Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын, зерттеу кезінде мінез-құлық ережесі жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.
Науқасқа зерттеу таңертең аш қарынға жүргізілетіні жөнінде айтыңыз. Ол таңертең су, ас ішпеуі, темекі шекпеуі керек.
Зерттеу алдында алмалы-салмалы тістерін шешіңіз.
Зерттеу алдында қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.
Дәрігердің тағайындауымен кешке және таңертең жансыздандырудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен премедикация жүргізіңіз.
Дәрігердің тағайындауымен бронхоскоппен қараудан 15-45 минут бұрын премедикация жүргізіңіз.
Белгіленген уақытта науқасты сүлгімен, ауру тарихымен және жолдамамен бірге эндоскопиялық кабинетке апарыңыз.
Науқасты палатасына шығарып салыңыз, зерттеуден кейін 2 сағат ас ішуге, темекі шегуге болмайтындығын ескертіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |