СТАНДАРТ
Науқасты колоноскопияға дайындау
Мақсаты: зерттеуге науқастың сапалы дайындығын қамтамасыз ету; тоқ ішектің жоғарғы бөлігінің шырышты қабатын визуальды қарау.
Әзірле: колоноскоп, Эсмарх кружкасы, леген, қайнаған су; фортранс; жаялық, ақжайма, судно, салфетка, резеңке қолғап, вазелин, шпатель, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс; колоноскопияға жолдама.
Колоноскопияны дәрігер жүргізеді, медбике көмектесіп тұрады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.
Дайындық ережесін бұзған жағдайда, қандай нәтиже болатыны жөнінде ескертіңіз.
Науқасқа зерттеу таңертең аш қарынға жүргізілетіні жөнінде айтыңыз.
Зерттеуден 2-3 күн бұрын метеоризм болдырмау мақсатында жел түзетін тағамды– көкөністер, жемістер, сүт, нан - шектеу керектігін ескертіңіз.
2 күн іш өткізетін дәрі тағайындалады (фортранс схема бойынша).
Зерттеу алдында кешке науқасқа 1,5 литр сумен тазалау клизмасын жүргізіңіз.
Таңертең зерттеу алдында 2 сағат бұрын тазалау клизмасын жасыңыз.
Белгіленген уақытта науқасты ауру тарихымен бірге эндоскопиялық кабинетке апарыңыз.
10.Зерттеуден кейін науқасты палатасына апарып, бақылаңыз.
Ескерту!
Тоқ ішектің нәжістен, сұйықтықтан және кілегейден босату – дайындықтың ең басты тапсырмасы, зерттеудің нәтижелі шешімін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |