажыратады;

- кейіпкерді сипаттаудағы көркемдегіш тәсілді анықтайды.



-жырдан мысал келтіреді

1
1
1

Кейіпкер бейнесін іс-әрекеті арқылы ашады

№2

Шығарманың идеясын табады

1

Жырдан мысал келтіреді

1
1

Күлтегін мен оның ағасының ел үшін жасаған әрекеттерін анықтайды.

Ойын жүйелі баяндайды

1

Барлығы







7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет