СТАНДАРТ Экскреторлық урографияға науқасты дайындау. Мақсаты:диагностикалық
Көрсетпе: бүйрек және зәр жолдарының аурулары.
Жабдықтау: 1. урографин немесе верографин, триомбраст
2. шприцтер, инелер
3. 30% тиосульфат натрий ерітіндісі
4. Эсмарх кружкасы
Қоршаған ортаның қаіпсіздігін қамтамасыз етуге бығытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету, керектігін түсіндіру және оның қауіпсіздігін айтып, психологиялық дайындық жүргізіңіз және өту барысын түсіндіріңіз.
2. 3 күн бұрын – қалдықсыз тағам тәртібі (ішті кептіретін тағам өнімдерін қолданбайды)
3. метеоризм болса дәрігер нұсқау бойынша карболен тағайындаңыз.
4. зерттеуден 18-20 сағат бұрын тамақ қабылдауды тоқтату керек.
5. 1 күн бұрын түсте дәрігердің нұсқау бойынша пациентке іш жүргізетін дәрі беріңіз, түстен кейін сұйықтықты қабылдауды шектеу керек.
6. кешке 22 сағатта және таңертен 1,5-2сағат зерттеуден бұрын тазалау клизманы қойыңыз.
7. зерттеу жүргізілетін күні дәрі және тамақ ішуге, темекі шегуге және иньекциялар жасауға болмайды.
8. зерттеу алдында пациентті қуығын босатуға сұраңыз.
9. рентген кабинетке апарыңыз.
10. дәрігер – рентгенолог бүйректің шолу графиясына түсіндіреді.
11. дәрігердің нұсқауы бойынша рентгенконтрасты дәрінің 20-40-60мл тамыр ішіне жай енгізіңіз.
12. рет-ретімен бірнеше рет бүйрек суретке түсіріледі.
Ескерту: Құрамында йоды бар рентгенконтрасты дәрілер кері әсер беруі мүмкін, кейде коллапс және шок дамиды. Сондықтан рентген кабинетінде жедел көмек көрсету үшін барлық қажетті заттар болу керек. Құрамында йоды бар рентгенконтрасты дәрілердің антидоты 30% тиосульфат натрий ерітіндісі болып табылады.