Образцов Василий Парменович (1849-1920) – Киев терапиялық клиникасының меңгерушісі болды. Науқасқа терең пальпация жүргізу, кеуде мен құрсақ қуысына бір саусақпен ерекше пальпация жасауды енгізген талантты дәрігер. Образцовтың ғалым Н.Д.Стражескомен бірлесіптәж артериясының тромбозының клиникалық сипатын ашуы, оның миокард инфарктысын анықтауда негіз болатынын дәлелдеуі дұниежүзі ғалымдарына танытты.
Ланг Георгий Федорович(1875-1948) Ресейде ірі терапевтер мектебінің негізін салушылардың бірі. Алғаш Артериалды гипертония ауруының қан тамырлары жұмысының мидың қыртыс және қыртыс асты қабатының реттелетінін дәлелдеген, Гис шумағына клиникалық-анатомиялық зерттеулер жүргізген. «Миокард дистрофиясы» терминін алғаш енгізген, жүрек, қантамыр жүйесі ауруларының классификациясын жасаған.