Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Науқасты фиброгастродуоденоскопияға дайындау



бет99/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Науқасты фиброгастродуоденоскопияға дайындау
Мақсаты: зерттеуге науқастың сапалы дайындығын қамтамасыз ету; өңештің, асқазанның және он екі елі ішектің шырышты қабатын визуальды қарау.
Әзірле: стерильді гастроскоп, сүлгі; зерттеуге жолдама.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.

  3. Науқасқа зерттеу таңертең аш қарынға жүргізілетіні жөнінде айтыңыз. Ол таңертең су, ас, дәрі-дәрмек ішпеуі керек; темекі шекпеуі керек, тісін тазаламау керек.

  4. Науқастың кешкі 18-ге дейін жеңіл тағаммен тамақтануын, кешкі астан кейін науқас ештеңе ішіп-жемеуін қамтамасыз етіңіз.

  5. Зерттеу алдында бар болса алмалы-салмалы протезін шешіңіз.

  6. Науқасқа эндоскопия кезінде сөйлеуге және сілекейін жұтуға болмайтындығын ескертіңіз (науқас түкірігін сүлгіге немесе салфеткаға түкіруі керек).

  7. Науқасты сүлгімен, ауру тарихымен және жолдамамен бірге эндоскопиялық кабинетке апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін науқасты палатасына шығарып салыңыз, жұту актісі толық қалпына келгенше 1-1,5 сағат көлемінде ас қабылдамауын ескертіңіз.

Ескерту!

  • премедикация тері астына салынбайды, себебі зерттейтін ағзаның қалпын өзгертеді;

  • биопсияға материал алған кезде – науқасқа тағам тек салқын күйінде беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет