X-rays are electromagnetic waves that have wavelength shorter than 10-8 m.
Рентген сәулелерін 1895 жылы В.К.Рентген Вюрцбург университетінде профессор болып жүріп, зертханада катодтық сәулелерді зерттеп, тәжірибелер жүргізген. Кешке жұмыстан кетерде жарық сөндіргенде Рентген катодты-сәулелі түтіктің маңында жасылдау сәулелер жылтылдап тұрғанын байқайды.Түтік жарық өткізбейтін қара қағазға оралған еді. Сондықтан рентген электр тогы өткен кезде түтік мөлдір емес ортадан өте алатын белгісіз бір сәулелер шығарады деп шешті. Ол жаңа сәулелерді Х-сәулелер деп атады. Кейіннен Рентген белгісіз сәулелердің қасиеттерін жан-жақты тексерген. Сол кезде ол осы сәулелерді адам денесінің қандай да ағзасына түсірсе, фотопластинада оның қаңқасының кескіні қалатынын байқайды. Осылайша заманауи рентгенология мен рентген диагностикасының негізі қаланған еді.
1)Рентген сәулесін ашқан қай ғалым? а) Ньютон в) Максвелл с) Рентген д) Эйнштейн 2) Рентген сәулесін қай жылы ашты? а) 1805ж в) 1895ж с) 1896ж д) 1835ж 3) Рентген сәулесінің қолданысы қай жерде? а) медицинада в) құрылыста с) ауылшаруашылықта д) дұрыс жауабы жоқ 4) Рентген сәулесін қандай арнаулы қондырғыда аламыз? а) осциллограф в) сәулелік түтіктерде с) рентгендік түтіктерде д) камертон 5) Құймалардағы ақаулардағы, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т. б. қандай әдіске жатады? а) флюрография в) дефектоскопия с) томография д) сәулелік терапия 6) Рентген сәулесінің зияны бар ма? а) бар в) жоқ с)белгілі дәрежеде д) білмеймін 7) Рентген сәулесі қандай сәулелердің аралығында жатады? а) ультракүлгін мен гамма сәулелердің в) ультракүлгін мен инфрақызыл сәулелердің с) ультракүлгін мен ақ жарық сәулелердің д) инфрақызыл мен гамма сәулелердің